Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Иса Байзақов «Алтай аясында»

16 шілде 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Иса Байзақов «Алтай аясында»
Сабақтың мақсаты: 1. Алтай жерінің сұлу табиғатын оқушыларға ақын өлеңі арқылы таныту.
2. Табиғатты қызықтап, оны қорғауға әрі әдемілікті, әсемдікті сезіне білуге үйрете отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.
3. Өлеңдегі қиын сөздер, сөз тіркестері мен көркем сөздердің мағынасын меңгерте отырып, балалардың тілдік қорын дамыту, оқу техникасын жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, тірек сөз тіркестері, шығармашылық жұмыс,
өз бетімен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан табиғатының сұлу көрінісін бейнелейтін суреттер, топтық жұмыстарға парақшалар, қиын сөздер жазылған парақша, оқушылардың рефераттары.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың жүрісі:
I. Қызығушылықты ояту.
Өткен сабақты тірек сөз тіркестері арқылы пысықтау. С. Сейфуллин «Ақсақ киік». а) Киіктің сұлулығы.
ә) Оқ тиген киік.
б) Киік атқан адамға көзқарасың.

II. Мағынаны таныту.
а) Автормен танысу. Иса Байзақов(1900 - 1946 жылдар) Павлодар болысы, Ертіс ауданы, «Үлгілі» колхозында дүниеге келді. Ол – ақын, әнші, композитор. Әкесі Байзақ, шешесі Ғазиза сауықшыл, өнерпаз адамдар болған. Иса тоғыз жасқа келгенде шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Жастайынан суырып салма ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен көзге түсті. Оның «Қойшының ертегісі», «Кавказ», «Ақбөпе» т. б. шығармалары бар.
(Оқушылар дайындаған рефераттары бойынша қысқаша әңгімелейді).

ә) Топтық жұмыс. Дүниетану сабағынан таулар жөнінде не білеміз, соны қағаз бетіне түсірейік.
Таулар
● I топ
- бұлақ ағады
- биік және аласа
- өте әдемі
● II топ
- пайдалы қазбалар көп
- суы салқын
- Алатау, Алтай
● III топ
- түрлі аңдар мекендейді
- тау жыныстары көп
- түрлері көп

б) Сөздік жұмысы.
Аясында – құшағында
Өршіл – биікке құмар
Күйік – мұң, қайғы
Сайын – кең, кең жазық.
в) Өлеңді мұғалімнің оқуы.
г) Сұрақ - жауап әдісімен өлеңнің мазмұнын ашу.
д) Оқушылардың іштей және кезек - кезек дауыстап оқуы.
е) Сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды орындау.
ж) Дәптермен жұмыс.
Өлеңнің ұнаған шумағын көшіріп жазу.

III. Ой толғау. Топтық жұмыс.

I топ: а) Алтай көрінісінің әсері: көңілге күй оралады, аясына алады, сұлудай торғын киген бұлт.
ә) Қосымша кендері: қорғасын, титан, магний.

II топ: а) Алтай тауының әсемдігі: жібектей бұлт жете алмаған, бұлттан өзге қона алмаған.
ә) Кен байлығы: күміс, алтын, мырыш.

III топ: а) Алтайдың ұшар басы: ақша қары ақ күмістей, айға шағылып.
ә) Аңдары: құлан, бұғы, марал, киік, қабылан, аю, киік, елік, ешкі.
Табиғатты қорғау: оны аялау, өсімдіктерді кесіп - сындырмау, көк шөпті орынсыз таптамау, құстардың, аңдардың, өсіп - өнуіне қиянат жасамау, ұя жасап қамқорлау т. б.
IV. Үйге тапсырма; Өлеңнің мазмұнын қара сөзбен әңгімелеп беру.
V. Оқушыларды бағалау.
9 482
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік"
Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік"
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Алтай. Иса Байзақов
Алтай. Иса Байзақов
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурахметова Қарлығаш Кадырхановна
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Алтай аясында
Алтай аясында
Алтай жерінің сұлу табиғатын оқушыларға ақын өлеңі арқылы таныта отырып, оларға эстетикалық тәрбие беру және мәнерлеп оқуға машықтандыру.
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
ШҚО, Семей қаласы Қ.Рысқұлбеков атындағы № 33 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ошибаева Ғалия Бекеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×