Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасымен бірлесе отырып тәрбиелейміз

02 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Отбасымен бірлесе отырып тәрбиелейміз
О Бәріңіз де бала өсіріп отырсыздар, жасыратыны жоқ көп жағдайда мектептегі балалардың өзара қарым қатынасымен ешкімнің жұмысы бола бермейді. Осындай келіспей, үйлеспей жатқан мәселелерді шешу әрбір педагог - тәрбиешінің қолынан келе бермейтін жұмыс. Бұл - ақиқат. Осы арада ата - ана мектептегі өз баласының жолдас - жораларымен тіл табысып, қарым – қатынас жасауында көп мән бар екенін білуі тиіс. Көп мәселелерді отбасының өзара сырласуы арқылы шешуге болады. Бала – аты кішкентай болғанымен, ауыртпалығы дардай, қам – қарекеті қыруар, үлкен әлем. Күнделікті өмір барысында осыны естен шығарып алмауымыз абзал. «Мемлекеттік идеологияның бізге аса бір қажет ірі бұтағы, қомақты тармағы – халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық рухта, елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру», - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ең басты мәселе оның бойында адамгершілік, отаншылдық сезімдерді қалыптастыру.
Бала тәрбиесі – күрделі үдеріс, Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл - парасаты, ой – өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы – ата - ана», «Әкеден ақыл, анадан мейір алады». Ата - анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан да баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды. «Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам» деген болатын грек философы Эпиктет. Бала – әр ата - ананың болашағы. Ол – оның өмірінің жалғасы.
- Бала деген кім?
Ата – аналар жауабы
1. Бауыр етіміз.
2. Болашағымыз.
3. Үмітіміз.
4. Сүйенішіміз.
5. Ізбасарымыз.
6. Мұрагеріміз
7. Көмекшіміз
8. Өміріміздің жалғасы
9. Ақылшымыз т. б.
Біздің ұрпағымыздың күтеріміз көп. Олай болса, біз тәрбие үрдісінде баламыздың жат қылықтардан аулақ болуын қадағалауымыз керек. Жағымсыз мінез деген сөзге мән беріп көрейік.
Қандай жағымсыз қылықтарды балаңызға тілемейсіз?
Ата – аналар жауабы
1. Еріншектік
2. Жалқаулық
3. Сараңдық
4. Мақтаншақтық
5. Күйгелектік т. б.
Біздің балаларымыздың адамгершілік, моральдық бейнесі әр уақытта көңілімізден шыға бермейді. Күнделікті өмірде ашуланшақ, әдепсіз балалар кездесіп жатады. Бала өзінің болашағы екенін ұғынатын әр ата - ана өз баласына көп көңіл бөлуі қажет. Меніңше, әрбір баланың іс - әрекеті, тәрбиесі отбасында ата - ананың жағымды өнегесінен қалыптасады. Сондықтан баланың бас ұстазы – ата - ана. Ата - ана өз баласының тәрбиесінің үшін ел, халық алдында жауапкер. Олай болса, әрбір ата - ана өз балаларының парасатты, білімді азамат болып өсуіне қам жасаулары керек. Кейбір ата - ана баласына "Әдепті бала бол, үлкенді сыйла" деп ақыл айтады. Ал өздері темекі шегіп, арақ ішіп, үй ішінде қарт әжесіне дөрекі сөйлеп, бетінен алып ренжіседі. Гректің ертедегі ойшылы Питтак «Өзінің ата - анаға не істесең, балаңнан да соны күт» деген екен.
Қорыта келе айтарым, «Балаңның тентек болатыны – үйінен, ердің тентек болатыны - биінен» дегендей, отбасында ата - ананың амандық саулық сұрасуы, өзара сыйластық көрсетуі, мейірімді, қайырымды, өнегелі болуы бала тәрбиесінде маңызды орын алады дегім келеді.
5 514
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы және балабақша ынтымақтастығы
Отбасы және балабақша ынтымақтастығы
Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата - ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты дамыту өзекті мәселе боп отыр. Ата – анамен балабақша ынтымақтастығы, баланы оқыту мен тәрбиелеудегі –
Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары
Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары
Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орта.
Отбасы мен балабақша арасындағы бала тәрбиесі педагогикалық мақсаттар арқылы жүзеге асады
Отбасы мен балабақша арасындағы бала тәрбиесі педагогикалық мақсаттар арқылы жүзеге асады
Мұханбетқалиева Бибігүл Қыдырғалиқызы Ақтөбе қаласындағы №3 «Ертегі» МДҰ меңгерушісі А.Байтұрсынов атындағы медаль иегері
Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру
Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру
Қызылорда қаласы, «Бегім Ана» МҚКҚ балабақшасының тәрбиешісі Феруза Каленова Ильяқызы
Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ
Отбасы мен мектеп – өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде зор табысқа жеткізер сенімді одақ
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Мендигалиева М. К.
Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы
Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 "Балауса" МДҰ меңгерушісі Утешева Гульзада Гайнедзиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×