Білімділер поралы

Бақытты балалық шақ

Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгілік.

Балабақша ойын алаңы алуан түрлі шарлармен безендірілген.
Музыка әуенімен балалар
Жүргізуші: Құрметті де сүйікті балалар ата - анала, мен қонақтар!. Бүгін халықаралық Балаларды қорғау күні!. Бұл мерекені дүние жүзі тойлайды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні, біліп қой.
Алақай - ау, алақай,
Той тойлайық балақай.
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық балақай.
Бәріміздің үлкен болсын, кіші болсын тілегіміз бір, ол – бейбітшілік пен ынтымақ. Енді біздің балаларымыз өз отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін өлең жолдарымен жеткізеді.

«Аққайың» тобының балалары:
Жасыл көктем, сен көктем,
Келді гүлмен өрнекпен.
Ел бақыты, мерейлі,
Балаларды әндеткен.
Гүлмен келсін келер күн,
Бала - бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі,
Көркі, сәні әлемнің.

«Жұлдызша» тобы.
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан ана, Отан үлкен,
Қазақстан туған ел.

«Айгөлек» тобы.
Отан – Анам,
Отан - Әкем.
Осы сөзім қате болса неге біздер.
Дейміз оны Атамекен.
Әсем: Отанды біз Атамекен
Деп атап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.

Жүргізуші: Біздің балғын балаларды ортаға шақырайық.
Біздің балаларымыз «Көңілді доптар» гимнастикалық жаттығу орындайды.
Жүргізуші: Мағыналы оймен әсем әуен бейбітшілікті, бақытты, туған өлкені жырлайды.
«Әрқашан күн сөнбесін» әні.
Жүргізуші: Сүйікті балалар, бүгін сендердің мерекелерің – жер бетіндегі балалардың достық мерекесі. Енді тамашалайтындарыңыз - би «Қазақ биі».
Жүргізуші: «Жұлдызша» ересектер тобының кішкентай сүйкімді биші қыздарын қарсы алыңыздар. «Чарльстон» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Мың бұралған биші қызымыз Байзақ Жұлдыз «Шығыс биін» орындайды.
Жүргізуші: Гимнастикалық этюд.
Жүргізуші:
Балалар мен сендердің жақсы сурет салатындарыңды білемін. Сондықтан бір сәт бәрің суретші болыңдар. Жерге түрлі - түсті борлармен әдемі де әсем сурет салыңдар.
«Бейбіт күнде өмір сүреміз» тақырыбына асфальтқа бояу бормен сурет салады.

Жүргізуші:
Ар - намыс бір, үш бір,
Аға ардақты, іні - гүл.
Бақыт туын көтерсін,
Балалардың күні бұл!.
Мерекелерің құтты болсын!
Жүргізуші: Қол ұстасып бір - бірімізге жылуымызды таратайық,
Дос болайық, шыққан күнге қуанып,
Қолымызды күнге созып шарымызды ұшырайық.
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 30
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 30
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика