Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегілер еліне саяхат

13 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ортаңғы «Толағай» тобы
Білім беру саласы:"Әлеуметтік орта".
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы:"Ертегілер еліне саяхат"
Мақсаты: Балалардың көркем шығарманы түсіне білуін қалыптастыру. Ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін және жүріс - тұрысын бағалауға үйрету Суретке көңіл қойып мазмұнын айтуға үйрету. Сөз қорын жетілдіру, жан – жақты білімдерін кеңейтіп, тапсырмаларды жұптаса орындату. Еңбекқорлыққа, достыққа, кішіпейілдікке мейірімділікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Орман бейнесі, аңдардың бет перделері, бейнетаспа.
Әдіс тәсілдері: сұрақ, жауап көрініс.

Жүру барысы:
Кіріспе.
Шаттық шеңбері:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!
Таң қалдыру: осы кезде бөлмеге қағаздан жасалған тік ұшақ ұшып келеді.
Тәрбиеші:
- Ой, балалар мынау не, ашып көрейік пе?
Балалар:
- Таңдана иә!- дейді.
Тәрбиеші:
- Балалар мынау хат екен, мұнда не жазылғанын оқиын ба?
Балалар:
- Иә!
Тәрбиеші:
- Бұл хатта былай деп жазылған: «Балалар мен сендердің достарың - Сиқыршы баламын, сендер мені ұмытпаған боларсыңдар, мен жаңа жыл мерекесінде сендерге қонаққа келіп едім, сендерге шыршаны жағуға көмектесіп едім, мені ұмытпаған боларсыңдар. Енді балалар маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Менің сиқырлы таяқшамды Мыстан кемпір тартып алып орманға лақтырып кетті, ал өзімді Ертегілер еліндегі қамалға қамап кетті. Мен шыға алмай жатырмын. Маған сиқырлы таяқшамды тауып бере аласыңдар ма? Сиқырлы таяқшаммен сиқыр жасап қамалдан шыға алар едім. Сәлеммен Сиқыршы бала».
Балалар көмектесеміз бе, Сиқыршы балаға?
Балалар:
- Иә, көмектесеміз.

Тәрбиеші:
- Ендеше балалар біздер орманға саяхатқа аттанайық. Алдымен орманға бару үшін керекті құралдар алып кетейік. Олар: жолдорба, бал, бауырсақ, дәке, мақта, йод, арқан. Міне керекті құралдарды алдық. Ендеше барлығымыз көздерімізді жұмып, бір - біріңнің иықтарыңнан ұстап менің артымнан еріңдер.(орманның әуені шығады).
Балалар көздеріңді ашыңдар! Біз орманға келдік.
Балалар айналаларына қарап аң - таң болды.
Тәрбиеші:
- Балалар мына көпірдің үстімен абайлап жүріңдер, өзенге түсіп кетпеңдер!
Алдымызда тұрған ненің үйі екен, балалар есігін соғып көріңдерші.
Үйшіктен қоян шығады. Қоян:
- Ой, ой, ой сендер қайдан жүрсіңдер?
Балалар қоянмен амандасады.
Тәрбиеші:
- Балалар біздер орманға не үшін келгенімізді қоянға айтып беріңдерші.
Балалар:
- Біздер орманға Сиқыршы баланың сиқырлы таяқшасын іздеп келдік. Бізге көмектесе аласыз ба?
Қоян:
- Менің бір шартым бар, егер соны орындасаңдар мен қайдан көргенімді айтам.
Тәрбиеші:
- Балалар келісеміз бе?
Балалар:
- Иә, келісеміз!
Қоян:
- Олай болса мен ертегілердің үзінділері бейнеленген кубты жереге лақтырам, қай сурет түседі сол ертегіні айтып бересіңдер. Қоян кубты лақтырады.
Балалар:
- Бұл «Бауырсақ» ертегісі. Ертегіні айтып береді.
Қоян:
- Жарайсыңдар балалар! Тағы қандай өнерлерің бар?
Эльнура:
Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы - қырлы жерменен
Ытқып - ытқып жүреді.
Түлкі:
- Мен сендерге ризамын, ақылды, тапқыр екенсіңдер. Сиқырлы таяқшаны қасқырдан көрдім, ал мен кеттім - деп балалармен қоштасады да, секіріп қашып кетеді.
Тәрбиеші:
- Балалар естідіңдер ғой, енді біз кімді табуымыз керек?
Балалар:
- Қасқырды.
Тәрбиеші:
- Ендеше әрі қарай жүрейік.
Ыңылдаған қасқырдың дауысы шығады. Қасқыр көмек сұрап ұлып жатады.
Тәрбиеші:
- Балалар естідіңдер ме, бір дауыс шығады. Ол дауыс қайдан шығып тұр?
Балалар:
- Иә, естідік. Бұл қасқырдың дауысы ғой. Мына жерден - деп, үңгірді көрсетеді.
Үңгірде қапқанға түсіп қалған қасқыр жатады. Балалар мен тәрбиеші көмектесіп қасқырдың қақпанын ашып береді.
Қасқыр тәрбиеші мен балаларға тап береді.
Тәрбиеші:
- Балалар айтыңдаршы қасқырдың ісі дұрыс па, жақсылыққа жамандық жасауға бола ма?
Балалар:
- Жоқ, дұрыс емес. Бізді жіберіңізші.
Қасқыр:
- Мен сендерді жеймін, менің қарным аш.
Тәрбиеші:
- Бізде сенің қарыныңды тойдыратын нәрсе бар деп себеттен нан алып береді.
Қасқыр нанды жеп алып:
- Менің қарным тойды, сендерді босатам бірақ бір тапсырмам бар. Мен сендерге өлең жолын айтам, қай ертегіде кездесетін өлең екенін айтсаңдар, мен сендерді босатам - дейді.
Өлең: «Шырақтарым, лақтарым, аналарың келді. Сендерге сүт әкелді, есікті ашыңдар!»
Бұл қай ертегі?
Балалар:
- Бұл «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі.
Қасқыр:
- Жарайды босатайын сендер жақсы балалар екенсіңдер - деп, орманға кетіп қалады.
Тәрбиеші мен балалар әрі қарай жол тартады. Алдарынан үңгір шығады.
Үңгірдің ішінен түлкі шығады.
Түлкі:
- Сендер орманда не істеп жүрсіңдер?
Тәрбиеші:
- Балалар біздер орманға не үшін келгенімізді қоянға айтып беріңдерші.
Балалар:
- Біздер орманға Сиқыршы баланың сиқырлы таяқшасын іздеп келдік. Бізге көмектесе аласыз ба?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 715
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Орманға саяхат (сызба арқылы әңгіме құрастыру).
Ормандағы жабайы аңдардың қысқы тіршілігі, оларың қысқы табиғатқа бейімделуі, жабайы құстар, орман ағаштары тақырыбы бойынша балалардың білімдерін кеңейту.
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Сөз, сөйлемдердің ара жігін анықтайды сөздік қорын толықтырады;
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Сахналалық көрініс қоя білу, таңдап алған рөліне еніп, ойнауға жаттықтыру.
Көркем дербес ойын
Көркем дербес ойын
Мақсаты: Білімдік: Балаларды мәнерлеп, жаңа сөздермен байланыстырып сөйлеуге үйрете отырып, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін шыңдау.
Мейірімділік әлеміне саяхат
Мейірімділік әлеміне саяхат
Әулиекөл ауданы, «Айгөлек»балабақшасы МКҚК тәрбиешісі Нашен Гүлмира Сагантаевна
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
КМҚК "Жауқазын" ясли бақшасы тәрбиешісі: Нұрманова А. С.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×