Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аққала

24 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: «Аққала»
Сабақтың мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейту, қар аппақ, қар аяз күні сықырлайды деген жаңа сөздерді меңгерту, балалардың сөздік қорын дамыту. Балаларға ерме саздан аққаланы әдемі, ұқыпты етіп мүсіндеуді үйрету.
Әдіс - тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ жауап, көрсету, түсіндіру
Көрнекіліктер: Қыстың суреті, тірек сызба, ермексаз, қол сүлгі, ермексаздан жасалған Аққала.
Сабақтың барысы:
Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңберін жасайды
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Кәне, балалар барлығыңда маған қарап отырыңдар. Сендер жылдың төрт мезгілін білесіңдер ме?
- Иә.
- Олай болса, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс.
- Дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілі.
- Қыс айларын білесіңдер ме?
- Білеміз.
- Кәне, атап айтайық.
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Дұрыс.
- Қыста күн қандай болады?
- Суық, аяз, боран болады.
- Сонымен бірге жерде не болады?
- Қар.
- Қардың түсі қандай болады?
- Ақ.
Қардан біздер не жасаймыз?
- Аққала
- Қар аяз күні аяғыңмен басқанда сықырлайды.
Ал, балалар қыста қандай ойындар ойнаймыз.
- Сырғанақ тебеміз, аққала соғамыз.
- Балалар, қыста сендер тоңасыңдар ма?
- Тоңбаймыз.
- Дұрыс айтасыңдар, тоңбаймыз. Себебі біз жылы киім киеміз.
- Қыста қандай киімдер киеміз?
- Тон, құлақшын, қолғап, жылы етік.
- Балалар аязда тоңбау үшін не істеуміз керек?
- Жүгіреміз, секіреміз, ойнаймыз, сырғанақ тебеміз.
- Өте жақсы.
- Жарайсыңдар балалар.
- Сендер шаршаған боларсыңдар
Сергіту жаттығуын жасайық.
Аула іші бақ дала,
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айналып,
Би билейміз шаттана.
- Отырыңдар. Мен сендерге жұмбақ айтамын, сендер соның шешімін айтыңдар
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен мұрыны.
Қыста қардан тұратын,
Тауып көрші сен оны.
(Аққала)
Енді балалар, бүгінгі сабағымызға келейік. Біз бүгін сабағымызда «Аққала мүсіндейміз».
- Осы кезде есік соғылып Аққала қонаққа келеді.
- Ой, балалар, бізге кім келіп тұр, амандасайықшы
- Саламатсың ба, сен кімсің?
- Мен Аққаламын
- Мен өзіме дос іздеп жүрмін, сендердің достарыңыз көп, ал мен болсам жалғызбын, маған дос тауып беріңдерші.
- Ендеше балалар аққалаға дос мүсіндеп берейік
- Иә
Сызба арқылы аққаланың жасалу жолдарын түсіндіремін.
- Бұл Аққала.
- Мұнау басы, кеудесі, аяғы.
- Аққала неше бөліктен тұрады?
- Үш.
- Дұрыс үш бөліктен тұрады.
- Мынау Аққаланың несі?
- Басы, кеудесі, аяғы.
- Аққаланың көзі, мұрны, аузы бар екен.
- Неше көзі, неше мұрны, неше аузы бар?
- Екі көзі, бір аузы, бір мұрны бар.
Аққала басына шелек кигіземіз, мұрнына сәбізді орнатамыз.
Енді ермексаздан жасаймыз. Ең бірінші өзім жасап көрсетем. Әуелі шағын доңғалақ жасаймыз. Аяғы үлкен, кеудесі орташа, басы кішкентай, көзін, ауызын, басына шелек, мұрнына сәбізді орнатамыз. Міне, Аққала өте әдемі болып шықты. Енді барлығымыз жұмысымызға кірісейік. Қазір барлығыңның жұмыстарыңды қарап шығамын.
- Өте жақсы, барлығыңда жақсы мүсіндеген екенсіңдер.
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Иә
Аққала басына не кигіздік?
- Шелек
- Аққалаға біздер не мүсіндеп бердік?
- Дос
Аққалаға дос мүсіндеп берген үшін сендерге риза болып жатыр.
Аққаламен қоштасу
- Балалар, барлығыңда сабаққа жақсы қатыстыңдар.
- Сабақты қорытындылау.

Күтілетін нәтиже
Білу керек қыс мезгілі ойынын
Игеру керек аққала жасалу жолдарын
Меңгеру керек аққала мүсіндеуді
3 650
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы серуен
Қысқы серуен
Мақсаты: Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерінің дұрыс айта білуге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Қармен тәжірибе жасау
Қармен тәжірибе жасау
Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Аққала
Аққала
Қызық мәлімет «Қыстың көркі – қар»демекші, жер дүниені аппақ қар орап жатқан олардың да өзіндік әсемдіктері бар, өзіне ғана тән ерекшеліктері жетерлік Уилсон Бетрлей деген ғалым ХIХ ғасырда 46 жыл бойы «Фотомикровик»фотоаппараты арқылы қар
Ақ ұлпа қар
Ақ ұлпа қар
Аякөз қаласы, №4 жалпы аралас орта мектеп ішіндегі кіші кешен тәрбиешісі Абдинова Назым Даутовна
Жұмбақтар әлемі
Жұмбақтар әлемі
Жамбыл облысы, Тараза қаласы, №4 "Балдырған" балабақшасы Ансатбаева Света
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×