Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз таптары

24 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 2 - класс
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты: Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:

1) Әрбір сөздің белгілі бір ұғымды білдіретінін, сөйлемдегі сөздердің орны мен өзара мағыналық байланысы болатынын түсіндіру;
2) Өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, жазба тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3) Білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, өз бетімен жұмыс, СТО әдістері
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мазмұнды суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
1. Сабақтың мақсатын хабарлау
2. Психологиялық дайындық. Қыс туралы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-«Ой қозғау» стратегиясы. Өткен материалды бекіту.
«Қар лақтыру» ойыны арқылы сұрақтар беру.
1. Сөз құрамы нешеге бөлінеді?
2. Түбір деген не?
3. Қосымша дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?
4. Жұрнақ дегеніміз не?
5. Жалғау туралы кім айтады?
6. Жұрнақ пен жалғаудың бір - бірінен айырмашылығын дәлелде.
- «Қызығушылықты ояту» әдісі. Сурет арқылы әңгіме жүргізу.
1. Бүгінгі ауа - райы қандай? Аспанның күйі қандай боп тұр? (Бұлтты)
2. Жиі - жиі не жауады? (Қар)
- Бұлттан әріптер жауады дегенге сенесіңдер ме?
Ойын «Бұлттан әріптер жауғанда».
1. Дыбыстардан не құралады?
2. Сөз дегеніміз не?
---------- заттың
Сөз ----- қимылдың ------ атауы
---------- сапаның
---------- санның

ІІІ. Негізгі бөлім.
- Енді сөздер туралы ертегі тыңдайық.
Ерте, ерте ертеде, біз білмейтін бір елде сөздер өмір сүріпті. Ол ел «Морфология» деп аталыпты. Бір күні кең сарайда өмір сүріп жатқан сөздер бірнәрсеге келісе алмай, «сен ұзынсың, мен қысқамын, сен көпшілсің, көп мағына бересің, анаумен де мынаумен де тіркесесің, мен бір мағына беріп оқшау жүргенді ұнатамын» - деп, кең сарайға бастары симай, айтысып жатады. Мұны естіген хан оларды жинап алып: - Сендер, өз мағыналарыңа қарай, жауап беретін сұрақтарыңа, өзіндік ерекшеліктеріңе қарай топқа бөлініңдер, сосын әрқайсысыңды жеке отау етіп, бөлек - бөлек үй қылып қоямын, - дейді. Сөйтіп, сөздер өздерінің ұқсас белгілеріне қарай тапқа бөлініп, оларға ат беріледі. Осылайша морфология елі – СӨЗ ТАПТАРЫ еліне айналады. Хан өз еліндегі сөз таптарын қалай атағанын мына тапсырмаларды орындай отырып табасыңдар.

1 - тапсырма: берілген суретке қатысты сөз таптарын тауып айту.
Мысалы: шаңғы суреті берілген.
Сұрақ:
1. Осы сөздердің мағыналары бар ма?
2. Сұрақ қоюға болады ма?
3. Осы сөздерден сөйлем құрайық. Сөйлемдегі сөздердің орны мен өзара мағыналық байланыс бар ма?

2 - тапсырма: берілген сөздерді кестеге жазу.
Барды, ауа, елуінші, қоңыр, таза, әнші, үрді, тоғыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 564
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы түсінік бере отыра, біріккен сөздер туралы анықтаманы өздері шығарып алуына жағдай туғызу. Біріккен сөздердің жасалу жолдарын көрсету, түрлерін ажыратуға машықтау, біріккен сөздерді практикада дұрыс жазуға дағдыландыру.
Сөз таптары
Сөз таптары
Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру. Әрбір сөздің белгілі бір ұғымды білдіретінін, сөйлемдегі сөздердің орны мен өзара мағыналық байланысы болатынын түсіндіру;
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Еліктеу сөздер туралы түсінік
«Қостанай қаласындағы №9 орта мектебі» ММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Скендирова Г.А
Сөз таптарын қайталау
Сөз таптарын қайталау
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Анар станциясы, Анар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хабас Алтынгүл
Жұрнақ
Жұрнақ
Ақтөбе қаласы Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Мажитова Алтын Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға түбір мен қосымша, сөздің түбіріне жалғанғанда, оның мағынасын өзгертіп, туынды
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×