Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамырынан нәрлі, құндағынан адал болса

07 қазан 2012, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Мамырбекова Ғалия Асанқызы

2 сынып оқушыларының әкелерімен өткізілген әкелер конференциясы
Тақырыбы: «Тамырынан нәрлі, құндағынан адал болса!»
Мақсаты: бала тәрбиесі туралы ой-пікірлерін ортаға салуға орта құру

Міндеттері:
1. Бір-бірімен пікір алмасады
2. Бала тәрбиесіне көңіл бөлу керектігін ұғынады.
3. Мектеп, ата-ана, мұғалім, бала арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосады

Көрнекілігі:мақалдар, баяндама, таспалар, шырақтар, шарлар, үнтаспа, анкета
лық сұрақтар
Барысы: 1. Дөңгелек үстел басындағы кездесу тақырыбы, мақсатымен және кездесуге келіп отырған әкелермен, балалармен, қонақтармен таныстырылады да, анкеталық сұрақтарға жауап алынады.

І. «Шаңырақтың мықтылығы уығынан» дегендей бір-бір шаңырақтың иелері, балалардың әкелері, №7 мектеп-гимназияның құрметті ата-аналары бүгінгі кездесуді өз балаларыңыз – ұлдарыңыздың сіздерге арнап әзірлеген ата-бабаларымыздан қалған мұралары, мақалдарына құлақ салыңыздар!
Әр бала өз әкесіне арнайы әзірлеген мақалын жатқа айтады да, қолындағы уық орнына таспаны әкесі отырған орындыққа байлайды.

Басшысы әлсіз болса, елден береке кетеді,
Отбасы әлсіз болса, төрден мереке кетеді.

Отбасы отағалары, сіздер, әр үйдің төрінде әлсіз болмай, мықты болып, үйлеріңізде күнделікті мереке болса деген ниетпен ұлдарыңыз шаңырақты таспамен байлап бекітіп, шармен безендіріп отыр

ІІ. Ел ертеңі бүгіннен басталады, елдің ертеңі болар ұрпақты тәрбиелеп отырған білім ордасының басшысына сөз беріледі
ІІІ. Сол ұрпақтың тамырынан нәрлі, құндағынан адал болсын десеңіздер мына баяндаманы тыңдауға шақырамын (баяндама оқылады)
Баяндама: «Тамырынан нәрлі, құндағынан адал болса...»

IV. Ой бөлісу
Әке парызы дегенді қалай түсінесіздер? Әр шаңырақ иесі өз ойымен бөліседі
V. Топқа бөліну
Жандарына жапсырылған шарлар түсіне байланысты 4-топқа бөлінеді.
Әр топқа шығармашылық тапсырмалар беріледі.
1 – топ: «Әке - бала мақтанышы» бүгінгі тақырыпқа сай тәрбие негізінде өлең жолдарын арнайды
2 – топ: «Әкеге қарап .....
Шешеге қарап .....» мақалын қалай түсінесіз? Сіздің пікіріңіз?
3 – топ: «Мен балама қуаныш сыйлаймын, дұрыс тәрбие бере аламын» әкелерге үндеу – насихат түрінде өз ойларын жазады.
4 – топ: «Бүгінгі кездесуден алған әсерім».

Не ұнады? Не үйрендіңіз? Алған әсерлеріңіз?
Тапсырмаларға түсінік беріледі. Өз ойларын жинақтап, қағаз бетіне түсіреді
– жекелей ойлану
– жұпта ақылдасу
– топта ортақ пікірге келіп, ойларын қағаз бетіне түсіреді, бет әзірлейді
– әзірлеген бетті қорғайды

VI. Қорытынды жасалады.
Тамырынан, яғни туғаннан дұрыс нәрлі, тәрбиелей білсек, құндағынан адал, яғни дұрыс тәрбие алған әр сәби, әр бүлдіршін ертеңгі елін ойлайтын саналы азамат болары сөзсіз.
Көп рахмет!
4 839
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналар жиналысы 2 сынып
Ата - аналар жиналысы 2 сынып
Жиналыс басында педагог ата - аналарға арнап анкеталық сұрақ дайындайды. Қорытындысы жиналыс соңында қаралады.
Айбынды біздің әкелер
Айбынды біздің әкелер
Әкемен, бала мектеп арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және кез – келген жағдайдан шыға білетін жеке тұлға тәрбиелеу. - Құрметті ата - аналар, ұстаздар, сайысқа қатысушы әкелер! Бүгінгі әкелер арасында өткізгелі отырған
Отбасым - бақыт мекені
Отбасым - бақыт мекені
Мақсаты: бала тәрбиесінің алғашқы қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі екенін түсіндіру, отбасы сыйластығын нығайту, балаларға қамқорлық жасап отырған ата - аналарға қолдау көрсету.
«Әке – жауапты лауазым» дөңгелек үстел
«Әке – жауапты лауазым» дөңгелек үстел
Ақтөбе қаласы, №50 орта мектеп информатика пәні мұғалімі Биржанова Алтынгуль Алдигаровна
Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?
Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?
Тақырыбы: “Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?” Мақсаты: Оқушыларды жалпы құқық тәрбиесіне баулу. Міндеті: Оқушының мектептегі құқық тәрбиесіне байланысты іс - шараларға қатыстыру. Оқушы өз міндеттері мен құқықтарын мектепте
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Балалардың денсаулығын нығайтамыз
Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы балабақшаларда дене тәрбиесі маңызды орын алады. Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×