Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақтардың әлеуметтік - қоғамдық құрылысы, идеологиясы

10 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихынан қысқа мерзімді жоспар /ашық сабақ/

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың әлеуметтік - қоғамдық құрылысы, идеологиясы
Мақсаты: Бірлесе оқи отырып тақырыптың мәнін ұғыну, сақтардың идеологиялық түсініктерін зерттеу, талдау, тарихи құндылықтарымызды құрметтеуге тәрбиелеу
Міндеттер:- Сыни ойлау дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру
- Талантты, дарынды оқушыларды анықтау
- Өз ойларын жүйелеуге үйрету, ақпаратты талдай білу
Күтілетін нәтиже: Ұсынылған тақырыпты түсінеді, деңгейлік сұрақтарды талдай алады, жеке ерекшеліктері анықталады, ақпаратты сыни тұрғыда
Түйінді идея: Сақтар - біздің жеріміздегі өзіндік ойлары мен қоғамдық саналары қалыптасқан алғашқы тайпалық бірлестік
Ресурстар: оқулық, интербелсенді тақта, түрлі - түсті маркерлер, үлестірме қағаздар, фото суреттер

Кіріспе: Оқушылармен амандасу, "Қалайсыз...?" тренингі. Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы
Білу:"Таза тақта" әдісі бойынша өтілген тақырыпты пысықтау. Терминдер арқылы топқа бөлу
Жаңа материалдың таныстырылымы:
Түсіну: Жаңа сабақтың не туралы болатынын айқындау үшін сөзжұмбақпен жұмыс.
1. Сақтарға гректердің берген атауы? /скиф/
2. Теңіздің арғы жағындағы сақтар? /парадарайя/
3. Сақтар туралы көп еңбек қалдырған грек тарихшысы? Герадот/
4. Әмудария мен Мұғраб өзендері жағалауын қоныстанған сақтар? /Хаомаварга/
5. Алтайдағы патша қорғандары? Шілікті/
6. “ Күрекпен қаруланған” ғылым? /археология/
7. “Скиф үштігінің “ бірі? /жүген/
8. "Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмектеседі“ – деп баяндайтын грек авторы? /Ктесий/
9. Грек жазба деректерінде хаомаварга сақтарды тағы қалай атаған? /амюргия/

Қолдану: тақырыпты бірлесе оқиды, өз топтарында талқылайды. Сұрақ: тақырыпта не туралы айтылған, мазмұны неде?

Талдау: Әр топқа конверт таңдау арқылы жаңа сабақ бойынша талдау сұрақтары беріледі
1. Сақтардың әлеуметтік - қоғамдық құрылысы туралы
2. Сақ қоғамындағы мола - обалардың әлеуметтік жіктелісі
3. Сақтардың идеологиясы
4. Сақтар дүниетанымындағы үштік дегенді қалай түсінесіздер? /Әр топ өздеріне түскен сұрақты талдайды, қарсы топтар бір - біріне сұрақ береді/
Қосымша деңгейлік тапсырмалар: "Суретті сөйлет" зерттеу әдісі. Конверт арқылы жасырылған суретті таңдайды, топ болып берілген суретті сөйлет

Топтық тапсырма: Жұмбақ шешейік: Қадам бас алға сүрінбей,
Болашақ кілті – білімде.
Қандай мағына береді
“Сақ” сөзі парсы тілінде? («құдіретті еркектер»)
2 - ұяшық: Арайлап таңы атады,
Маужырап күні батады.
Түйе сүтін балмен тең,
Сақтар қалай атады? (Шұбат)

3 - ұяшық: Басынан кешкен шақтарды
Тарихшы тізіп ақтарды
Кімдер деп тағы атады
Грек Геродот сақтарды? (“массагеттер”)
4 - ұяшық: Білімді алтынға теңедік,
Достарға ашық, кең едік.
Әйгілі сусын жасаушы,
Сақтарды кімдер деп едік? («Хаумаварга»)
5 - ұяшық: Ағаға тыныс іні еді,
Тарих өткеннің үні еді.
Сақ әйелінің ерлігін
Сипаттап берген кім еді? («Ктесий»)
6 - ұяшық: Көгенге құлын байлады,
Бес қаруды да сайлады.
Айтып берші, қай сақтар,
Арал мен Сырды жайлады? («Парадарайа»)

