Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз - көңілді баламыз

20 қараша 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
ІІ сәбилер тобы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Музыка
Тақырыбы: «Біз - көңілді баламыз»
Мақсаты: Балаларды музыканың әр түрлі сипатымен таныстыру.
Музыка ырғағын сезіне, әрекет ете білуге үйрету.
Әнді дауыстап, көңілді күйде орындауға талпындыру.
Балалардың ән айтуға деген қызығушылығын ояту.
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Әр түрлі көңіл - күйдегі балалар суреті, сылдырмақтар, ойын атрибуттары

Мотивациялық қозғаушы
І. Бастапқы жүріс.
Марш екпінді әуен ойнап, балаларды қабылдайды. Әндете сәлемдеседі.
Балалардан көңіл - күйлерін сұрайды.
Қорапшаны көрсетіп:
- Мына қорапшаның ішінде сендер жақсы көретін бір зат бар. Cылдыр - сылдыр етеді,
Жұбатады бөпені. Ол не деп ойлайсыңдар?

Іздену, ұйымдастырушы
ІІ. Музыка тыңдау. «Сылдырмақ» Т. Әбдіқадыров.
Әнді орындап береді.
- Ән сендерге ұнады ма? Сылдырмақпен ойнап көргілерің келе ме?
Балаларға үлестіреді.
Әнді қайта ойнап, балаларды сылдырмақты қағуға шақырады.

ІІІ. Ән салу.
1. Өткен әнді еске түсіріп, қайталайды.
«Көбелек» Д. Омаров
Барлық баланың әнге қосылуына көңіл бөледі.
2. Жаңа ән «Біз – көңілді баламыз» Б. Жұмабекова
Әнді орындап, таныстырады. Әнді тез қабылдау үшін ән сөздеріне сәйкес қимыл орындап, көрсетеді.

ІV. Ойын «Күн мен жаңбыр» қим. ойын
Екі түрлі сипатты, ырғақты әуен ойнап, ойын әрекеттерін орындауға шақырады.
Балалардың әуеннің өзгерісін дәл тани алуларына ықпал етеді.
Біз - көңілді баламыз жүктеу
5 674
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыка - сезім тілі
Музыка - сезім тілі
Музыканың әсерлік белгілері (музыкалық бояуы) туралы баяндау. «Композитор» ұғымына түсінік беру. Жаңа ән үйрету. Бір үнділікпен ән салу дағдыларын жетілдіру.
Электроника әлемі
Электроника әлемі
Түрлі қарқындағы музыканы тыңдауға, әннің мазмұнына көңіл бөлу, әнді таза түсінікті, көңілді айтуға, ырғақты жүруге және жүгіруге үйрету. Музыканың түрлі дыбысталуын “ баяу – қатты” ажыратуға, күш түсірмей табиғи дауыспен айтуға, ритм мен тактіні
Туған өлкем
Туған өлкем
Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. ТМ: Әнді сезіне арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу
Ақ тиін
Ақ тиін
Казталов ауданы, Жанажол ауылы. Балабақша тәрбиешісі Капезова Гулдана Нурболатовна
Музыка - сезім тілі
Музыка - сезім тілі
Қызылорда қаласындағы №8 "Бүлдіршін" санаториялық балабақшасында музыка жетекшісі Жұмабекова Бибігүл Мүсірепханқызы
"Әніміз бар тамаша" бабабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті
"Әніміз бар тамаша" бабабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті
Қызылорда қаласы, «Бегім Ана» балабақшасының музыка жетекшісі Еспенбетова Ақзира Нағыметуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×