Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


7 саны (шебер класс)

15 қараша 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сабақ тақырыбы: 7 саны (шебер класс)
Сабақ мақсаты: балаларды 7 - санының құрамымен таныстыру. Қосу мен азайту амалдарын қолданып, сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
- Балалар, біз ертегі тыңдағанды жақсы көреміз. Біз көп ертегілермен таныспыз. Мына суретте қандай ертегілерді бейнеленген? «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ», «Маша мен аю», «Алтын сақа», «Жеті лақ» ертегісі».
Жеті лақ ертегісінің кейіпкерлерін атаңдаршы?
- қасқыр, ешкі және жеті лақ.
- балалар, ешкі орманда лақтарымен серуендеп жүргенде, лақтары көбелек қуып ойнап жүріп аналарынан адасып қалыпты. Енді біз осы ешкінің лақтарын тауып беруіміз керек., ол үшін бірнеше тапсырмалар орындаймыз.
1- тапсырма: «Сандарды сана» (тура және кері санау, көзбен санау, қазақша, орысша, ағылшын тілінде айту керек)
1 - тапсырманы орындаған балаға боялмаған лақтың суретін беріп, оған ермексазды жіңішке ұзыншалағанын беріп шиыршықтауды тапсыру
2-тапсырма: «Жоғалған сандарды тап?»
2 - тапсырманы орындаған балаға сұйық ермексаз арқылы боялмаған лақтың суретін бояуды тапсыру.
3-тапсырма: Логикалық есептер.
- Қазір мен сендерге қызықты есептер оқимын, сендер мұқият тыңдап, ойланып тапсырманы орындаңдар жарай ма?
- Орманда аңдар арасында жүгіруден жарыс өткізілді. Жүгіруге қоян, балық, түлкі дайындалыпты. Осы жарыста балық нешінші болып келеді деп ойлайсыңдар? (Балық жүгіре алмайды.)
Бес қонжық орманға,
Бара жатты қорбаңдап
Бірі олардың шаршады
Әрі қарай бармады.
Жауабын қане, тез айтшы,
Қанша қонжық кетті алда? (4)
Ұлпа жүнін қыздырып
Күн шуақта бір күшік
Отыр еді маңына,
Келді тағы төрт күшік
Нешеу болды, сен сана? (5)
- ұяға құс тез ұшып келе ме, әлде жұлдыз құрт па? (құс)
- өте жақсы балалар ойларың ұшқыр екен.
3 - ші тапсырманы орындаған балаға боялмаған лақтың суретін беріп желім арқылы жіппен орындалатын тапсырма беру.
4-тапсырма:»Көршілес сандарды тап!
4 - тапсырманы орындаған балаға мақтамен жұмыс жасату.(боялмаған лақты мақтамен желім арқылы жапсыру)

5-тапсырма «Сөздік ойын».
1. Екі бірден көп ал бір...
2. Сен аяғыңмен жүресің, ал затты немен ұстайсың...
3. Тышқан мысықтан кіші болса, онда мысық тышқаннан...
4. Егер үстел орындықтан биік болса, орындық үстелден...
5. Тас мақтадан ауыр болса, мақта тастан...
6. Кітап қалың болса, ал дәптер...
7. 5 - ші балаға жасанды қармен жапсыру желім арқылы. (шпагат жіпті ұсақтап қисаң жасанды қар шығады)
6-тапсырма: «Қандай пішіндерге ұқсайды»
6 - шы балаға фольга қағазынан тапсырма бері.
7-тапсырма: Сандарды салыстыру.
7 - ші балаға ұсақ қиылған қағаздан лақты жетім арқылы жапсыру. (сальфетка қағаз)
- Сонымен балалар біз ешкінің жеті бірдей лағын таптық, бүгін біз 7 санымен танысамыз. Енді санайықшы осы лақтарды. (тура және кері санау)
- балалар жеті санын қазақтар яғни біздер киелі сан деп есептейміз. 7 деген сөзді біз күнделікті өмірде қолданамыз. (Жеті қазына, жеті нан, жеті ата, жеті апта)
7санының құрамасын табу.
Есеп шығару.
7 саны неге ұқсайды? (шалғы, туфлиге, шұлыққа)
- Балалар, біз қандай мерекені атап жатырмыз?
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 25 жылдығын атап жатырмыз.
Қазақстан Республикасы деп атағанда алдымен көз алдымызға нені елестетеміз?
- Көк аспанда желбіреп тұрған көк туымызды елестетеміз.
- Өте жақсы
- балалар, мына ақ бетте тудың боялмаған суреті салынған. Осы ақ бетті файлдың ішіне салып, қолымда тұрған көк және сары түсті сұйық бояумен туды файлдың сыртына жағып бояймын. Міне көк тудың суретін бояп шықтым, бұл бояу сұйық болғасын 3, 4 сағатсыз кеппейді. Боялған суретімізді кептіреміз. Әбден кепкесін суретті файлдың бетіне құрғақтай алып, таза ақ беттің бетіне әкеліп тудың суретін орналастырамыз. Өте әдемі шықты.
- Балалар, сендер 7 санын шалғыға, туфлиге, шұлыққа ұқсаттыңдар. Ал, мына көк туымыз неге ұқсайды? Мен көк аспанда желбіреп тұрған көк туымызды киелі жеті санына ұқсатамын. Ұқсай ма? Әрине ұқсайды.
- Балалар, сендерді тәуелсіздік мерекелеріңмен құттықтаймын. Сендерге көп - көп рахмет. сол үшін қолымызды шапалақтайық.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
№12 бөбекжай - бақшасы тәрбиешісі:
І - ші санатты тәрбиеші Аманғожина Халима Әлжанқызы

7 саны (шебер класс) жүктеу
7 саны (шебер класс) слайдты жүктеу
2 257
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Балаларға 4 санының жазылу жолдарын, құрамымен таныстыру. 0 - ден 4 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Балаларды 7 санының құрамымен таныстыру, 7 санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіру.
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. 5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету. Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып, балалардың білім дағдыларын қалыптастыру. Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Ол үшін біз «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік. Қане балалар, 6 санының көршілерін кім атап береді?
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Таласбаева Айдана Сержанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×