Жинақтау: "Бес саусақ" әдісі бойынша тақырыпты, алған білімдерін пысықтайды. 1. көңіл күйің, 2. сабақтағы есіңде қалған мәлімет, 3. сен үшін жаңалық болған ақпарат, 4. сабақ туралы пікірің, 5. өзіңе баға қою
Бағалау: " Теңгемді сыйлаймын" әдісі бойынша формативті бағалау/ақша банкноттары арқылы әр топ бір - бірін бағалайды/

Сабақты талқылау /рефлексия/

Не сәтті өтті? Оқушылар күннен - күнге бірлесе жұмыс жасауға қалыптасып келеді. Тақырыптың негізгі түйінін өз беттерінше аша алды. Топта еркін жұмыстанды, сыни сұрақтарға толық жауап бере алды.

Не сәтсіз өтті? Блум әдісі жақсы, дегенмен уақыт тапшы болып қалды.

Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді? Ойлауға, пікірлерін еркін жеткізуге машықтандыруды жетілдіре түсу керек.
РЕФЛЕКСИЯ:
10 класта Сақтардың идеологиясы тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақты блум жүйесіне құрып, дайындадым. Оқушыларға түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру арқылы сабақ мазмұнын өздері ашуға бағытталды. Сабақ қысқаша амандасу, топқа бөлінумен басталды. "Таза тақта" ойыны арқылы өтілген тақырыпты пысықтадық, содан соң жаңа сабақ тақырыбын ашу үшін сөзжұмбақ шешуден басталды. Бұл кезеңде топтар бірлесе жұмыла сөздерді шешуге атсалысты. Содан соң берілген сұрақтар бойынша топтар оқулықпен жұмыстанды, талқылады. Деңгейлік сұрақтар барысында топтағы талантты, дарынды оқушылар анық айқындалды. Және ол оқушылардың көшбасшылық қабілеттері де аңғарылды. Өйткені күрделі сұрақтар берілген болатын. Оқушылар сақтар туралы білімдерін естеріне түсіре отырып, қойылған сұрақтар бойынша білімдерін жақсы көрсетті. Оқулықтан тыс та тапсырмалар бердім: "Суретті сөйлет" тапсырмасында әр топ өздеріне берілген суретті сақ қоғамы, идеологиясына байланыстыра айтып жеткізді. Жалпы алғанда сабақ өз көңілімнен шықты, себебі оқушылар тақырыпты толық меңгерді, берілген тапсырмаларды орындай отырып бірлесе жұмыс жасады. "Бес саусақ " әдісі арқылы сабақ қорытындыланды, өздерін - өздері бағалады. Блум тәсілімен сабақты жоспарлау, өткізу жақсы, тек кейде уақыт тапшы болып қалады.
3 474
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап әскери демократиялық пайда болу ерекшеліктеріне тоқталу, ерікті қауым мүшелерін тәуелді адамдарға айналдыру, таптар мен мемлекеттің қалыптасуы.
Сақ қорғандары
Сақ қорғандары
Адамдардың қоғамдық қатынастардың өзгеруіне, бұл кезеңнің зерттеген мәдени ескерткіштеріне тоқталу;
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Сақтардың мекендеген орны. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген орны. Сақ қоғамы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 7 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Епенова Самал
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Сақтардың қоғамдық құрылысы
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі Темирова Бақытгүл Акимадиновна
Қазақстан территориясындағы тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттердің қоғамдық құрылысы
Қазақстан территориясындағы тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттердің қоғамдық құрылысы
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі Темирова Бақытгүл Акимадиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×