Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері және заңнамалық жағдайы

10 маусым 2016, Жұма
Категориясы: Тарих
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Маңғыстау гуманитарлық колледжінің
әлеуметтік - экономикалық пәндер оқытушысы
Матжанова Айзада Бауржановна

Құқық негіздері
Сабақтың тақырыбы: Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері және заңнамалық жағдайы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының Еңбек құқығының мәнің терең түсіну;
Дамытушылық: Нарық заманында еңбек қатынасының сауаттылығына, өз құқығының сақталуына, өзгенің құқықтарын құрметтеуге үйрету;
Тәрбиелік: Еңбекке деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, постер, слайдтар.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, сыни тұрғыдан ойлау, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Студенттермен сәлемдесу, оларды сабаққа дайындау.
2. Кабинет тазалығына мән беру.
3. Студенттерді топқа бөлу (І топ. Сенат, ІІ топ. Мәжіліс).
4. Үй тапсырмасын сұрау.

Сабақ барысының кезеңдері

І. Викториналық сұрақтар
ІІ. Шығармашылық жұмыс (Кластер қорғау)
ІІІ. Әрекет – қабілеттілік пирамидасы
ІV. Сөзжұмбақ шешу
V. Жаңа сабақ
VІ. Қорытындылау

І. Үй тапсырмасын тексеру. Викториналық сұрақтар
І топ. «Сенат»
1. Сот төрелігінің құдайы Фемиданың қолындағы құралдар? (қылыш пен таразы)
2. «Жасасын біздің сот – әлемдегі ең ізгілікті сот!» деп кейіпкерлердің бірі айқай салатын фильм.(Кавказдық тұтқын қыз)
3. «Жеті жарғы» арқылы өлім жазасы берілген қылмыс. (әйелді зорлау)
4. Жұмыс күнінің 20 % - ын сот істерін қарауға арнайтын маман. (судья)
5. Қазіргі уақытта әлемнің 35 елінде заң жүзінде алынған, ал 217 елде соңғы 10 жылда мүлдем қолданылмаған жаза.(өлім жазасы)
6. Сот процесінде ең соңғы сөзді сөйлейтін адам?(айыпталушы)
7. Айыптының қылмысқа қатысы жоқтығын дәлелдейтін акті. (ақтау үкімі)
8. Жазаны жеңілдету қағидасы. (гуманизм)
9. Қазақ қоғамында кісі өлтіруге қандай жаза қолданылады? (құн төлеу)
10. Қылмыс барысында зардап шеккен адам. (жәбірленуші)

ІІ топ «Мәжіліс»
1. ҚР – ның ҚК – де белгіленген жазаның ең ұзақ мерзімі. (30 жыл)
2. Соттың айыптау үкімі шыққан адам? (сотталушы)
3. Соттың үкімін орындайтын лауазымды тұлға. (сот орындаушысы)
4. Соттың үкімі күшіне енетін мерзім. (үкімде көрсетілген мерзім)
5. Қылмыстық істі қозғаудың негізі. (қылмыстың жасалуы)
6. Лаңкестік қылмысы үшін жауапкершілік басталатын жас. (14 жас)
7. Қылмыс туралы заттай дәлелдемелерді ашумен айналысатын ғылым. (криминалистика)
8. Арнайы білімді талап ететін мәселені зерттеуші. (сарапшы, эксперт)
9. Оқиғаның барысын, нәтижесін куәландыру үшін тергеу әрекетіне қатысатын адам. (куәгер)
10. Іске қатысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария ететін тұлға. (куә)

ІІ. Шығармашылық жұмыс. «Кластер құру» әдісі
І топ. «Конституция»
«Конституция»

Латын тілінен аударғанда «бекіту», « орнату»
1995 жылы 30 тамызда қабылданды
Ата заң
9 бөлім 98 баптан тұрады
Шағын кітапша
Құндылығымыз

ІІ топ. «Әкімшілік құқық»
«Әкімшілік құқық»

