Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің Ту

01 шілде 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Біздің ту
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Отан туралы білімдерін кеңейтіп, мемлекетіміздің нышандары туралы түсінік қалыптастыру:
Сабақтың міндеттері: Өлеңді мәнерлеп және түсініп оқуға машықтандыру: ойлау, сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын жетілдіру: шығармашылық қабілеттерін, ой - қиялдарын, эстетикалық танымдарын дамыту:
Күтілетін нәтиже: туған елге, тілге, жеріне деген сүйіспеншіліктері артады.
Модуль: Диалог, Оқыту үшін бағалау, Көшбасшылық
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, өз бетімен жұмыс, жеке жұмыс, «Идеялар тақтасы»
Көрнекілік: постер, маркер, стикер
Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі, математика
Сабақ барысы:
Іс - әрекет кезеңі Мұғалім іс - әрекеті Оқушы іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 1. Психологиялық дайындық
2. Сыныпты топқа бөлу
1 - топ Астана
2 - топ Алматы
3 - топ Жамбыл
4 - топ Қостанай Сыңғырлап соғылды қоңырау,
Сабағымыз басталды
Құлағымыз түріліп,
Бақырайып көзіміз ашылды
Тыңдаймыз, есте сақтаймыз
Жоғалтпай босқа уақытты
Қызығушылығын ояту «Идеялар тақтасы» әдісін пайдалану
Сұрақ:
Отан дегенде көз алдымызға не елестейді? Әр оқушы Отан туралы білетін сөздерін жазып идеялар тақтасына іледі.
Мысалы: отбасы, атамекен, туған жер т. б.
Мағынаны тану 1. Үй тапсырмасын тексеру
2. Оқулықпен жұмыс.
а ) Жаңа тақырыпты хабарлау
ә ) Т. Молдағалиев туралы мәлімет беру
б ) Өлеңді мәнерлеп оқып береді.
в ) Тудың авторын айту. Менің Отаным оқу.
Оқушылар зер салып тыңдайды.
3 - 4 оқушы оқып береді.
Есте сақтайды.
Ой - толғаныс сатысы Топпен жұмыс.
Өлеңде не туралы айтылған?
Оқушылар постерге тізіп жазады.
Мысалы: аспан, ту, алтын күн, жас қыран.
Жеке жұмыс.
Стикер таратып беру. Тасымалданбайтын сөздерді жазу.
Сабақты қорыту Тудың авторы кім?
Отаның саған не берді?
Кері байланыс
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Оқушылардың жауабы
Бағалау Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқу. Үй тапсырмасын жазып алады.
2 691
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған өлкем
Туған өлкем
Білімділік мақсаты: оқушыларға өлеңді дауыстап, тісініп, мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.
Ө Тұрманжанов Жаралы торғай
Ө Тұрманжанов Жаралы торғай
Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға машықтандыру. Өлеңдегі өзекті, түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Фигуралардың көлемдерін салыстыру
Фигуралардың көлемдерін салыстыру
Фигуралардың көлемдерін салыстыру жолдарын үйрету; көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Наурыз туралы өлеңдер (Қысқа мерзімді жоспарлар)
Наурыз туралы өлеңдер (Қысқа мерзімді жоспарлар)
Наурыз өлеңін оқып, ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы суреттеуі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.
Астана Е. Өтетілеуұлы
Астана Е. Өтетілеуұлы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шенгелбаева Гаухар Сарсенбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×