Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәрбие мәселесі баршамызға ортақ

03 маусым 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Шығыс Қазақстан облысы, Катон - Қарағай ауданы
Аққайнар ауылы, Чернова орта мектебінің
тәрбие ісінің меңгерушісі Ақнұр Абенева

Тәрбие мәселесі баршамызға ортақ

Адам баласының қасиетті міндеттерінің бірі дүниеге ұрпақ әкеліп, ата – ана, ұстаз, қоғам болып тәрбиелі де өнегелі, жан – жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу үшін мүмкіндік жасау.
«Ұлт болам десең, бесігіңді түзе»- деп ата – бабамыз айтқандай баланы бесіктен, тіпті бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда, алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата – анаға «Сіз балаңыздың 1, 5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іштен тәрбиелеу керек» деген еврей халқының мысалын келтіріп жатады.
Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата – ана жоқ. Тіпті баласының болашағы үшін отқа да, суға да түсетін ата – аналар бар. Кейде баласының келешегіне алаңдаған ата - ана өз мекенін ауыстыруға дейін барып жатады.
Бала тәрбиесі - қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш – жігердің қажет екенін бәріміз білсек те, мойнымыз жар беріп, бала тәрбиесімен айналыса бермейміз. Кейде ата – аналар өздері дұрыс уақытында үйретпей, «Сен маған тартпағансың, мынаны олай істемедің, ананы бұлай істемедің, ештеңеге қырсызсың» деп кінәлап жатады.
Баланың әр қылығы қызық. Бірақ сол қызықтауды да талғап, талдап қарамаса тағы болмайды. Кішкентай кезінде баланың әрбір сөзін, одан қалса, біреуі сабағандығын әуес көреді, оны тіпті ересектерге айтақтап, қыздыра түсетіндері тағы бар. Балаларға үлкендерді сыйла, құрметте деп тәрбиелеудің орнына өздері теріс жолға салып отырғандарын бағамдай бермейді. Кейін өскенде сол баланың өз ата – анасына тілі тимесіне кім кепіл?! Бала кез келген істе өзін ынталандырып, өзгелердің қолдайтынын сезсе, сол іске бейімделіп әдеттеніп кетеді.
Бала тәрбиесіндегі тағы бір кемшілік – бала жетістігін көре білу, жігерлендіру, ынталандырумен байланысты. Баланы мадақтаудан гөрі, жекіруіміз асып түсіп жататынын мойындауымыз керек.
Біз баламызға үнемі талап қойғышпыз. Әуелі талапты қоймастан бұрын, балаға өзіміз үлгі көрсете білуіміз керек емес пе? Баланың көзінше қырсық мінез көрсету, өзге адамдарды жамандау, мысалы кейбір ата – аналар балаларының көзінше мына мұғалім сабақ бере алмайды, мына мұғалім бағаны таңдап қояды немесе кәрі ата – енесін мына қақбас не өлмеді, не қоймады деп айтып жататын ата – аналар да өкінішке орай жоқ емес. Біреуді жамандау бала бойында теріс көзқарастарды қалыптастыруға негіз болады.
Баласының тәрбиесін ойлайтын ата – ана ең әуелі өзін тәрбиелегені жөн болар еді деп ойлаймын.
Жалпы біз балажан халық болғанымызбен, оны тұлға деп танып, ақыл иесі ретінде қабылдай бермейміз. Біздің ойымызша, баламыз, біздің айтқанымызды істеп, айдағанымызбен жүретін, әлі ақыл – иесі тола қоймаған тіршілік иесі дейміз де, оған өте қатаң талап қоямыз. Сол талаптың үдесінен шыға бермесе, баламызды жер қылып, жасытамыз. Үлкендер, ұстаздар үнемі жекіп, дауыс көтеріп сөйлейтін болса, бала жасық болып өседі. Осындай отбасында, осындай ұстазда тәрбиеленген балалар екі түрлі болып өседі. Біреулері – бозөкпе, жасық болса, екіншілері айқайлап, дауыс көтеріп сөйлемесең, сөз өтпейтін «сабаздың» өзі болып шығады. Алдыңғылары үнемі жалтаңдап, өздігінен шешім қабылдай алмаса, кейінгілері үнемі жүйкемізді жұқартып, бетіңнен алып отыратын болады.
«Ұлың жақсы болсын десең, ұлы жақсымен көрші бол, қызың жақсы болсын десең, қызы жақсымен көрші бол» деген өнегелі сөзден қоғамның, ортаның да бала тәрбиесіне зор әсер ететінін көруге болады.
Одан әрі мектеп табалдырығын аттайды. Тәрбиешінің, ұстаздардың қолына барады. Ұстаздардың міндеті оқушымен жақын сырлас, дос болу. Оқушы үшін ата – анасынан кейін жақын адам ұстаз болғанымен одан жасқаншақтап, ұялшақтайтын кездері жиі болады. Сондай сәттерде дұрыс қадам жасап, оқушыны бауырыңызға тарта білу өте маңызды. Оқушы өзінше жасырып жүрген сырын айтып, сізбен бөлісуі мүмкін. Ондай кезде балаға жекімей не болмаса мазақ етіп күлмей, мұқият тыңдап, өз көзқарасыңызды білдіріп, кеңес айта білу ұстазды оқушының сеніміне кіргізеді. Ұстаздың оқушыға тұлға ретінде қарап, онымен ақылдаса отырып, бірлесе жұмыс істеуіңіз оқушыңызды жігерлендіреді, оның әр қадамын сенімді ете түседі. Менің ойымша, ондай бала ешқашан тәртіп бұзушылыққа бармайды.
Сонымен, бала тәрбиесі кезек күттірмейтін, күн тәртібінен ешқашан түспейтін өзекті мәселе болып қала бермек. Сондықтан да, мынау өзгермелі қоғамда баламызды, оқушыларымызды өзімізге жат етпей отбасы, қоғам, ұстаз болып бірлесе отырып Қазақстанның атын шығаратын өнегелі, тәрбиелі ұрпақты тәрбиелей берейік дей отыра «Бала ауру, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден; бала тар ойлы, ақымақ болса, бола кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы»- деп Мағжан Жұмабаев ағамыздың бала тәрбиесі жайлы айтқан өнегелі сөзімен аяқтағым келеді.
4 814
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кемел келешек кілті - білімде
Кемел келешек кілті - білімде
Өкінішке орай қоғамда жүгенсіз кеткен ұл - қыздарымызда жоқ емес. Асауын ауыздықтап, тентегін жөнге салар – ұлттық тәрбие
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалу керек. Өмірге келген әрбір бақытты болуы тиіс. Бұл баланың басты - құқығы.
Бала болашағының негізі – ұлттық тәрбиеде
Бала болашағының негізі – ұлттық тәрбиеде
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жайпақ ауылы. Қабдығалиева Азия
Бала - біздің болашағымыз
Бала - біздің болашағымыз
Ақтөбе қаласы, Россовхоз орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үркімбай Шырайгүл Ізбасарқызы
Отбасымен бірлесе отырып тәрбиелейміз
Отбасымен бірлесе отырып тәрбиелейміз
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 «Балауса» балабақшасы ұйымдастырушы педагогы Қоханова Алия Елеубергеновна
Тәрбие отбасынан басталады (баяндама)
Тәрбие отбасынан басталады (баяндама)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×