Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем. Сурет бойынша әңгіме құрастыру

08 қараша 2015, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Атырау қаласы,
№8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы
МАД тобының тәрбиешісі - Дюсемалиева Гүлсім Жексенқызы

Білім беру саласы: Қатынас.
Оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту.
Бөлімдері: Сауат ашу, көркем әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі.
Тақырыбы: Көктем. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Мақсаты: Балалардың көктем туралы білімдерін жүйелеу, қорытындылау.
Білімдік: сурет бойынша әңгіме құрастыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу, көктемнің әртүрлі кезеңдері туралы ұғымдары мен әсерлерін өз бетінше сипаттауға, осы белгілерді өз бетінше таба білуге үйрету. Сурет бойынша сипаттаған кезде оның орны мен өтіп жатқан мезгілін көрсетіп, анықтамалар мен салыстыруларды таңдай білуге үйрету.
Дамытушылық: бақылағыштық, талдау жасау және салыстыра білу, өз ойын қорытындылап, оны сөйлем арқылы көрсете білу дағдыларын дамыту, әртүрлі сөйлемдерді құрастыруға жаттықтыру, қиялын, байланыстырып сөйлей білуін дамытуға мүмкіндік туғызу, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: табиғатты сүйе білуге және оны оқып үйренуге ынталандыруға тәрбиелеу, табиғатта қауіпсіздік ережелерін сақтай білу дағдыларын бекітіп, сөйлеу мәдениеті мен әңгімелеушіні тыңдай білу дағдыларына тәрбиелеу.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Көктем туралы әңгімелер оқу, тақпақтар жаттату, жұмбақ шешу, мазмұнды суреттер қарау, табиғат аясында бақылау жасау.
Билингвалды компанент: көктем, қар, ағаштар, бүршік, тамшылар.
Сөздік жұмыс: көктем келді, бүршік жарды, құстар қайтты.
Технологиялық қамтамасыз ету: «Көктем» суреті, ағаштардың, құстардың, күннің, бұлттардың суреттері, құстың ұясы, АКТ.

Жүру барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде тіл дамыту оқу іс – әрекеті, бірақ онда не жөнінде болатынын сендер жұмбақтың шешімін тапқанда білесіңдер:
«Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп, селдеткен.
Жаңбырлатып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?»
Балалар: Бұл көктем мезгілі.
Тәрбиеші: Дұрыс, көктем мезгілі. Олай болса біз бүгін «Көктем»суретін қарап, сол бойынша әңгіме құрастырамыз. Көктемде не болады? Көктем алгоритмін көрсету.
Балалар: Көктемде табиғат оянады.
- көктемде күннің көзі жарқырап шығады;
- ағаштар жанданып, бүршік ата бастайды, алғашқы жапырақтар шығады;
- оңтүстіктен құстар ұшып келіп, ұя жасап, күні бойы ән салады;
- аспан ашық әрі таза болады. т. с. с.
Тәрбиеші: Бұл мезгіл туралы ақындар өте көп тақпақтар жазды. Балалар көктем туралы тақпақтарды айтып береді.

1. Жасыл көктем келеді,
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе,
Мөлдір тамшы төгеді.

2. Тамшы, тамшы, тамшылар
Көгерді ағаш, тал шынар.
Тамшылардан өнетін,
Тамаша гүлдер бар шығар.

3. Көлде аққу, көкте қаз,
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырып дала жайнаған.

4. Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
Тәрбиеші: Ақындар көктем туралы тек тақпақтар жазып қана қойған жоқ, жұмбақтар да ойлап тапты:
1. Күн күледі,
Жер түлейді. (көктем)

2. Жарқ етсе сабау қамшы,
Нөсерлетіп жауар тамшы. (найзағай)

3. Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді,
Сол кезде ой қаулап,
Бәйшешек өнеді.(жаңбыр)

4. Жатты да жатты, жылғаға ақты. (қардың еруі)

5. Аппақ болып гүл тұрар,
Жылына бір құлпырар. (жеміс ағашы)

Тәрбиеші: Балалар, мына суретке қараңдаршы, өздеріңді бір алаңқайда тұрғандай елестетіңіздерші. Сол кезде біз нені көреміз?
Балалар:
- Мен аспаннан ұшып бара жатқан тырналарды көріп тұрмын.
- Мен егіске шығып бара жатқан тракторды көрдім.
- Мен ұя жасап жатқан құстарды көрдім.
- Мен өзенді көрдім.
- Мен үйлерді көрдім. т. с. с. (Балалар өздерінің сөздік қорларын қолданып, сөйлемдер айта бастайды, осылайша алғашқы экологиялық түсініктерді бекітеді.)
Тәрбиеші: Балалар, сендер иісті сездіңдер ме?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 444
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақша
Балабақша
Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету; сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту. Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым - қатынаста
«Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары
«Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары
Қатынас білім беру саласы бойынша «Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Байланыстыра сөйлеуге үйрету. Жыл мезгілдерін ажырата білу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Көктем келді
Көктем келді
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы. МАД тобының тәрбиешісі - Дюсемалиева Гүлсім Жексенқызы
Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Сатыбалдина Гулнур Маратовна
Көрікті көктем
Көрікті көктем
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі аракөз Асарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×