Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға сынып ұжымының ықпалы

19 қаңтар 2016, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,
Есілбай жалпы орта білім беру мектебі
Директордың тәрбие ісі меңгерушісі
Шарпекова Ақмарал Сайлауқызы

Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға сынып ұжымының ықпалы.
Елiмiздiң болашақ азаматының жеке басының қалыптасуының маңызды кезеңi оның мектепте болған жылдарында өтедi. Сондықтан оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуында бастауыш мектеп ұжымы ерекше роль атқарады. Атап айтқанда, бастауыш мектеп ұжымы негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада адамның тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап - тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады.

«Ұжым» деген ұғым тек көпшілік немесе топ адамдар ретінде айтылмайды, бұл, негізінде, қоғамның ісі, қылығы өзгелеріне байланысты деген мағынаны білдіреді.
Жалпы ұжым – жас өспiрiм адамның қалыптасуында ерекше роль атқарады. Атап, айтқанда, ұжым бұл негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада баланың тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап - тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады. Балалар ұжымы, негiзiнде, жеке сынып және мектеп ұжымына бөлiнедi. Солай болса да, ұжымның ең негiзгi формасы - сынып ұжымы.

Оқушылар ұжымы – тәрбиенiң шешушi факторы және бiздiң қоғам жағдайында бала өмiрiн ұйымдастырудың негiзгi формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшiн ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан - жақты даму мүмкiншiлiгiн ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттi қоғамның өзi бiртұтас ұжым ретiнде өмiр сүретiндiгiнен туындайды.
Оқушылар ұжымы - баланың өмiрiн, оқуын, еңбегiн, жасампаздығын, күш - қуат мәдениетiн, ойын ұйымдастырудың ең тиiмдi құралы.

Баланың тәрбиелеуiнде әркiм өзiнiң мүмкiншiлiгiн өзi дұрыс бағалай алуы ерекше орны алады, өйткенi ұнамсыз әдеттердiң басым көпшiлiгi еркелетудiң нәтижесiнде балалардың менменсiнiп «Мен өзгелерден артықпын» деуден болады, мұның солай келетiнi оны кiшi жасынан еркелетiп, оның өзiнiң мүмкiншiлiгiн дұрыс бағалауын үйретпегендiктен.

Мектептегi сынып сияқты бiрлестiктер шағын топ деп аталады. Мәселен, кейбiр оқушы мектепте жүргiзiлетiн әртүрлi iс - шаралардың бәрiне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйiрмесiнiң мүшесi, не жетекшiсi, т. б. Бiрақ осылардың бiреуiне ерекшеден қояды. Шағын топтағылардың өзара қарым - қатынасына шек қойылмайды.

Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрi - ұжым деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерiнiң бiр - бiрiмен ұштасып, бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығаратындай халге жетуi, топтың психологиялық ахуалының орнауы, дамудың биiк деңгейiне көтерiлу - ұжымның басты белгiсi. Кез келген топтың көп жағдайда ұжым деңгейiне көтерiле алмайтыны да көбiнесе осындай топта келеңсiз жағдайлардың орын тебуiнен туындайды.

Адамның топқа ықпал ету дәрежесi оның жеке басының қасиеттерiне де тәуелдi. Орамды ақыл, терең сезiм, күштi ерiк - жiгер, қажыр - қайрат, қабiлеттiлiк осының бәрi ұжым игiлiгiне айналса, кiсiнiң рухани өмiрi бай болса, дағды икем, шеберлiгi жектiлiктi болса, ол соғұрлым топ iшiне тез сiңiп, беделi де жоғары болады. Ал, адам өзiн ұжымнан жоғары қойса, әсiресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы
төмендеп, бара - бара беделiнен айрылатын болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 572
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?
Жағымды мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін біз не істей аламыз?
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым - қатынасы.
Ар - ұят туралы
Ар - ұят туралы
Ар - ұят түсінігін иеленуші жеке адам болып саналады. Ар - ұят "адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті".
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Боранова Болған Махмутқызы
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке табысты даярлау факторы ретінде баланың тұлғалық дамуы
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке табысты даярлау факторы ретінде баланың тұлғалық дамуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Білім алушыларды әскери - патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызы
Жас ұрпақты Отанына, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, олардың бойына сіңіріп қалыптастыру халық тәрбиесінде жетекші орын алады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×