Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақтар

14 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
«Қостанай қала әкімдігі білім бөлімінің
№5 орта мектебі» ММ
Кокеева Амангүл Сабыржанқызы

Сабақтың тақырыбы: «Сақтар»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні: Ежелгі Қазақстан аумағында мекендеген сақ тайпаларының аймағы және өмір тіршілігі мен шаруашылығы, сақ қоғамындағы басқару ісі және өз тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі және мәдениеті туралы алған білімдерін жүйелеу, нақтылау, қорытындылау.
Дамытушылық мәні:Оқушылардың сақтар туралы алған білімдерін одан әрі жетілдіріп және ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік мәні:"Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз"- дегендей өз Отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отаншылдыққа, мемлекетті және тәуелсіздікті сүюге, ұлтжандылыққа тарихи тұлғалардың ерлік ісі негізінде тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:карта, суреттер, сызба.
Сабақтың түрі: Қайталау - жинақтау.
Сабақтың әдісі: Сүрақ - жауап, картамен, әңгімелесу, суретпен, тестпен жұмыс, интерактивті тақтаны қолдану.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу
- Түгендеу
Жоспар: - Ал енді бүгін сабақтың жұмыс жоспарымен танысайық :
1. Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы
2. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
3. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
4. Сақтардың мәдениеті
5. Қорытынды тест
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру
Қайталау сабақ:
мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бірегей халықпыз бір қара тамыр,
Сақтардан басталады ата дәуір.
Қаны мен жанын берген туған жерге,
Бар қазақ бір-біріне туыс бауыр.
Деп осы өлең жолымен бүгінгі сабағымызды сақтар жерлеріне саяхат жасаудан бастаймыз.

Ой шақыру стратегиясы:
Оқушылар сақтар туралы өз ойларын тездетіп айтып шығады. Деректерді рет-ретімен қою:
Оқушылар деректерді атап орын-орнына қояды.
Ирандықтарда -------------------- жүйрік атты турлар
Грек деректерінде --------------- азиялық скифтер
Парсы деректерінде ------------ құдіретті еркектер

Сызбамен жұмыс:
Оқушылар сақтарды басқаша қалай атағанын және қай жерде мекендегенін айтып береді.
Шошақ бөрік киіп жүретін сақтар (тиграхауда) ----------Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу
Теңіздің арғы жағындағы сақтар (Парадарайа) ------------Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңы, Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы
Хаома сусынын дайындайтын сақтар (Хаумаварга)------------Мургаб аңғары

Карта мен жұмыс: Сақтардың мекендеген жерлерін көрсету
Сызба арқылы түсіндіру. Бұл сызба арқылы оқушылар сақ қоғамы неше топтан тұрғанын және олар қандай түсті киім кигендерін, сонымен қатар басқа елдер қалай атағанын атап кету.
Сақ қоғамын атап кету:

Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы
Жауынгерлер
Абыздар
Малшылар мен егіншілер
Ратайштар---------------------Тостаған---------------------------Сегізаяқты

Қызыл --------------------------ақ ----------------------------------сары мен көк
Сақтардың шаруашылығы: Оқушылардан сақтар қандай шаруашылықпен айналысқанын және сонымен катар тағы қандай шаруашылықпен айналысты.
Сақтардың негізгі шаруашылығы: Көшпелі мал шаруашылығы және егіншілікпен

Оқушылармен мына суретке қарап отырып әңгімелесу.
Төрт түлік малдан алатын пайдалы жағы және не үшін пайдалы екенін айту және малдан алатын пайдалы жағын әр малға апарып қою.

Сақтардың тәуелсіздігі үшін күреске қатысқандар кімдер?
Оқушылар сақтардың тәуелсіздігі үшін қатысқан адамдардың есімін атап суретін көрсете отырып, қозғау арқылы апарады. Қатысқандар үстінде қалады, қатыспағандар астында қалады.
Ой жинақтау: Томиристің бойындағы жеке қасиеті
Сақ шеберлері жасаған заттарында қандай бейнелерді өрнектеді? Олар қандай мән-мағынаны бере білді.

