Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8 саны мен цифры

09 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Сабақтың тақырыбы: 8 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: 8 санымен таныстыру, 1 - ден 8 - ге дейін ауызша санап, есептеп білуге, сандарды тура, кері санауға артық, кем, тең белгілері. Ойын тәсілі арқылы баланың ой - өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту. Мақсатқа жеткізу осылардың негізінде еңбек етуге, ұқыпты жаза білуге баулу.
Сабақтың түрі: «Ормандағы түлкі» желісіндегі сабақ.
Әдіс – тәсіл: түсіндіру, таныстыру, сұрақ – жауап, ойын. әңгімелеу.
Көрнекілігі: 1 - ден 8 - ге дейінгі тапсырма. «Түсті ажырату» ойыны. «Ормандағы түлкі» 7 санының құрамы, 8 саны және салыстыру. Коробкадағы 8 таяқшаны құрастыру. 1 - ден 8 - ге дейінгі көңілді сандар. № 1 дәптері.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет. Құрастыру.

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Жылы лебіздер айту.
2. Өтілген сабақты тиянақтау.
3. Жаңа сабақ.
Балалар: Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал кәнеки бәріміз
«Сәлем»- дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме қонақтар.
Жетекші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем
Жетекші: Көктем айында неше ай бар?
Балалар: 3 ай. Наурыз, сәуір, мамыр.
Жетекші: Балалар, бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Ол үшін көзімізді жұмып, «Ормандағы түлкіні» елестетейік.
(Топқа түлкі келеді)

Түлкі: Сәлеметсіздер ме апайлар. Сәлеметсіздер ме балалар. Мен орманнан келдім. Сендердің сандарыңды сыйқырлап қойдым. Балалар, менің сендерге беретін тапсырмамды дұрыс орындасаңдар сандарың үйлеріңе қайтады. Балалар, сандарға көмектесеміз бе?
(Балалар жауабы )
Жетекші: Балалар, енді біз математикалық жұмбақ есептерді ауызша шешіп көрейікші.
1 - тапсырма:
Бестен төртті алайық,
Қанша қалды қарайық.
Қарайық та санайық,
Санайық т табайық.?

Баспайда бар бес іні,
Естайда бар екі іні.
Қоссақ бес пен екіні,
Қанша болар шешуі?

2 - тапсырма:
«Түсті ажырату». Балалар тақтада ағаштың, қызғалдақ гүлінің, сәбіздің салынған сызбасы арқылы түсті ажыратып, жапсыру. Ағаштың жасыл жапырағы, қызғалдақтың гүлдеуі, көкөністің шығатын кезі бәрі көктем мезгілінде болады. Көктем туралы тақпақ.
Көктем нұрын төккен,
Жер жылып кеткен.
Тал, бүршік сепкен,
Көңілді көктем.

Жібектей леппен,
Алмадай бетпен
Біздерді өпкен
Көңілді көктем.

3 - тапсырма:
Балалар 7 санының құрамын табу. Дидактикалық ойын «Саңырауқұлақ теру»
Анар орманға саңырауқұлақ теруге барады. Анасы оған 7 саңырауқұлақ әкелуді тапсырды. Анар 3 саңырауқұлақ жинады, енді неше саңырауқұлақ жинау керек?
(Балалар жауап береді)
3+4=7
Жетекші: Балалар біз өткен сабақтағы 7 санын қайталадық. Бүгінгі жаңа сабақта 8 санымен танысамыз. (тақтаға жазып көрсету) 8 - ге дейін санау тура, және кері санау. Тақтада көрсету.
8 санын ауаға жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 015
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 саны мен цифры
4 саны мен цифры
Балаларға 4 санының жазылу жолдарын, құрамымен таныстыру. 0 - ден 4 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету.
5 саны мен цифры
5 саны мен цифры
Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен, құрамымен таныстыру. 5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету. Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып, балалардың білім дағдыларын қалыптастыру. Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Ол үшін біз «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік. Қане балалар, 6 санының көршілерін кім атап береді?
8 саны мен цифры
8 саны мен цифры
8-ге дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 8-ге дейінгі санның құрамы, таңбасын, геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту. «8»санын ажырату, сандар ішінен таба алу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×