Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек құқығының негізгі ұғымдары

16 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Тақырыбы: Еңбек құқығының негізгі ұғымдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға еңбек құғының негізгі ұғымдары туралы түсінік беру, ҚР “Еңбек туралы” Заңының кейбір баптарымен таныстыру
Дамытушылық: Оқушының еңбек ету мен еркін ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушы құқықтық саяси сауаттылығын көтеру мен білімділікке тәрбиелеу.
Құралдар: слайдтар, сызбалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта, сұрақ - жауап.
1) Ұйымдастыру кезеңі:
а) амандасу, қатынасын алу.
ә) оқушыны сабаққа бейімдеу.

2) Үй тапсырмасын сұрау.
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жаңа сабақтың жоспары:
1) Еркін еңбек ету құқығы.
2) Азаматтың демалу құқығы.
3) Жұмыссыздық
Еркін еңбек ету құқығы азаматтардың негізгі құқықтарының бірі болып табылады. Еңбек ету құқығы деп еңбекке қабілеті бар адамның өзіне ұнаған кәсіппен айналысып, өз еңбегінің жемісін көріп, өмір сүруге қажетті табыс табу құқығын айтады. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша “әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар”
Мемлекет еңбекке жарамды адамның еңбек етуіне, өзінің мүмкіндігі мен қалауы бойынша қолынан келетін кәсіппен айналысуына жағдай жасап отыруы тиіс. Еңбекке қабілеті бар азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін мемлекет органдары қажетті шаралар қолданады, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыратын арнайы органдар құрады

4) Жаңа тақырыпты бекіту
Тапсырма:
Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы” Заңының кейбір баптарымен таныстыруға болады:
1 - топ
1) Еңбек қатынастарын қандай нормативті актілер реттейді?
2) Еңбек шарты(контракт) деген не? ________________________________
3) Еңбек шарты нені қамтиды?______________________________________
4) Еңбек шартын бұзуға қажетті негіздер болып нелер саналады?________

2 - топ
1) Ұжымдық шарт деген не?__________________________________________
2) Жұмыс немен өлшенеді?____________________________________________
3) Қысқартылған жұмыс мөлшері деген не?_____________________________
4) Кәмелетке толмағандар үшін жұмыс уақыты қанша?__________________

3 - топ
1) Демалыс уақыты деген не?________________________________________
2) Еңбек жағдайы деген не?__________________________________________
3) Еңбек өтімі(стаж) деген не?________________________________________
4) Еңбек кітапшасы деген не? Онда не туралы жазылады?________________
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша жұмыстан бос уақытты адамның өз еркімен демалатын уақыты болып саналады.
Демалыс уақытында жұмыс аяқталғаннан келесі жұмыс күні басталғанға дейінгі уақыт, апталық демалыс күндері, Конституция бойынша белгіленген мейрам күндері, жылдық кезекті еңбек демалысы жатады.

Толық нұсқасын жүктеу
12 146
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бала құқығы – асыл қазына
Бала құқығы – асыл қазына
Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері және заңнамалық жағдайы
Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері және заңнамалық жағдайы
Нарық заманында еңбек қатынасының сауаттылығына, өз құқығының сақталуына, өзгенің құқықтарын құрметтеуге үйрету; Тәрбиелік: Еңбекке деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Өз құқығың жайлы көбірек біл жас дос!
Өз құқығың жайлы көбірек біл жас дос!
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылы тарих және құқық мұғалімі Әлкенова Гүлім Бақтыбайқызы
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
Баяндаманы дайындаған педагог ұйымдастырушы Г. Әжібаева «Бейнеу лицейі» ММ
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
№215 орта мектебі, Қызылорда қаласы, Құқық негіздері пәні мұғалімі: Лаура Абитова
Еңбек пен бақыт егіз
Еңбек пен бақыт егіз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №216 орта мектептің еңбек пәні мұғалімі Медеубаева Орманкүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×