Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек ақы есебі

10 қараша 2013, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Сабақтың тақырыбы: Еңбек ақы есебі

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ.
Тәжірибелік сабақтың мақсаты: еңбек ақы және оның есебі туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсініп, оларды тану мәселелерін меңгеру, еңбек ақыны есептеу тәртібін үйрену, шоттар корреспонденцияларын құру бойынша есептер шығара білу.
білімділігі – білім беру, ұғымды, көзқарасты қалыптастыру, түсініктерді анықтау. Түсінік пен ілімдерді жағдай шешуге қолдану, оқушыларды ғылым негізімен таныстыру, болжам ұсына білуге білімін қалыптастыру, басқа пәндерді оқып үйренудің негізін қамтамасыз ету.
тәрбиелігі – мамандық таңдауға, өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастыру, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, білім алуға ынтасын арттыру тәжірибелік әрекет етуге, дүниеге эстетикалық көзқараспен қарауға дайындау, ҒТП – ның басты бағыттарымен таныстыру;
дамушылығы – еске сақтау, сөйлеу мәнерін, ойлау, қабылдай алушылықты, пәнге деген қызығушылықты дамыту, қорытынды жасай алуды қалыптастыру бойынша жұмыс істеу, шығармашылық ізденіс элементтерін қалыптастыру, проблемаларды байқау және оның шешілу жолдарын табу.
Сабақтың түрі – тәжірибелік
Сабақтың әдісі – баяндау, түсіндіру, әңгімелесу, ақпарат беру, лекция элементтері, сұрақ – жауап, пысықтап бекіту, қайталау, дамыту ойындары, өзіндік жұмыс, көрнекілік.
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер – тарату материалдары, интерактивті тақта, флипчарт № электронды оқулық, бейне материал, оқулық.
Пәнаралық байланыс: Қаржылық есепті талдау, экономикалық теория, микроэкономика, макроэкономика.

САБАҚ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу. Дәрісхананың тазалығына назар аудару. Оқушылар екі топқа бөлініп, сарапшы сайланады.
Ойынның барысы:
Іскерлік ойын

I. Бухгалтерлік есептен оқытушы сұрақтар береді.
Менеджерлер тобына:
Өнеркәсіп өндірісі жұмысшыларының мамандығын атаңдар (Темір ұстасы, ағаш ұстасы, болат қорытушы, газбен пісіруші).
Маркетинг тобына:
Қызмет көрсетуші сала мамандықтарын атаңдар (жүргізуші, телефонист, шаштараз).

II. Өндірістік жағдай
Маркетинг тобына:
Қаржылық бухгалтериядан іссапардағы менеджер К. Р. Есалиевтің қызы әкесінің еңбекақысын сұрап, өтініш білдірді. Бұл қалай дайындалады (сенімхат арқылы, шығыс кассалық ордерімен).
Менеджерлер тобына:
Кәсіпорын күзетшісіне мейрам күндері жасаған жұмысы үшін ақы төленген жоқ. Неліктен төленбегені жөніндегі сұрақпен қандай лауазымды адамдар айналысу қажет, мейрам күндері жасаған жұмысқа ақы төлеу тәртібін анықтаңыз (мейрам күндерінде жұмысқа ақы екі есе есептен төленеді және бұл сұрақты бухгалтерия шешеді).
III. Әр топтан бір адам компьютерде есте сақтау бойынша «жұмыс уақытын есептеу табелін» сызу

IV. Карточка бойынша тапсырма орындау
Берілеген сөздері орыс - қазақ - ағылшын тілдерінде орналастыру
Еңбекақы – заработна плата - saiaty
Оклад – оклад - rate of saiaty
Табелбдік нөмір – табельный номер – tax
Кеезкті демалыс ақысы - отпускный налог – delivery
Зейнетақы қоры - пенсионный фонд – Pensioner`s Fund
Күндер – дни - days
Сағаттар – часы - hours
Баға - расценка - rates

V. Бухгалтерлік есеп негіздерінен топ біріне - бірі сұрақ береді.
Төмендегі мақалдар бойынша шоттарды атаңдар.
Маркетинг тобына:
«Рахаттың түбі кеңіс,
Еңбектің түбі жеміс» (1320)
«Ақша ақшаға келеді» (1010, 1040, 1050)
«Еңбек етсең емерсің» (3350)
Менеджерлер тобына:
«Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей» (3350)
«Базары жақын байымас» (7110)
«Шығысы шықпай кіресі кірмейді» (шот 7010)
VI. Корреспонденция бойынша сұрақтар

1. Алғашқы бухгалтердің фамилиясын атаңдар (Штехер)
2. Жұмысшыларға еңбекақы берілді (Дт 3350 Кт 1010)
3. Жабдықтаушыларға талап қойылды (Дт 1280 Кт 3310)
4. Директорға еңбекақы есептелді (Дт 7210 Кт 3350)
5. Қоймадағы ТМҚ есебі қандай өлшеммен жүргізіледі? (сандық)

VII. Бухгалтерлік есеп тарихынан
Менеджерлер тобына:
Суретте қандай бухгалтерлік есеп әдісі көрсетілген?
Жауабы: Екі жақта жазу
Маркетинг тобына:
Осы есептің тарихын айтыңдар.
Жауабы: Хеопс пирамидасы құрылысындағы адамдарға берілген пияз, шалқан, сарымсақ саны пирамида кесіп жазылған. Мұнда, тек, шығын нақ өнімдермен есепке алынған.

