Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Whose T-shirt is this?

19 желтоқсан 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
БҚО, Казталов ауданы,
Бостандық ауылы, "Бостандық" орта жалпы білім беретін
мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Жалмуханбетова Жазира Серікбайқызы.

Үш деңгейлі оқыту курсы бойынша құрылған
Сыныбы 5
Сабақтың тақырыбы: III тарау Whose T-shirt is this?
Мақсаты:
- Сілтеу есімдігінің көпше түрі «these, those» ажырату;
- өздік жіктеу есімдіктерінің қолдануға үйрету;
- жаңа сөздікпен таныстыру.

Күтілетін нәтижелер:
• Сілтеу есімдігінің көпше түрі «these, those» ажыратады және қолданады;
• өздік жіктеу есімдіктерінің қолданады;
• жаңа сөздікті ауызекі тілде айтады және жаза алды
Керекті жабдықтар:
Компьютер, флипчарт, маркер, қарындаш, электронды оқулық, суреттер, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе: Сабақ басталар алдында оқушылармен амандасып, оқушылардың көңіл күйіне назар аудардым, байланыс орнатым, ортаға шеңберге шақырып, сұрақ қою арқылы, оқушылар жайлы қызықты мәлімет алдым.
Оқушыларды көңілді үш түрлі-түсті смайликтер арқылы топқа бөлемін.

Топқа бағалау критерийлерді алдарына беріп қойдым.
1. Үй тапсырмасының орындалуы.
2. Жаңа сөздікті меңгеруі.
3. Сұрақтарға нақты жауап беруі
4. Өз ойын ашық айтуы
5. АКТ-ні қолдана алуы
6. Топта, жұппен, жеке жұмыс орындауы.
Үй тапсырмасын жұптар арқылы тексеру. Оқушылар амандасады.

Топқа бөлінеді, әркім өз тобына барып отырады, топтық ережені естеріне түсіреді.
Оқушылар бағалау критерийлерді қызу талқылады.
Тұсаукесер
Флипчарт арқылы жаңа сөздерді суреттер арқылы түсіндіру. «Уақыт шеңбері» арқылы оқушылар дөңгелек құрып турады, мен жаңа сөзді қазақша айтамын, оқушы аударып, әріптеп айтады.
Мысалы: a sock, a T-shirt, trainers, jeans, skirt, roller-skates, an anorak, trousers, a shirt, a tie, a cap, a pullover, a blouse, a jacket, shoes, a hat, a dress. Өткен сабақты еске түсіреді, бір-бірін толықтырады, ойланады, сөздік қорын молайтады, қызыға жұмыс жасайды

Негізгі бөлім
Сілтеу есімдіктерінің көпше түрін электрондық оқулықтағы түсіндіру бойынша көрсетіп, мысалдарын талқыладық. Жекеше түрімен салыстырдық. Есімдіктердің жіктелуін түсіндіріп, айтып шықтық.
Грамматикалық тапсырмаларды топқа беру.
А) Артық сөздерді тауып, астын сыз, қазақшаға аудар, көпше түрін жаз. a sock, skirt, a book, skate, an anorak, a ruler, a shirt, a tie, a cap, shoe, a hat, a rubber, a desk, a dress.
В) Берілген сөздерден сілтеу есімдіктерін пайдаланып сөйлемдер құрастыр: Мысалы: These are socks.
A sock, a T-shirt, trainers, jeans, skirt, skates, an anorak, trousers, a shirt, a tie, a cap, a pullover.
С) Берліген сөйлемдерді қазақшаға аудар, есімдіктердің астын сыз, қазақшаға аудар. These skirts are mine. This cap is yours. These trousers are his. These trainers are ours. This tie is mine. This pullover is hers.

Жұппен жұмыс «жұптас - ойлан - бөліс»
Сурет салып, суреттеу. Мысалы: Cap. Қалпақ. Түсі қандай, кім киеді, кімдікі.
Топпен жұмыс: Венн диаграммасы.
Қыздар киімі, Ұлдар киімі, Ортақ

Кітаптағы 59 беттегі 13 жаттығуды интерактивті тақтада орындау. Баламен қызды киіндіру, суреттеу. (флипчарттағы кітапхана) Мысалы: This is my head. This is my hand. This is a dress. These are trainers etc.
Әр топ өз тапсырмалары бойынша жұмыстанады. Топта бірлесіп орындайды. Жоғарғы деңгейдегі оқушылар белсенділік танытып, топқа көмектесіп отырды.

Қорытынды
Үйге тапсырма: Тест жұмысына дайындалып келу
Бағалау: «Оқушылардың арнай қателерді бағалауы» стратегиясы арқылы бағалаймын.
Не дұрыс емес?
Неліктен дұрыс емес?
Қалай түзетуге болады?
Сабақты бекіту: Рефлексия парағын ұсыну. Бала сабақта не ұнағаны, ұнамағаны, нені түсінгені, түсінбегені туралы өз ойларын жазады.
Оқушы өз қателерін тауып, бір-бірін тексереді, ойларын жүйелеп, жауабын айтады.

