Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Берекелі Алтын күз!

15 қазан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Берекелі Алтын күз!»
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата - аналар, барша қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты
мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштың селдіретіп.
Тойға бөлеп елімді күзім келді,
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Тілеймін аман болсын ел іргесі,
Алтын күзде артсыншы берекесі.
Молшылық пен ырыс, құт ала келген,
Құтты болсын Алтын күз мерекесі.
Ән: «Күз ырғағы»

1 - бала: Қуантып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті Алтын күз,
Кемелденсін халқымыз!

2 - бала: Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз – байлық, береке,
Алтын күз мереке!

3 - бала: Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.

4 - бала: Алақай, алақай!
Шаттанды балақай.
Күз түсті, дән пісті,
Айтамыз алғысты.

Жүргізуші: Балалар, қане, күз айларын кім атайды?
- Қыркүйек, қазан, қараша.
- Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.
Қыркүйек айы: Менің атым – Қыркүйек! Күздің бірінші айымын. Байлықтың, барлықтың айымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?

5 - бала: Күн ғой бір ең тәуір,
Бірінші қыркүйек.
Қоңырау соғылды,
Күміс күй төгілді,
Білімге талпынған
Балалар жиылды.

Қазан айы: Менің атым – Қазан. Жиын - терімнің соңғы айымын. Еңбекқор елді той - думанға кенелтемін. Балалар, менде қандай
мерекелік күндер бар?
- Ұстаздар күні мен қарттар күні.
Қараша айы: Күздің соңғы айы қараша деген мен боламын. Күннің суып. Қыстың жақын екенін естеріңе саламын.
Ал менде қандай ерекшеліктер бар, кім біледі?
«Ақбота» балабақшасы тәрбиешісі Қайрғалиева Бағдагүл

Толық нұсқасын жүктеу
2 557
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Берекелі, Алтын күз!
Берекелі, Алтын күз!
Күз мезгілі туралы және ол мезгілде қандай мерекелер болатыны жөнінде кеңінен таныстыру.
Келді міне Алтын күз! ертеңгілік
Келді міне Алтын күз! ертеңгілік
Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру. Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл - күйлерін көтеру.
Аяулы күз, алтын күз!
Аяулы күз, алтын күз!
Мұнда назар салайық Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған Ертеңгілікті бастайық.
Күз сыйы
Күз сыйы
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Алтын күз (ертеңгілік)
Алтын күз (ертеңгілік)
Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, балалар! Сіздерді «Айна» тобының «Алтын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.