Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы

16 мам 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Тақырып:
Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы Ұлт-азаттық күресі

Сабақтың мақсаты:
 Білім алушылардың қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі туралы алған білімдерін жинақтау, қосымша материалдар іздеуге, танымдық қабілетін арттыруға дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту, оқиғаға талдау жасай білуге, басқаның ой-пікірін тыңдауға үйрету.
 Тәрбиелік: Ұлтын, жерін сүюге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың жабдықтары: ҚР - ң картасы, оқулық, буклет, сөз жұмбақ, слайд.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2.Топты түгелдеу, топтың назарын сабаққа аудару
Кіріспе сөз: ХҮІІІ-ХІХ ғ. Қазақ халқы сыртқы жауларға қарсы үздіксіз күрес жүргізіп келді. Ұлт-азаттық қозғалысының басты мақсаты - ұлтты езгіден азат ету, ұлттың мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Қазақ елінің Ресей империясының құрамына кіргеннен бергі уақыттағы ұлт-азаттық күресін мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
Бірінші кезең: ХҮІІІ ғ. соңымен ХІХ ғ. екінші жартысын қамтитын отарлық езгіге қарсы қалың бұқара атсалысқан азаттық қозғалысының алғашқы кезеңінде билеуші әлеуметтік топ жетекші роль атқарды. Көтеріліс басшылары: Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы.
Екінші кезең: Заман талабына сай қабілетін көрсете білген әлеуметтік күш ұлт зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы бастаған топ келді. 1916 ж. көтеріліс, 1917 ж. Алаш партиясының өмірге келуі, Түркістан және Алаш автономияларын құру туралы шешімдердің қабылдануы азаттық үшін күресудің нәтижелері болды. Олардың ұстанымы: қазақ жерінің тұтастығын сақтау, ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру, ана тіліне негізделген білім жүйесін қалыптастыру болды.
Үшінші кезең: Кеңестік билік жағдайында жүрді. Азаттық үшін күрестің қайраткерлері: Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев және т.б. Шетелдік эмиграция күшімен азаттық үшін күрес жүргізушілердің ең ірі өкілі М.Шоқай болды. 01929-1932 жж. ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілісі, 1959 ж. Теміртаудағы жұмысшылар толқулары, 1979 ж. Целиноградта болған оқиғалар орталық органдарының саясатына қарсылықтың бірі еді. 1986 ж. Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының тәуелсіздік үшін жүргізген ғасырлар бойғы күресін аяқтады.
Бүгінгі сабақта: «Біз не білгіміз келеді?»
Жоспар:
 «Бәйге» (шарты:сұраққа тез жауап беру).
 «Хронология» (болған оқиғаның жылын анықтау).
 «Мені түсін» (шарты: топ болып сөздерді кім айтқанын табу).
 Карточкамен жұмыс (шарты: екі топтың бір –біріне сұрақтары)
 Есеппен жұмыс:
 «Көкпар» (Қазақстанның қазіргі және өткен тарихынан сұрақтар)
 Сөз жұмбақ (екі топқа).
 Қорытынды
Бүгінгі сабақта: Біз не білдік?
Бірінші кезең. Бәйге
1топ сұрақтары:
1. Орта жүзде хандық биліктің жойылуына, Орта жүзде округтердің құрылуына қарсылық білдірген көтеріліс басшысы Абылайдың ұрпағын атаңыз ? (Кенесары)
2. ХІХ ғ.30 жылдарында Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында болған көтерілістің басшылары? (Исатай мен Махамбет)
3. Кенесары қолына келіп қосылған, кіші жүздің биі? (Жоламан Тіленшіұлы)
4. Кенесары көтерілісіне қатысып, кейін патша үкіметінің және Хиуа және Қоқан езгісіне қарсы Сыр бойындағы қазақтар көтерілісіне басшылық жасаған батыр? (Жанқожа батыр)
5. ХІХ ғ. 70-ші ж. болған Орал, Торғай көтерілісінен Маңғыстау көтерілісінің айырмашылығы? (тұңғыш рет жалдамалы жұмысшылардың қатысуы)
БӘЙГЕ
1. Аякөз, Аңырақай, Бұланты, Орбұлақ шайқастарының сипаты? (ұлт - азаттық)
2. 1916 ж. көтеріліске шыққандардың бірінші кезекте атқарған іс–әрекеті? (Отарлауға дейінгі басқару жүйесін қалыпқа келтіру)
3. «Кенесары –Наурызбай» дастанының авторы. (Нысанбай жырау)
4. 1916 ж көтерілістің ірі ошағы болған (Қарқара)
5. Кіші жүзде болған көтерілістің басшысын атаңыз? (Сырым Датұлы)
2 топ сұрақтары
1. Қазақ “Шәмілі” атанған қазақ батыры? (Кенесары)
2. Көтеріліс барысында Кенесары батырдың алға қойған мақсаты? ( дербестікті сақтау)
3. 1643 жыл 600 сарбазбен жоңғардың 50 мың қолына қарсы күресте 300 спартандықтардан кем түспейтін ерлік көрсеткен ханды атаңыз?(Жәңгір хан)
4. Патша үкіметінің «Бөкей ордасын» құрудағы мақсаты? (Қазақтардың жер үшін күресін әлсірету)
5. 1916 жылғы халықтың жан дүниесіндегі аласапыран толқынысты шынайы суреттейтін “Қартқожа” шығармасының авторы (Ж.Аймауытов).