Сабақтың өзіндік талдауы. Онлайн кезіндегі 5 сыныпқа өткізген “Whose T-shirt is this?” сабағымда оқушылармен амандасып, оқушылардың көңіл күйін көтеру мақсатында оқушыларды ортаға шақырып оқушылардың аты-жөні, жасы, ауа-райы, қалін, бүгін қандай әдемі киініп тұрғандары туралы сұрақ қою арқылы, оқушылар жайлы қызықты мәлімет алдым. Оқушылар топпен жұмыс істегенде достық қарым-қатынаста ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды. Оқушылар жақсы көтеріңкі көңіл-күймен орындарына жайғасты.
Оқушыларды көңілді үш түрлі түсті (қызыл, сары, көк) смайликтер арқылы топқа бөлдім. Оқушылар өздеріне берілген көңілді смайликтер арқылы өз топтарына барып жайғасып, құралдарын шығарып, үй тапсырмасына дайындалды. Топқа бағалау критерийлерді алдарына бердім.
1. Үй тапсырмасының орындалуы.
2. Жаңа сөздікті меңгеруі.
3. Сұрақтарға нақты жауап беруі
4. Өз ойын ашық айтуы
5. АКТ-ні қолдана алуы
6. Топта, жұпа, жеке жұмыс орындауы.

Үйге берілген 57 беттегі 14 жаттығуды жұптар арқылы тексердім. Жаттығуда берілген зат есімнің көпше түрін жазып келу тапсырылды. Үй тапсырмасын (a coin-coins, a stamp-stamps, a camera-cameras, a badge- badges, a watch- watches, a car- cars etc. ) тексеруде зерттеуге алған оқушым Төрежан (орташа деңгей) өзінің жұбының тапсырмасын сыни бағалады, тексеруде белсенділік, қызығушылық танытты. Жұбының қатесін байқады, оны түзетті. Қатесін жұпта талқылады. Жұпта талқылауда оқушы өзін-өзі реттеді.
Интерактивті тақтада аудио жазбаға жазылған жаңа сөздерді суреттер арқылы тыңдайды. Тіл тосқауылын жеңу мақсатында жаңа сөздерді оқушылар кезек-кезек оқыды. Уақыт шеңбері арқылы оқушылар дөңгелек құрып тұрды, мен жаңа сөзді қазақша айтамын, оқушы аударып, әріптеп айтады.

Мысалы: a sock (s-o-c-k), a T-shirt (T-s-h-i-r-t), trainers (t-r-a-i-n-e-r-s), jeans, skirt, roller-skates, an anorak, trousers, a shirt, a tie, a cap, a pullover, a blouse, a jacket, shoes, a hat, a dress.
Сілтеу есімдіктерінің көпше түрін электрондық оқулықтағы түсіндіру бойынша көрсеттім, мысалдарын талқыладық. Сілтеу есімдіктерінің жекеше түрімен салыстырдық. Есімдіктердің жіктелуін түсіндірдім, кейін оқушыларға грамматикалық тапсырмаларды топ болып орындауға бөліп бердім.

Мысалы, тапсырманы орындауда (А артық сөздерді тауып, астын сыз, қазақшаға аудар, көпше түрін жаз. a sock, skirt, a book, skate, an anorak, a ruler, a shirt, a tie, a cap, shoe, a hat, a rubber, a desk, a dress), топ мүшесі Шерхан топ арасында көшбасшылық танытып, әрдайым белсенді танытып отырды. Топ мүшелері Мейрамбек, зерттеуге алған оқушым Сәулет (төменгі деігейдегі) тапсырманы орындауда қызығушылық танытып, берілген тапсырманы топ арасында талқылады, орындады, ой бөлісті. (В берілген сөздерден сілтеу есімдіктерін пайдаланып сөйлемдер құрастыр: A sock, a T-shirt, trainers, jeans, skirt, skates, an anorak, trousеrs, a shirt, a tie, a cap, a pullover. Мысалы: These are socks. ) тапсырмасын орындауда зерттеуге алған оқушым Тоғжан (жоғары деңгей), Ұлан топта бір-біріне көмектесіп, достық, сенім орнату арқылы ортақ бір шешімге келіп тапсырманы орындауда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды.

Қызыл түсті смайликтегі топ оқушылары өздеріне берілген (С берліген сөйлемдерді қазақшаға аудар, есімдіктердің астын сыз, қазақшаға аудар. These skirts are mine. This cap is yours. These trousers are his. These trainers are ours. This tie is mine. This pullover is hers. ) тапсырманы жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен орындады, бір-біріне көмектесті, магниттік тақтаға постерді ілді, топ ішінен Қымбат тапсырманы қорғады, түсіндірді, қарсы топ мүшелерінің пікірін тыңдады, сұрақтарға жауап берді.
Оқушыларға жұппен жұмыс («жұптас - ойлан-бөліс» (pair -think - share) берілді. Сурет салып, суреттеу.