VII. Екі топ та сөзжұмбақ құрастыру керек
Көлденеңінен:
1. Мекеменің есеп бөлімінің қызметкері(бухгалтер)
6. Шыққан өнімдерді, тауарларды тұтынушыға таныстыру(жарнама)
8. Отандық өндірушілердің тауарын басқа елдерге шығару(экспорт)
10. Шарт жасау негізінде клиенттің қаржылық жағдайы және есеп құжаттарын тәуелсіз тексеретін тұлға(аудитор)
12. Тауардың қабымен бірге өлшегендегі салмағы (брутто)
13. Кәсіпорын, мекеме, оқу орынының басшысы (директор)
Тігінен:
2. Банктің мекемеге беретін хабарламасы (авизо)
3. Сату - саиып алу процесін реттеп және бақылап отыратын мекеме (биржа)
4. Тауар және қызметінің ақшалай бағасы (құны)
5. Тауарларды сатуға және сақтауға арналған орын (қойма)
6. Ресми құжат (акт)
9. Нарыққа сатылатын өнім(тауар)
11. Өзі атынан және өз есбінен тауарды қайта сатумен айналысатын адам немесе фирма (дилер).

VIII. Еңбекақыны есептеу бойынша сұрақ беріледі.
Менеджерлер тобына:
Кесімді жұмысшы С. К. Жұбановтың еңбекақысын есептеңіз. Орындалған жұмыс көлемі. 16. 11 - 400 бірлік (1 бірлік - 2, 20); 17. 11 - 360 бір (1 бірлік - 2, 30); 18. 411 - 290 бір (1 бірлік - 2, 50).

Маркетинг тобына:
Инженер А. Б. Хамитовке еңбекақы есептеу, ол 23 күн жұмыс жасады. Жұмыс күні бір айда 26, айлығы 22200, еңбекақыдан 15% сыйақы және жалпы еңбекақысын есептеңіз.

IX. Еңбекке ақы төлеу тақырыбына топ біріне - бірі сұрақ береді.
Менеджерлер тобына:
Еңбекақы депонеттелді, қандай өткізбе құруға болады?
А. Дт 3350 Кт 3370;
В. Дт 3370 Кт 1060;
С. Дт 3310 Кт 3350;
Д. Дт 3385 Кт 1010;
Е. Дт 3350 Кт 1010.
Маркетинг тобы:
Әкімшілікке еңбекақы есептелді, қандай өткізбе құруға болады?
А. Дт 3350 Кт 7210;
В. Дт 1040 Кт 7210;
С. Дт 7210 Кт 3350;
Д. ДТ 8012 Кт 3350;
Е. Дт 3350 Кт 1010.

Сабақты қорытындылау: Оқушыларды бағалау, Үй тапсырмасын беру. Тәжірибелік сабақты тапсырма бойынша қорыта, бекіту.
Оқушылардың жұмысын бағалау, хабарлау.
Үй тапсырмасы
1. Бақылау сұрақтарына жауап жазу
8 510
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2019 - 2020 оқу жылындағы 2 сыныбының тәрбие жұмысының І жартыжылдықтағы есебі
2019 - 2020 оқу жылындағы 2 сыныбының тәрбие жұмысының І жартыжылдықтағы есебі
Тәрбие жұмысы 8 бағыт бойынша жасалып бекіттірілді. Жоспарланған жұмыстар уақытылы өткізілді.
Логарифмдік теңсіздіктерді шешу
Логарифмдік теңсіздіктерді шешу
Логарифмдік теңсіздіктің анықтамасымен таныстыру; логарифмдік теңсіздікті шешу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбие теориясы бөлімін қайталау
Тәрбие теориясы бөлімін қайталау
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде арнайы пәндер оқытушысы Турагулова Балжума Темирбековна
Үш өлшемді үлгіні модельдеу. Бульдік операция - айналдыру
Үш өлшемді үлгіні модельдеу. Бульдік операция - айналдыру
Астана қаласының Политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Манарбек Махпал
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы
Жабдықтар мен өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану кезінде жоспарлы кезеңде белгілі бір номенклатурада, ассортиментте тиісті сапада өнімді шығарудың барыншақ мол мүмкіндігі анықталады, міне бұл өндірістік қуаттылық игеру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×