БӘЙГЕ
6. 1916 жылғы халықтың жан дүниесіндегі аласапыран толқынысты шынайы суреттейтін М.Әуезов шығармасы (“Қилы заман”).
7. 1916ж ұлт –азаттық көтеріліс кезінде Торғай уезінде хан болып сайланған (Ә.Жанбосынов)
8. 1916ж патша жарлығы бойынша кімдерді “қара жұмысқа” алу көзделді? (19-43 жас аралығы)
9. Торғай даласында Амангелді Иманов пен бірге көтеріліске басшылық етіп, саяси дем берушісі болған большевик? (Ә.Жангелдин)
10. 1916ж Верный уезінің ханы болған, Боралдай асуында дарға асылған батыр? (Б.Әшекеев)
Екінші кезең: Жылдармен жұмыс
1 топ сұрақтары.
1. Патша үкіметінің «Бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлық қай жылы шықты? (1916 ж. 25 маусым)
2. Маңғыстау көтерілісі қай жылы болды? (1970 ж.)
3. А. Байтұрсынов «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп қай жылы жазды? ( 1916 ж.)
4. Кенесары қолы Ташкентке қай жылы аттанды?(1941 ж.)
5. Түркістан Генерал губернатор Куропаткиннің құпия бұйрыққа қол қойған жыл?(1916 ж.23 тамыз
Хронология

6. А. Байтұрсыновтың басшылығымен «Қазақ» газеті шыққан жыл? (1913 ж.)
7. Ұйқыдағы қазақ халқының оянуына әсер еткен М. Дулатовтың «Оян қазақ» шығармасы жарық көрді (1909 ж.)
8. И. Тайманұлының қаза болған жылы? (1938 ж. 12 шілде)
9. Патша үкіметінің “Бұратана халықтарды тыл жұмысына алу” жөніндегі жарлығының шығуына не себеп болды?(соғыс)
10. Есет батыр бастаған көтерілісшілердің Жем өзені бойында патша үкіметінің жазалаушы отрядына тұтқиылдан шабуыл жасаған жыл? (1947 ж.)
Хронология
2 топ сұрақтары

1. Қай жылы Кенесары феодалдық мемлекет құрды? (1941 ж.)
2. А. Иманов 15 мың көтерілісшілермен Торғайды қоршауға алған жыл? (1916 ж. 22 қазан)
3. К. Қасымұлының қайтыс болған жылы? (1947 ж.)
4. М. Дулатұлы қатысқан Қарқаралыда болған үкіметке қарсы жиын болды (1905 ж.)
5. А. Байтұрсынов Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша үкіметіне қарсылық білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалған жыл? (1909 ж.)
Хронология
2 топ сұрақтары
6. Патша үкіметінің қазақтың ең жақсы егістікпен жайылымдарының 45 млн. астам десятина. жерін тартып алған жыл? (1917 ж)
7. Қай жылы А. Иманов сардарбек болып тағайындалды? (1916)
8. Бүкіл Қазақстанды қамтыған Кенесары көтерілісінің болған жылы? (1837-1847 ж.)
9. Ағартушылық - демократиялық бағытты білдіретін «Айқап» журналы қай жылдары шығып тұрды?(1913-1915 ж.)
10. Патшалы Ресей үшін Қазақстан шикізат көзі ретінде ролі күшейген кезі? (1-ші дүние жүзілік соғыс)
Үшінші кезең «Мені түсін»

«Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз;елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз» -деп... (Қаз дауысты Жәнібек)

