Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Саяси қуғын - сүргін және халықтар депортациясы

21 ақпан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Саяси қуғын - сүргін және халықтар депортациясы
Мақсаты: 1. Қазақстанның көпұлтты мемлекет болуына әсер еткен тарихи жайлы оқушылар білімін тереңдету
2. Оқушылардың сол кезеңдердегі жүргізілген саясат туралы өз көзқарастарын, өз пікірлерін айта білу дағдыларын дамыту
3. Еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым - қатынасты құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: ҚР саяси - әкімшілік картасы, тірек сызба
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Шығармашылық ізденіс, ойлауды дамыту, пікірталас, талқылау

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс. Үйге берілген тапсырма тақырыпқа сәйкес қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғаларға сәйкес көркем әдебиет, тарихи құжаттардан қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғалары жөнінде мәліметтер жинақтау. Талдау барысында мынадай сұрақтар қою:
- Қазақстанда 20 - жылдардағы демографиялық ахуал қандай болды?
- Қазақстан жеріне қандай ұлттар, қай кезеңнен бастап қоныстана бастады?
- Қазақстан лагерлерьлдер өлкесі деп неліктен аталды?
- Көші - қон саясатының қазақ халқының демографиясына тигізген әсері және оның зардаптары қандай болды?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Елден қуудың басталуы.
2. Ұлы Отан соғысы кезіндегі елден қуу саясаты.
3. Тың және тыңайған жерлерді игерудің демографияға әсері
4. Тәуелсіз Қазақстанның демографиялық жағдайы.
5. «Қазақ тілі» қоғамы және «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы»

1. Елден қуу деген ұғымның мәнін ашып көрсету, сол жөнінде мағұлмат беру
Елден қуу дегеніміз (депортация)— белгілі бір адамдар тобын немесе халықтарды жаза ретінде туған жерінен басқа өлкеге жер аудару. Бұл саясат соғысқа дейін - ақ қолданылды. Сөйтіп Қазақстан 30 - жылдары қуылған халықтардың өлкесіне айналды. Қазақстанға елінен қуылған халықтарды жаппай қоныстандыру 1937 жылдан басталды.
Картамен жұмыс. Қазақстанға жер аударылған халықтардың тарихи Отандары:
- поляктар шекаралық аймақтарды
- кәрістер тазарту үшін
- немістер сенімсіз халықтар қатарына
- эстондар, латыштар, литвандар, жатқызылды
- молдавандар, күрдтер, түріктер,
- гректер, ассириялықтар, ирандықтар
3. Оқулықтан осы жер аударылған халықтардың құқықтары қалай бұзылғаны туралы мәліметтерді тапқызып, талдату
- күштеп жер аударды
- кейбір ұлттық мемлекеттік автономиялық құрылымдарды жойды
- жеке ұлттарға қарсы бағытталды
- азаматтық құқықтарына шектеу қойылды
- шахталарда, құрылыста, қорғаныс өнеркәсіптерінде, ағаш даярлау орындарында, еңбек қоныстарында тұтқындар сияқты ұсталды.

4. Ұлы Отан соғысы кезіндегі көші - қон саясатының бағыттары:

1. Соғыс жылдарында тылға зауыт - 2. 1943 жылы уақытша немістердің қол фабрикалармен бірге көшірілген астында болған Солтүстік Кавказ бен
адамдар Қырым аймағындағы аз ұлттарды жаппай жазалау нәтижесінде күштеп жер аудару: қарашайлар, шешендер, ингуштар, балкарлар, күрдтер.
5. Тың және тыңайған жерлерді игерудің демографияға әсерін анықтату
Елдің түкпір - түкпірінен 600 - мыңнан астам адам, 102 ұлт өкілі келген.
6. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жүргізіп жатқан саясаты туралы мәліметтер беру.
1992 жылы Жоғарғы Кеңесте қабылданып, 1993 жылдан бастап күшіне енген «Көші - қон» саясаты.
«Қазақ тілі» қоғамы
«Қазақстан халықтары Ассамблеясы»
Қазақстан халықтары Ассамблеясының қандай жұмыстар жүргізетіндіктерін сұрау, оқушылар жауаптарын толықтыру. Тірек сызба қолдану елдегі ұлттық келісім мен саяси тұрақтылықтың сақталуына ықпал етеді; әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым - қатынасты нығайтады;
әр түрлі ұлттардың рухани - мәдени жағынан қайта өркендеуі мен дамуына, азаматтардың демократиялық нормаларға негізделген саяси мәдениетін
қалыптастыруға әсерін тигізетін ұсыныстарды әзірлейді.

7. Өз тұрғыңды білдір.
- Мемлекеттік тіліміздің қоғамдағы алатын орны қандай дәрежеде? - деген сұрақ төңірегінде пікір алмасу
Қазақ ұлтының болашақ даму жолында мемлекеттік тілдің – қазақ тілінің қазіргі таңда ең негізгі мәселе екенін нақтылау.

ІV. Сабақты қорытындылау.
- Қазақстанның көп ұлт өкілдері мекендеген мемлекет болуына қандай жағдайлар себеп болды?
- Елден қуу дегеніміз не?
- Ұлы Отан соғысы кезінде қандай демографиялық ахуал қалыптасты?

V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма. 23. Саяси қуғын - сүргін және халықтарды елінен қуу саясаты туралы қосымша мәліметтер жинақтау.

Орал қаласы
Кешкі ауысымды жалпы орта білім беретін мектеп
Тарих пәнінің мұғалімі Китанов Берік Қуанышұлы
Саяси қуғын - сүргін және халықтар депортациясы жүктеу
2 349
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Иә, қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі тұрған еді.
Қуғын - сүргін құрбандары
Қуғын - сүргін құрбандары
Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерлерінің тарихына шолу жасау.
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Ақиқатқа айналған ата - баба арманы
31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған тәрбиелік шара Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ақиқатқа айналған ата - баба арманы» атты тарихи
Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңінде
Саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Қызылорда қаласы, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Ибраева Нағима Нұрмұратқызы
Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы  қоғамдық-саяси жағдайы
Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицейі тарих-құқық пәнінің мұғалімі: Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×