Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заман талабына сай білім беру бағыттарының тиімділігі (Коучинг сессия жоспары)

11 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Коучинг сессия жоспары

Коуч пен мұғалімдердің іс - әрекеті
Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу 2 мин.
Коучтың іс - әрекеті
«Танысайық, ақ тілек тілейік» стратегиясы
Топқа бөлу
От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу (2 мин)

Берілген сөздерді пайдаланып, топ ережесін шығару.
Тәртіп, уақыт, есту, сыйлау, пікір құндылығы, шешендік.
(мен өз нұсқамды көрсетемін)
Бағдарлама модульдері:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
(презентация, қысқаша түсінік беремін)

Тапсырма:
1 топ «От» - Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің сабақта қандай түрлерін қолданасыз? 5 мысал келтіріңіз;
2 топ «Су» - Дәстүрлі сабақтарда СТО қандай стратегияларын қолданасыз? мысал келтіріңіз;
3 топ «Күн» - «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» қалай түсінесіз? Түрлерін атаңыз.
4 топ «Ай» - Жаңа білім беру үрдісінде оқушы мен мұғалімнің рөлі қандай деп ойлайсыз?

Бейнеролик «Ата - анаға құрмет»
«Шексіз ойлау” стратегиясы бойынша ойтолғау:
«Баланың ата - ананы сыйлауы»

Сергіту сәті
Топ мүшелеріне мінездеме
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.

Талдау
(Қарындаштың қандай қыры бар білесіздер ме? Сұрақ арқылы ойын білу әріқарай мәтінді талдау, астарлы ойды анықтау)
«Қарындаштың 5 қыры» әңгімесін талдау.
Бірде бала әжесінің хат жазып отырғанын көріп:
- Әже, сіз мен туралы жазып отырсыз ғой, иә? – деп сұрайды.
- Ия, сен дәл таптың, мен сен туралы жазып отырмын. Мұнда менің не жазып отырғаным маңызды емес, немен жазып отырғаным маңызды. Мен сені өскенде мына карандаш сияқты болғаныңды қалаймын,- дейді. Бала карандашқа таңырқап қарайды, бірақ одан ешқандай ерекшелікті таппайды.
Ол: - Мен көріп жүрген карандаштардан өзгешелігі жоқ қой, - дейді
Әжесі: - Бәрі әр нәрсенің ішкі сырына үңілуге байланысты. Бұл қарандашта 5 түрлі қасиет бар. Ол саған өміріңе қажет болады, - дейді.
Біріншіден, сен ақылды боларсың, бірақ сенің бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа дейді...... астарлы ой: сен әрқашан өз алақаныңның еркіне сен, ол сенің жол сілтеушің,- дейді.
Екіншіден, жақсы жазу үшін, мен ол карандашты ұштауым керек. Бұл кезде ол карандашқа жанына ауыр тиеді, бірақ ұшталған карандаш өте жіңішке жазады......... астары: қандай да болмасын қиындыққа төз және ол саған өмірлік сабақ болады,- дейді.
Үшіншіден, Карандашпен жазғаныңның кейбірін қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің....... астары: Есіңде болсын, өз қатеңді түзеу - барлық жағдайда жаман болмайды. Тура жолдан адаспауыңа көмектеседі,- дейді.
Төртіншіден, карандаштың сырты ағаштан жасалғаны, оның пішіні мәнді емес, оның ішіндегі графиті мәнді........ астары: Сондықтан әрқашан ішкі дүниеңде не болып жатқанын ойла,- дейді.
Бесіншіден, карандаш әрине, жазғанда артында із қалдырады........ астары: сен де карындаш сияқты өз іс - әрекетіңмен артыңда із қалдырасың. Қоғамға пайдалы іс істейсің. Әр қадамыңды ойлап бас,- дейді.

Қорытынды Сыни тұрғыдан ойлау:
А) Сөзжұмбақ: (интербелсенді тақтада сөздің астын сызады)
Тақтаға мынадай сөздер жазылады:
«Бірлік, бекінген, күш, төрткүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған»
Сұрақ: Бұл сөздерді қандай жәйт біріктіреді?
Жауабы: келтірілген сөздердің барлығында сан есім жасырылған.

Ә) Сөзді тап:
«Жақша ішіндегі тасталып кеткен сөзді табыңыздар»
ақпан (....) алқоры
рақымшыл (......) қамқорлық Сөздердің алғашқы буындарын қолданып, жаңа сөз жасау арқылы бос орынға сөз шығады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 857
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі мен зат есімді қайталау Өз білімін тәжірибеде қолданады;
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан – ортақ үйіміз
Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету; Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұқтыру;
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Педагогикалық іс тәжірибемдегі жаңаша өзгерістер
Өз тәжірибемде қандай да бір жаңашылдық көрсетуде мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту»,
Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері» тақырыбында өткізген коучинг - сессия сабағы
Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері» тақырыбында өткізген коучинг - сессия сабағы
Атырау қаласының жалпы білім беретін №6 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Темірғалиева Гүлбақыт Жалғасовна
Дарынды және талантты балалардың көшбасшылығын анықтау және бағалау (Коучинг сессия жоспары)
Дарынды және талантты балалардың көшбасшылығын анықтау және бағалау (Коучинг сессия жоспары)
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Архабаева Жұпар Көпбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×