«Мені түсін»
 «Биыл шаңырағыма бір қарлығаш ұя салып еді, бұл дүние жүзін топан су басқанда Нұһ пайғамбардың кемесін суға батудан сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда, содан қорғаған еді. Мен өз бала-шағамды қорғап қалған құстың ұясын бұзып, балапандарын қырып кете алмадым», деп...(Төле би )
 «Мені түсін»
«Бәрін айтып арманды тауыса алмаспын. Арманның мен үшін ең үлкені - алты алаштың балаларын бір шаңырақ, бір Тудың астынан көре алмай бара жатырмын. Айнала аңыздаған айдаһардай жау. «Алтауы алауыз болса, ауыздағы кетеді, төртеуі түгел болса, төбедегі келеді.»...Түптің түбінде алты ағайынның баласы жұмған жұдырықтай жұптаса алмай, бірі ойға, бірі қырға тартып жүріп, біріккен соң бірі әлгі айдаһардың аузында кете ме деп қорқамын. Өкінішім өзіммен бірге көрге кетсін, халықтың игі арманы періштенің құлағына жетсін деп тілеңдер барша ағайын!» -деп...(Әйтеке би)

Төртінші кезең: Карточкамен жұмыс

Бесінші: Есеп сұрақ

1. . 5100-ді 3 –ке бөліп, оған 23 –ті қосса тарихи оқиға шығады! (1723 ж.)
2. 2800 –ді 2 –ге бөл шыққан мәнге 2 –мен 30 – дың көбейтіндісін қосып одан кейін 5 –ті қос сонда тарихи оқиғаның уақыты шығады.(1465ж.)
3. 50 –ді 34 –ке көбейтіп, оған 71 –ді қос тарихи оқиға уақыты шығады.(1771ж.)
4. . 398 –ді 5 –ке көбейтіп, 1 –ді қосса тарихи оқиға уақыты шығады. (1991ж.)
5. 331 –ді 3 –ке көбейтіп 331 –ді қос шыққан мәнді
6. 2-ге көбейтіп одан 662 –ні азайт сонда тарихи оқиға уақыты шығады.(1986ж.)

Алтыншы кезең: Көкпар
1 топ сұрақтары
1. Алаш қозғалысы қай жылы басталды? (1905 ж.)
2. «Алашорда үкіметінің» төрағасы кім? (Ә.Бөкейханов)
3. Большевиктер партиясына бірден бір оппозиция бола білген қазақтың тұңғыш демократиялық партия ? (Алаш)
4. КСРО халық депутаттарының 1989 ж 1 съезінде желтоқсан оқиғасына әділ баға беруді талап еткен ақын? (М.Шаханов)
5. «Халық қаһарманы« атағын алған желтоқсан құрбанын атаңыз? (Қайрат Рысқұлбеков)
Алтыншы кезең: Көкпар
2 топ
1. Қазақ Кеңестік Социалистік Республиканың атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілген жыл? (1991 ж. 10 желтоқсан)
2. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Ата - заңы қабылданған жыл ...(1993 ж. 28 қаңтар)
3. 1992ж. 2 наурызда Қазақстан үшін маңызы бар оқиға....(БҰҰ мүше болуы)
4. Төл теңгеміздің айналымға енген уақыты?(1993 ж.)
5. Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы қай жылы, қай қалада болды?(1992 ж. Алматыда)
Жетінші кезең: Сөз жұмбақ шешу.

Қорытындылау
Біз не білдік?
13 524
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Міржақып Дулатов. Өлеңдері. «Бақытсыз Жамал» романы
Міржақып Дулатов. Өлеңдері. «Бақытсыз Жамал» романы
XX ғасырдың басында қазақ халқының отаршылдық езгіден құтылып, рухани оянуына үлес қосқан тұлғалардың бірі – саяси - қоғам қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы, ұстаз Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі туралы білімдерін кеңейту, тұңғыш
Қазақстан тарихынан күнделікті сабақ жоспарлары
Қазақстан тарихынан күнделікті сабақ жоспарлары
Оқушыларды XVIII ғасырдағы қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен таныстыру, оқушылардың назарын әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға аудару, қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтың рөлін көрсету;
ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы
ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайын, оның ерекшеліктерін, патша өкіметінің аграрлық саясатын көрсету. Елдегі әлеуметтік жіктелуді, отаршылдық қанаудың күшеюін түсіндіру
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Зубаир орта мектебі тарих пәні мұғалімі Кизатаева Гульнур Нурбековна
Ұлт-азаттық қозғалыстар
Ұлт-азаттық қозғалыстар
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай селосы, №3 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Шолпан Унгарбаева Ботайқызы
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №19 ОМ тарих және география пәні мұғалімі Тохан Манаргуль
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×