Мысалы: Cap. Қалпақ. Түсі қандай, кім киеді, кімдікі. Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмысын топта талқылады, бірін-бірі сыни бағалады. Сабақтың соңында оқушыларға жаңа сөздерге байланысты Венн диаграммасын құру тапсырылды.

Топпен жұмыс: Венн диаграммасы.
Қыздар Ұлдар
киімі Ортақ киімі

Бұл кезде әр топ өз тапсырмалары бойынша жұмыстанды. Жұмыстану барысында оқушылардың:
- танымдық қызметі қалыптасты;
- ойлау қабілеті артты;
- ағылшын тілінде айтып беруді үйренді;
- алған білімнің түйінін таба алды.
Топта әр оқушы белсенді және қызыға жұмыс жасағаны көрініп тұрды. Ортақ шешімнен, достық қатынастан топтағы оқушы арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. Оқушылардың сыныптағы психологиялық ахуалы жақсы деңгейде болды.

Кітаптағы 59 беттегі 13 жаттығуды интерактивті тақтада орындау негізделді. Интерактивті тақтада (флипчарттағы кітапхана) пайдаланып, қаламды дұрыс қолдана отырып, тақтада берілген баламен қызды киіндіру және оны суреттеу тапсырылды. Бұл тапсырманы орындауда Шерхан мен Тоғжан, Ұлан, Төрежан, Сәулет өздерінің ептілігі, икемділігі арқасында берілген суреттерді талғамға сай киіндіріп, оларды суреттеуде сілтеу есімдіктерінің жекеше және көпше түрін қолданды. Мысалы: This is my head. This is my hand. This is a dress. These are trainers etc. Оқушылар бұл тапсырманы қызығушылықпен, топтық әңгіме құру негізінде орындады.
Үйге тапсырмасына тест жұмысына дайындалып келу берілді. Бағалау бөлімінде оқушыларға сабақ барысында берілген бағалау критерийлері арқылы өздерін топта бағалады. Мысалы, бағалауда қызыл смайлик тобының топ басшысы Тоғжан өзінің тобындағы Шерханды төменде берілген критерийлер бойынша сыни бағалады.
1. Үй тапсырмасының орындалуына Шерханға өте жақсы баға қойылды, өйткені ол тапсырманы дұрыс орындаған.
2. Жаңа сөздікті меңгеруіне Шерханға өте жақсы деген баға қойылды, сабақта орындалған тапсырмаларды ол жауапкершілікпен, тиянақтылықпен орындады.
3. Сұрақтарға нақты жауап беруінде Шерхан өз ойын ашық айтты, АКТ-ні қолдана алды, топта, жұпта, жеке жұмыс орындауда көшбасшылық танытты және нәтижесінде «Оқушылардың арнай қателерді бағалауы» стратегиясы арқылы бағалады. Бағалауда

Не дұрыс емес?Неліктен дұрыс емес? Қалай түзетуге болады? Деген сұрақтарға жауап беру арқылы бағалады. Сабақты бекітуде оқушыларға рефлексия парағын ұсындым.

Қорыта айтқанда бұл сабақта оқушылар интербелсенді тақтаны бұрыннан пайдаланып жүргендіктен, оларға көп қиындық туғызбады. Сабақ кезінде үш топта белсенді жұмыстанды. Кейбір тапсырмаларды бөліп алып, «сен мынаны орындайсын, мен мынаны орындаймын»- деп, топ арасында бір шешімге келіп сабаққа деген қызығушылығы, ынтымақтастық атмосферасы орнады. Барлық топ тапсырмаларды орындап болғасын топ басшысы мұғалім берген критерийлер бойынша өз тобын бағалап шықты. Кейбір оқушыларға сын айтылған кезде де, олар өз қателіктерін түсініп, қойылған бағаға риза болды.

Сабақ бойынша өзгертулер
Сонымен қатар, интербелсенді тақтамен жұмыстанып қана қоймай оқушыларға жоғары, төмен мәртебелі тапсырманы енгіземін деп ойлаймын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 402
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Есімдіктер туралы білімдерін тереңдету, жіктеу есімдіктерінің түрленуін үйрету, сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай түрленуін білуге машықтандыру.
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Есімдік. Жіктеу есімдігі
Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Олар: мен, сен, ол, біз, біздер, сіздер, олар. Жіктеу есімдігінің үш жағы және жекеше, көпше түрі болады.
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Есімдік жайлы білімдерін нығайтып, есімдіктерді түрлендіруге, жіктеу есімдіктерінің түрлену жолын меңгеруі тиіс. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру қажет.
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Қазақ тілінен ұзақ мерзімдік жоспар (7сынып)
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каденова Жансұлу Журсиновна
Есімдік. Өздік есімдігі
Есімдік. Өздік есімдігі
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжамила Шынтасовна Қалмағамбетова
Жіктеу есімдіктерінің түрленуі
Жіктеу есімдіктерінің түрленуі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калиева Бахыт Жантугановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×