Сұрақтарға жауап беру:
Шірік-Рабат - б. з. б. 4 - б. з -дың 13 ғасырларына жататын ежелгі қалашық
1. Қала қай тайпалардың астанасы болған?
2. Қалай қорғаған?
3. Қала бөліктерін ата.
«Алтын киімді адамға»сипаттама: бойы-165см, 17-18 жастағы сақ ханзадасы –киімі алтыннан жасалған
Абыз- бас киімі
Жауынгер- қасында семсер, қанжар
Малшы –қамшы табылған.

Қазақстаннан табылған алтын адам. Қазақстан мен Алтайдың шекаралас Локоть жерінде 1997 жылы “Алтын адам” табылған.
Оның киімі сақтарға тән “аңдық стильде “ және алтыннан жасалған.
Тест қорытынды:
1. Қазақстанда ең алғашқы пайда болған тайпалық одақтар қалай аталады?
А. Ғұндар В. Үйсіндер С. Қаңлылар Д. Сақтар Е. Түркілер
2. Мына тайпалардың қайсысы "Азиялық скифтер"атына ие болды?
А. Қаңлылар В. Сақтар С. Монғолдар Д. Түріктер Е. Үйсіндер
3. Иран жазбалары сақтарды:
А. "Дала скифтері" В. "Азиялық скифтер" С. "Күймелер" Д. "Көшпелілер" Е. "Жүйрік атты турлар" деп атайды.
4. Қай сақ тайпалары Жетісуды мекендеді?
А. Массагеттер В. Хаомоварга С. Тиграхауда Д. Апасиактар Е. Аримаспалар
5. Сақ тайпаларының бірі массагеттер жайлы жазған грек тарихшысы:
А. Страбон В. Диоген С. Птоломей Д. Геродот Е. Аристотель
6. Сақ тайпалар одағының жоғарғы билеушісінің титулын атаңыз:
А. Патша В. Қаған С. Хан Д. Елтебер Е. Гурхан
7. Сақ қорғанынан "Алтын адамды" археологтар қашан тапты?
А. 1979ж. В. 1950ж. С. 1940ж. Д. 1969ж. Е. 1989ж.
8. Б. з. д VI ғ. сақ тайпалары кімдермен соғысты?
А. Ғұндармен В. Славяндармен С. Монғолдармен Д. Парсылармен Е. Аландармен
9. Парсылармен соғыста сақ малшысы ерлік жасады.
А. Рүстем В. Фадлан С. Эсхат Д. Шырақ Е. Камбиз
10. Сақтарға қарсы соғыста жеңіліп, өлтірілген парсы патшасы кім?
А. Дарий В. Камбис С. Полиэн Д. Ксерк Е. Кир

Бағалау:
Үйге тапсырма:
Томириске және Шырақтың жасаған ерлігіне шағың эссе жазып келу.
Тестке дайындалып келу

Пайдаланған әдебиеттер:
1)Ежелгі Қазақстан тарихы. Т. С Садықов, Ғ Төлеубаев, Алматы «Ата мұра» 6-ші сынып 2006 ж.
2)Қазақстан тарихы «Очерктер» Алматы «Дәуір» баспасы 1994 ж.
3)Ежелгі Қазақстан тарихы К. М. Байпақов Алматы «Рауан»1998ж. 6-ші сынып.
4)интернет «Google» іздеу жүйесі
14 975
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (Қайталау)
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық бірлестіктер мен ежелгі мемлекеттер (Қайталау)
Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпалардың тарихы, тұрмыс - тіршілігі, мәдениеті жайында алған білімдерін тереңдету.
Сақ қорғандары
Сақ қорғандары
Адамдардың қоғамдық қатынастардың өзгеруіне, бұл кезеңнің зерттеген мәдени ескерткіштеріне тоқталу;
Сақтар тарауы бойынша қайталау сабағы
Сақтар тарауы бойынша қайталау сабағы
Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша сұрақтар беру, сақтардың жеріне басқа халықтардың шабуылы, олардың қажырлы азаттық күресіне себеп болғандығын түсіндіру.
Сақтардың тарихы, мекендеген жері, қоғамдық құрылысы
Сақтардың тарихы, мекендеген жері, қоғамдық құрылысы
Қазақ халқының ата - тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі және олардың шығу тегі және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.
Сақтар
Сақтар
Ю. А. Гагарин атындағы мектеп Тарих пәні мұғалімі: Сүлейменова Әсел Болатқызы
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Толегенова Мончак
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×