Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістіктің шақтары

30 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен сабақтардан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарын нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу.
Дамытушылық: Оқушыларды сөйлем ішіндегі етістіктің шақтарын ажыратып, оларға сұрақ қоя білуге дағдыландыру, сауатты, көркем жазуға төселдіру, ойлау әрекетін, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, семантикалық картамен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сызбалар, деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта
Пән аралық байланыс: Информатика, ана тілі, дүние тану

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу
ә) Сыныпты түгелдеу
б) Оқушыларды үш топқа бөлу
1 - топ: «Ыбырай»
2 - топ: «Ахмет»
3 - топ: «Тоқтар»
в) Жарыс ережесімен таныстыру.
г) Әр топ «Ана тілі, қазақ тілі» туралы өлең оқиды.
Ана тілім – күшім менің қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды
Тізелесіп қатар жазса мың ақын!

Қазақ тілі – өз тілім – ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Үй тапсырмасын сұрау.
-«Бақбақ» өлеңін әр топтан бір оқушы жатқа айтады.
- Әр топтан бір оқушы ұшады (Ұшады, ұшты, ұшып барады) сөзін үш жақта жіктеп айту

«Бәйге сұрақтары»
Етістіктің түрлерін атау, ережесін айту, мысал келтіру.
Затың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табын етістік деп атаймыз.
Етістік не істеді? Не қылды? Қайтті? Деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Балалар мектепке келді. Балалар не істеді? Келді.
Слайдтан көрсету.

І - деңгей
«Ой қозғау» стартегиясы
1 - жаттығу
1. Мәтінді оқыту.
2. Мәтіннен келер шақ етістіктері кездесетін сөйлемдерді тауып, әр топтан бір оқушы тақтада орындау.
3. Етістіктердің қай жақта, қай шақта тұрғанын айту.
4. Қоңырланады сөзін жекеше, көпше түрде жіктеп айту.
ІІ - деңгей
2 - жаттығу. 1. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып бір - бір сөзден жіктеп жазады.
Шынық, көтер, ойнайды
2. Келесі оқушы жазған сөздерінің бірінен сөйлем құрап жазады.
ІІІ - деңгей
Семантикалық картамен жұмыс.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 770
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Етістіктің шақтары
Етістіктің шақтары
Мақсаты Етістіктің шақтары жайында түсінік беру Міндеттері Етістіктің шақтары жайында білімдерін кеңейту Етістіктің шақтарын ажырата алуда сыни ойлауын дамыту Сөйлем ішінен саналы түрде табуға және пайдалана білуге үйрету.
Етістіктің шақтарын қайталау
Етістіктің шақтарын қайталау
Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
Сырт киімдер
Сырт киімдер
Сырт киімдер туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Менің мектебім
Менің мектебім
Тақырып бойынша өткен материалды қайталау арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту, оларды өз ойын айта білуге үйрету, тақырыптың негізгі идеясын ашу.
Бұл кімдер
Бұл кімдер
Тараз қаласы, А. С. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Инкарбаева Жанар Ержанқызы
Етістіктің шақтарын қайталау
Етістіктің шақтарын қайталау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова Ғалымжанқызы Білімі: Жоғары Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары Білімділік мақсаты:Етістіктің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×