Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын балық

01 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы "Шығармашылық"
Бөлім: Мүсіндеу
Тақырыбы: Алтын балық
Мақсаты:
• ермексазды есу, шымшып созу және жалпақтау тәсілі арқылы балықты мүсіндеуді үйрету;
• тазалыққа тәрбиелеу;
• қол икемділіктерін дамыту.
Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: Ермексаз, алтын балықтың үлгісі, сүлгі, тақтайша
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Достар бірге жүреміз, бірге ойнаймыз, күлеміз, Бірге балық аулаймыз, міне біздер қандаймыз? Орман көлге шыңға біз, саяхатқа шығамыз. Бөлінбейді іргеміз, әрқашанда біргеміз. Әрқашан тілектес, досыңа көмектес.
Үлгі суретпен жұмыс
Кенеттен сурет пайда болады.
Шаңқ - шұңқ еткен үні жоқ,
Сусыз оның күні жоқ.
Жүзіп кетсе соңында
Қалып жатқан ізі жоқ. (Балық)

Ғажайып сәт:
Есік қағылады. Алтын балық кіріп келеді.
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен ертегідегі алтын балықпын. Мен су патшалығынан сендеге арнайы ұсыныспен келдім. Маған шәкірт керек. Маған алтын балық мүсінін жасап бересіңдерма?

Ұйымдастыру - іздестіру
- Алтын балық "Сендердің тілектеріңді орындау үшін, мені әдемілеп мүсіндеп, үйлеріңе алып барып, бір жақсы жерге қойып қойыңдар" дейді. Келіңдер, оны ермексаздан әдемілеп жасайық.
Балаларды үш топқа бөліп, 1 топқа
Алтын балықты мүсіндеу жолдарын көрсетіп, бірге жасатады:
• сары түсті ермексаздан сопақша пішін жасату;
• сопақша пішінді жалпақтату арқылы балық денесіне ұқсату;
• кішкентай қызыл түсті ермексаздың бөлігінен аузын, қоңырқай түсті сәл кішірек бөлігінен құйрығы мен қанатын жасату;
• жасалған балық денесіне аузы мен құйрығын, қанатын жапсырту.
2 топқа қағаздағы балық суретіне ермексаздан жабыстырып, үстіне жылтыр моншақтарды жабыстырады.
3 топқа мүсіндеу тақтасына құм ермексазын пайдалана отырып балықты мүсіндейді.

Сергіту сәті
Бір, екі - еңкей,
Бүгілмесін тізең.
Үш - төрт шалқай,
Иілмесің тізең.
Қолды көтер аспанға
Саусақты соз, жасқанба.
3 топтағы балалар жұмыстарын ауыстырады.

Рефлексивті - түзетушілік
Көрме ұйымдастырады. Балалардың жұмыстарын мақтайды.
Алтын балық балаларға естелікке сыйлығын ұсынады.

Алтын балық. жүктеу
7 989
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аквариумдағы балықтар
Аквариумдағы балықтар
Балаларға теңіз балықтары мен аквариумдағы балықтардың тіршіліктерін таныстыру. Балық туралы білімдерін жүйелеп тереңдету. Шығармашылық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, саусақ қимыл қозғалыстарының ептілігін қалыптастыра дамыту.
Нептун күні
Нептун күні
Су - тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы қасиеті туралы білімдерін кеңейту. Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету
Етістік
Етістік
Атырау қаласы, Ғ. Мүсірепов атындағы №5 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлбатырова Гүлзия
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ж. Жабаев атындағы № 234 орта мектеп МАД тобының жетекшісі Сулейменова Айгул
Су асты әлемі
Су асты әлемі
Жармағанбетова Гүлмира Қаламбекқызы
Алтын балық
Алтын балық
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Куанышбаева Жанар Сайлаубекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×