Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдемі гүлдер

26 наурыз 2017, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Әдемі гүлдер
Білім беру салалары: "Шығармашылық"
Бөлімі: "Сурет"
Мақсаты: Дәстүрден тыс әдісті жетілдіре түсу – «паралон әдісімен салғызу». Гүлдің бейнесін жеткізе білуге үйрету. Түстерді бекіту. Ой қабілеттерін дамыту. Табиғатқа деген сезімдерін тудыру. Ұқыптылыққа, тазалыққа, ұжыммен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: көрсету, түсіндіру, таныстыру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ұжымдық жұмыс.
Қажетті көрнекті құралдар: ақ қағаз А3ф, жасыл, қызыл, сары түсті гуашь, паралон әр түрлі формалар, қылқалам, сүлгі, су, тәрелкелер, үнтаспа, ара, интеративті тақта, слайд, бейне таспа.
Қостілділік компонент: ара - пчела, гүлдер - цветы

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
1. - Балалар, бізде бүгін ерекше күн.
- Біздің оқу іс - әрекетті көруге көптеген қонақтар келді. Келген қонақтарға сәлемімізді жолдайық:
- Ия, балалар, әрбір арайлап атқан таңымызға, келген жаңа күнімізге қуанайық. Онда барлығымыз бірге келген қонақтарға қуанышымызды білдірейік.

Ұйымдастырушылық ізденіс
2. Таңғажайып сәт.
- Балалар, бізге бүгін ара ұшып келді, кәне, бәріміз арамен амандасайық.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар мен сендерге жәй ұшып келген жоқпын! Маған сендердің көмектерің керек!
- Қандай көмек? Не болып қалды?
- Біреу менің гүлдерімді басып кетті. Енді біз бал жинай алмаймыз! Не істейтіндерімізді білмейміз?
- Балалар, араға көмектесеміз бе?
- Мұңайма, ара, біз саған көмектесеміз!
- Балалар, біз араға қалай көмектесеміз?
- Балалар, сиқырлы тақтаға қараңдаршы бұл суретте не бейнеленген?
- Бұл гүлдердің суреті!
Тәрбиеші балаларға слайд арқылы гүлдердің түрлерімен таныстырады.
1) Бәйшешек.
Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.
2) Раушан гүл.
Әдемімін, менен қай гүл аса алған,
Әуелден - ақ, "гүл патшасы" атанғам.
Әсемдік пен хош иістен нәр алдым,
Әлемнің көп жерлеріне таралдым.
3) Қызғалдақ.
Қырқалардың төрінен,
Қаулап көзге шалынар.
Қызғалдақтар өскен қыр,
Қызыл көрпе жамылар.
- Балалар, қазір мен мынау гүлді қалай салғанымды көрсетемін. Балалар суретті салмас бұрын мен сендерге немен салатынымызды айтып кетемін: бұл поролон оның екі пішіні бар ол – дөңгелек және сопақша біз дөңгелек паралонды сары түске, ал сопақшаны қызыл түстерге батырамыз да бастырып суретімізді саламыз. Мұқият қарап отырыңдар (тәрбиеші рет – ретімен салғанын көрсетеді).
- Балалар, сендер мұқият қарадыңдар ма? Ендеше, мен сендердің қалай түсінгендеріңді ойын арқылы көремін.
3. Дидактикалық ойын:
«Гүлдің формасын құрайық»
Мақсаты: Ой қабілеттерін дамыту. Гүлдің формасын үлгі бойынша құрастыру.
4. Бой сергіту жаттығуы:
"Бойымызды жазайық!"
(сиқырлы тақта арқылы)
- Балалар өте керемет екен! Сендер, мұқият қарап отырдыңдар. Ендеше суретімізді салуға кірісейік!
- Балалар, сендердің саусақтарың шаршаған шығар, ендеше бәріміз саусақтарға арналған жаттығу жасайық!

5. Саусақ ойыны: «Біздің гүлдер»
Біздің күлтелер ашылады,
(бір - бірімен қосылған саусақтар ашылады)
Баяу жел үрледі.
(саусақтарды оң және сол жаққа еңкейтеміз)
Әдемі гүлдің күлтелері жабылады,
(саусақтарды бастапқы қалпына жабамыз)
Бастарын қозғалтады, тәтті ұйқыға кетеді.
(алға – артқа, оңға – солға қозғалтады)
(бұл ойынды бірнеше рет ойнатады)
- Балалар, саусақтарымыз демалды әрі қарай суреттерімізді аяқтайық.
- Балалар, міне суреттерімізді аяқтадық, суреттерімізді араға көрсетейік! (балалардың суреттерін іліп қояды)
- Ара, көрдіңіз бе, біздің балалар сіздерге өте әдемі гүлдердің суретін салып берді! Енді сіздер бал жинай аласыздар! Балалар гүл туралы тақпақтар да біледі.
- Ия, балалар суреттерін өте керемет! Енді біз бал жинай аламыз! Мен басқа араларға барайын жақсы жаңалықты айтып барайын! Рахмет сендерге, балалар! Сау болыңдар!
- Балалар, ара сендерге өте риза болды!

- Балалар, бәріміз көздерімізді жұмайық. Бәріміз аралардың гүлдердің үстінен бал жинап жатқанын елестетейік. Көбелектер де гүлдердің айналасында мәз болып ұшып жүр. Барлығы риза болып жатыр. Көздерімізді ашайық! Балалар, жаңа ғана елестеткен бейнелерің рас болып шықты. Тақтаға қараңдаршы!
Іс - әрекетін бағалау кезеңі

Іс - әрекетін бағалау кезеңі
6. Сабақты қорытындылау.
- Балалар бізге бүгін қонаққа не ұшып келді?
- Біз ненің суретін құрастырдық? Біз не салдық?
- Немен салдық?
- Қандай түстерді қолдандық?
- Бізге не риза болды?
- Балалар бүгінгі сабағымызға рахмет!

Атырау қаласы,
МКҚК №29 "Нұрсая" бөбекжай балабақшасының әдіскері
Байбулатова Гулбаршын Жолдыгалиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 890
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бәйшешек
Бәйшешек
Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек туралы түсініктерін кеңейту.
Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Ауылдағы адам еңбегі, Кішкентай бағбан
Балаларды ауылдағы адамдардың еңбегімен таныстыру, ауылдағы басты еңбек түрін ажырата білуге үйрету. Жыл мезгілдеріне қарай еңбек түрлері және қолданылатын техника құралдары жайлы білімдерін дамыту. Әңгіме желісін көрініс арқылы көрсету. Әңгіме
Аққала жапсырайық!
Аққала жапсырайық!
Балаларға аққала туралы мағлұмат бере отырып, аққала жапсыруды үйрету. Қыс туралы әңгімелеп беру. Ауыз екі сөйлеуін дамыту. Бүктелген шаршыдан қиылған әртүрлі өлшемдегі дөңгелектерден аққаланың, үшбұрыштардан шыршаның бейнесін құрастыру.
Жемістер
Жемістер
Жемістер суретін сала отырып, түстерді дұрыс таңдай білуге қалыптастыру. Ойлауға, елестетуге, қиялдауға дағдыландыру. Әдемілікке, әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Қуыршақтар бізде қонақта
Қуыршақтар бізде қонақта
Қуыршақтың киімдерінің түстері туралы түсінік беру, түстер туралы білімдерін кеңейту, зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту. Заттарды топтастыру және салыстыруға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Мысық
Мысық
Орал қаласы, Казталов ауданы, Нұрбалапан бөбекжай балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар Досболатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×