Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Happy English арнайы курс бағдарламасы

26 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
(ағылшын тілі 6 - сынып, 34 сағат)
"Happy English"арнайы курс бағдарламасы

Түсінік хат
«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп Н. Ә. Назарбаев өзінің 2007 жылғы халыққа арналған жолдауында атап көрсеткеніндей, білім беру жүйесінде осы мақсатты іске асыруды көздеп отырмыз.
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік.
Үштілді оқытудағы негізгі тұғыр қазақ тілі болуға тиісті. «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш - жігерімізді жұмсауымыз керек», - деді Елбасы.
Қазақстанда білім саласында қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілі ретінде қолданылады, пән ретінде де қолданылады. Неміс, корей, француз, қытай тілдері негізінен пән ретінде қолданылады.
Қазақ тілі сабақтарында көптілді оқытудың элементтері ғана қолданылады. Белгілі бір тақырыптарды оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы енгізіледі.
Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді.
Мұғалімдердің тәжірибесінде жиі кездесетін интеграцияны жүзеге асырудың бір жолы – сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімнің жинақталуы, яғни, әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу.

Бағдарламамыздың мақсаты:
• Оқушылардың үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамыту
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
• оқушылардың үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану;
• ана тілінде ғана емес, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлей алатын тілдік құзыреттілік біліктіліктерін қалыптастыру;
• үш тілде де қарым - қатынас жасауға үйрету;
• жалпы тілдік мәдениеттің қалыптасуы;
• әр оқушының тілдік қабілетін толық ашу;
• өз бетінше белсенді тіл үйрену қабілетін арттыру;
• сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу;
• әр тілде үлгісіз, жетексіз өз бетінше сөйлеуге, жазуға, оқып айтуға дағдыландыру;
• тәрбиелік міндеттерді шешуге ұмтылдыру;
• танымдық мазмұн - мәнін жүзеге асырып отыру.

Қолданылатын әдістер.
Мұғалім пәнге байланысты алдына қойған мақсатты шешуде кез келген оқыту әдістері мен технологияларын қолдана алады. Мұғалімнің оқыту технологиясын қолдануда мынадай шарттарды ескеріп отыруы абзал:
- оқытудан шығатын нәтижені жобалау;
- оқушылардың білім сапасының ағымдағы жағдайын диагностикалау;
- оқыту үлгілерінің жиынымен қарулану;
- берілген нақты жағдайларға сәйкес келетін ұтымды үлгіні таңдау;
- білім мазмұнын сұрыптау;
- оқыту құралдарын, формаларын, әдістерін екшеу;
- қысқа уақытта тиімді нәтижеге жету үшін оларды кезең - кезеңмен жүзеге асыру.
Қазіргі тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, модульдік оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, ойындық технология, коммуникативтік технология, т. б.
Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында төмендегі технологиялар пайдаланылады.
Проблемалық оқыту – бұл дамыта оқыту технологиясы. Оның қызметі – белсенді таным әрекетін ынталандыру, ойлаудың зерттеушілік стилін қалыптастыру. Проблемалық оқыту мұғалімнің басшылығымен проблемалық жағдаяттарды ұйымдастыруды, оны шешуде оқушылардың өз бетінше белсенді жұмысын қамтамасыз етуді көздейді.
Модульдік оқыту технологиясы – әлемдік ( Дж. Блок, Дж. Керрол. В. Монахов, Р. М. Грановская) және отандық тәжірибеде танылған технология. Модуль дегеніміз – белгілі жүйенің ішіндегі бөліктердің өзара жинақталған дербес топтамасы (С. И. Ожегов). Модульдік оқытуда берілген модуль бойынша оқу, тыңдау, жазу, сөйлеу әрекеттерін меңгеру шегіне жету үшін, кем дегенде, әрбір оқушыға үш деңгейлік тапсырмадан өз қалауынша өтуге мүмкіндік беріледі. Модульдік оқытуда әр оқушы өзінің немен және қалай шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін анық біледі және оған қатысты керек материалдармен, тәсілдермен міндетті түрде қамтамасыз етіліп отырады. Балаларға бірін - бірі тексеру, бағалау еркіндігі беріледі.
Ойын технологиялары. Бұл технологияның өзіндік ерекше сипаты оның өмірде маңызды жағдаяттарды модельдеу, соларға ұқсастырылған, еліктеп құрастырылған жағдаяттар түзу және оларды шешу жолдарын іздеу арқылы жүзеге асатындығында. Ойын технологиясының жетекші әдісі – ойын. Ойындардың іскерлік, рөлдік, оқиғалық, саяхаттық, дидактикалық сияқты түрлері бұл технологияның ұйымдастыру формалары болып табылады.

Бағдарламаның мазмұны және құрылымы.

Қарым - қатынастық және танымдық тақырыптар. Достық. Салт - дәстүрлер. Жер - Ана жыламасын. Мамандық. Ақпарат көздері. Қазақстанның халықаралық жағдайы.
Лексика. Қанатты сөздер. Тұрақты сөз тіркестері. Сөз мағыналары(синоним, омоним, антоним). Мақал - мәтелдер.
Морфология. Сөз таптары. Зат есім. Зат есім жасайтын жұрнақтар. Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Сын есім. Сын есімнің шырайлары. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі. Сан есім. Сан есімнің түрлері. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі. Есімдік. Есімдіктің мағыналық түрлері. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі. Етістік. Етістіктің болымсыз түрі. Есімше. Көсемше. Етіс. Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары. Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Үстеу. Шылау.
Синтаксис. Сөйлем. Айтылу мақсатына қарай түрлері. Сөйлем мүшелері.
Тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Календарно - тематическое планирование
Subject planning of lessons
(34 сағат)
І. Достық /Дружба/
Friendship
1 Friendship
2 More friends
3 Good - bad
4 Friendship is great feeling
5 Revision
ІІ. Салт - дәстүрлер/
Традиции/
Traditions and customs
1 Traditions
2 Customs
3 To be
4 Astana Kazakhstan
5 Revision
ІІІ. Білім/Образование/
Education
1 Aliya Alua
2 Big small
3 Bigger smaller more interesting
4 Biggest smallest most interesting
5 Revision
ІV Жер - Ана жыламасын/
Экология./Ecology
1 One two three
2 One two three
3 My your her his its
4 Our your hers his
5 Revision
V Мамандық./Профессия./Profession
1
I you he she it
2 Can
3 Can not
4 - ing
5 Revision
VІ Ақпарат көздері/Средства массовой информации/
Means of mass media
1 Seasons
2 Verbs
3 Noun and verbs
4 Adverb
5 Revision
VІІ Халықаралық қарым - қатынас/ Международные отношения/
International affairs
1 On. In. under.
2 Sentence
3 Body
4 Revision

Ақмола облысы, Бурабай ауданы,
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Садырова Аягоз Утегенқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 202
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Баяндама: "Билингвалды білім беру"
Баяндама: "Билингвалды білім беру"
Еліміздің тіл туралы заңында көрсетілгендей ҚР - да тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып - үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. ҚР - да қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен
Үштілділік - рухани жаңғыру
Үштілділік - рухани жаңғыру
Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір - бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті»,- деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түскен.
Ағылшын тілін дамыта оқытудағы ақпараттық технологиялардың ерекшелігі
Ағылшын тілін дамыта оқытудағы ақпараттық технологиялардың ерекшелігі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы, №78 мектеп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакеева Галия Талгатовна
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық.
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №64 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі: Батимова Гүлжайна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×