Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құмырсқаның қанағаты

24 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты
Мақсаты:
1. Оқушылардың ертегіні түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету,
2. сөздік қорын байыту, қиялын дамыту,
3. дүниетанымын кеңейту, ойлап сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу, бір айналым сөйлесу әдісі, жұмбақ
Көрнекілігі: Құмырсқа суреті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ертегі кімдер жайлы? Кейіпкерлерін ата. Неліктен «Алтын балта» деп атаған деп ойлайсың? Кедей кімнен балта алды? Не істеді? Балтаға не болды? Кедей диірменшіден не деп жалынды? Диірменші не істеді?

ІІІ. Өткенді қорыту: Қорыта келгенде, диірменші кедейге қандай жан екенсің деді? (дүниеқоңыз емес, ақ пейіл, адал жан екенсің). Ал, байға не деді? ( Қоя тұр, құлқыны тоймаған қу неме!). Ертегіден көңіліңе не түйдің? Сенің пікірің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық.
Жұмбақ
Екі басы қылдырықтай
Денесі жұдырықтай
(Құмырсқа)
Бір айналым сөйлесу
«Қалай ойлайсың, құмырсқа қандай жәндік?»
Ү. Жаңа сабақ:
«Құмырсқаның қанағаты»»

Оқулықпен жұмыс.
Тізбектей оқу
Ертегіні түсініп, жалғастырып оқу.
Ертегі кім және не жайлы?
Кейіпкерлерін ата. (ғалым, құмырсқа) Олай болса, оқыған ертегіні пайдаланып, құмырсқаны сипатта. (нысапты). Ғалым қандай адам еді?
Ғалым құмырсқаға қандай сұрақ қойды?
Құмырсқа не деп жауап берді? Жауабын тыңдаған ғалым не деді? (Ақылың мен қайратың көп екен. Енді қанағатың қандай екенін білейін,...)
Сені қоршаған адамдардың арасында осындай мінез - сипаттағы адамдар бар ма? Оларға сенің көзқарасың?

Дәптермен жұмыс
Топтық жұмыс Шығармашылық тапсырма
1 - топ
«Құмырсқа» сөзінен сөз шығару
2 - топ
«Құмырсқа» сөзіне өлең шығару
Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Допты алып қолына
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады
Сол жағына қарады
Тау екен деп ойлады

ҮІ Сабақты қорыту:
Қорыта келгенде, қалай ойлайсың, құмырсқа қандай жәндік?
Неге құмырсқа дәнді жеп бітірмеді?
Оның бір жылдан кейінгі жағдайы қандай болды?
Неге бидайды тауыспапты?
Құмырсқаның жауабы?
Бұл жауаптан қандай шешімге келуге болады?
Сенің бойыңда осы аталған мінез сипаттары бар ма?
Тағы қандай жақсы мінездерің бар?
Жаман қылығың бар ма?
Сабақты бекіту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Құмырсқадан нені үйрендік?

ҮІІ. Үйге тапсырма: Оқу, әңгімелеу
2. Бағалау
4 426
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?»
Ыбырай Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?»
Мысалды түсініп оқып, мағынасын аша отырып негізгі ойды анықтауға үйрету.
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік беру, білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Зат есім
Зат есім
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалжанова Муслима Иниятовна
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Боран
Боран
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×