Құқық
Екі тарап қатысады
Жауапкершілікті талап етеді
Құқықбұзушылық

ІІІ. «Әрекет – қабілеттілік пирамидасы»
40 жас - Президент
30 жас - Сенат депутаты
25 жас – Мәжіліс, полиция, сот
20 жас - Маслихат депутаты
18 жас - Сайлау, үйлену құқығы
17 жас - Өсиет жазу құқығы
16 жас - Төлқұжат, еңбек ету құқығы, қылмыстың барлық түрлері бойынша жауапқа тартылу
15 жас - Жұмыс істеу (рұқсатпен)
14 жас - Қылмыстық ісі үшін жауапқа тартылу, еңбекақыға иелік ету
10 жас - Асырап алуға, қорғаныш болуға келісім беру, ата - аналардың бірімен тұруына таңдау құқығы
6 - 7 жас - Тұрмыстық келісім шаралар, мектепке оқуға баруға құқық
0 жас - Туу, құқық қабілеттілікке ие болу

«Өз құқығыңды біл!»

ІV. Сөзжұмбақ шешу

V. Жаңа сабақ
Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты - жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасындағы қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.
Құқықтық еңбек қатынастарының мынадай ерекше белгілері бар:
Қызметкер нақты бір ұйымның еңбек ұжымына мүше болып кіреді.
Қызметкерлердің еңбек ұжымына кіруі ерекше заңды фактінің көмегімен жүзеге асырылады.
Қызметкер өзі жұмыс істейтін ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынуға міндетті.
Қызметкердің кәсібіне, мамандығына, біліктілігіне сай еңбек міндетін атқару еңбек қатынастарының мазмұны болып табылады.
Қызметкердің құқықтары мен міндеттері:
1. Еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға.
2. Жұмыс берушіден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге.
3. Еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға.
4. Еңбек шартының, ұжымдық еңбек шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы алуға.
5. Бос тұрып қалу үшін заңға сәйкес ақы алуға.
6. Тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына.
7. Кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және өзінің біліктілігін арттыруға.
8. Еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге.
9. Кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне.
10. Өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға.
11. Бірдей еңбегі үшін қандай да болмасын кемсітусіз бірдей ақы алуға.
12. Еңбек дауын шешу үшін таңдауы бойынша келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге.
13. Өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшыны немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға.
14. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы іс - әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға.

Қызметкер:
1. Еңбек міндеттерін шартқа сәйкес орындауға.
2. Еңбек тәртібін сақтауға.
3. Жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға.
4. Жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға.
5. Адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай – ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға.
6. Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге.
7. Жұмыс берушіге келтірілген зиянды өтеуге міндетті.
Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері:
1. Жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне.
2. Қызметкермен еңбек шартын негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға.
3. Өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқығы бар.
4. Қызметкерлерден еңбек шартының орындалуын талап етуге.
5. Қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, қызметкерлерді материялдық жауапкершілікке тартуға.
6. Еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің келтірген зиянын өтетуге.
7. Еңбек саласында өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге.
8. Қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге.
9. Егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, қызметкерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтеуге құқығы бар.
Жеке еңбек шарты:
Белгісіз мерзімге.
Бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.
Еңбек шартын тоқтату негіздері.
1. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу.
2. Еңбек шарты мерзімінің аяқталуы.
3. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу.
4. Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу.
5. Тараптардың еркінен тыс мән – жайлар.
6. Қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы.
Еңбектің барысында адамдар арасында еңбек қатынастары қалыптасады.
Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыру жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.

VІ. Қорытындылау
YII. Бағалау

Слайдын жүктеу
8 935
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салық құқығы
Салық құқығы
Салық адамзатқа ерте заманнан белгілі. Кімнің өз меншігінен айрылғысы келеді, сондықтан салық төлеу мәселесі әрқашан наразылық тудырып отырған.
Құқықтық сана осыдан туындаған
Құқықтық сана осыдан туындаған
Азат ел құқығының асқарлары Белгілі Ата Заңмен басталғаны. Бұл күнде мерейтойлық тарихы бар, Жиырма жыл жұрт пікірі қошталғалы.
Еңбек құқығының негізгі ұғымдары
Еңбек құқығының негізгі ұғымдары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 жалпы білім беретін орта мектептің құқықтану пәні мұғалімі Исболсынова Света
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
№215 орта мектебі, Қызылорда қаласы, Құқық негіздері пәні мұғалімі: Лаура Абитова
Бала құқықтары мен міндеттері
Бала құқықтары мен міндеттері
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×