Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолда

10 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жолда
Мақсаты: 1. Оқушылардың мәтінді саналы түрде түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру, негізгі ойды анықтау арқылы Абай бойындағы жағымды қасиеттерді анықтау және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
2. Ойлау, қорытынды, түйінді ой айту, танымдық дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту.
3. Ұлттық тәрбие тағылымдары туралы айта отырып, үлкендерді сыйлау, өзін дұрыс ұстау ережелеріне тәрбиелеу.
Көрнекілік: Абай Құнанбаев туралы слайд, бейне фильмнен үзінді (флипчарт)
Типі: Ықпалдастыру, кіріктірілген сабақ.

Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Тыныштық сәті «Абайдың 31 – қара сөзі» музыкамен тындау
ОТЫЗ БІРІНШІ СӨЗ
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы - күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Қорытынды жасай отырып сынып 3 топқа бөлінеді. Берілген нақыл сөздер ішінен жоқ сөзді тауып, сол сөздер топтың ұраны болады
1 - топ ЗЕРЕК
Ұраны: Білімдіден......... сөз
Талаптыға........ кез.
2 - топ ТАЛАП
Ұраны: Талап, еңбек,...... ой,
Қанағат......... ойлап қой
3 - топ ЗЕРДЕ
Ұраны: Пайда ойлама,... ойла,
Талап қыл...... білуге.

Ойын «Кім жылдам?»
Тест сұрақтары: Абай Құнанбаев өмірімен шығармашылықтары туралы

II Жаңа сабақ Кіріспе әңгіме. Мұхтар Әуезов туралы оқушылардың сұрақ - жауап арқылы ойларын жинақтау
ЦОР арқылы М. Әуезов өмірі және шығармашылығы
Мұхтар Әуезов кім, ол туралы не білесіңдер?- сұрағына жауап ала отырып Мұхтар туралы білімдерің топтастыру. Мұхтар Әуезов 1897 ж Қазіргі Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келді. Алғашында атаса Әуезден мұсылманша сауап ашып, хат таниды. Кейін мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейдегі жұмысына қатысады. Ол теңдесі жоқ суретке жазушы, драматург, ғұлама ғалым - әдебиет зерттеуші фольклортанушы, ұлағатты ұстаз және ірі қоғам қайраткері. Тұңғыш көркем туындысы «Еңілік - Кебек», «Хан Кене» мен «Қилы заман», «Айман - Шолпан», «Абай жолы» романын жазды. Қоғамдық өмірге белсене қатысып, саяси күрескер болды.
Мұғалімнің мәтінді мәнерлеп оқуы

III Бекіту жұмыстары
1. Сөздік жұмысы: Жаңа сөздерді мағынасын талдап экранда көрсету (лупа арқылы айқындау)
- Шүкіршілік, әке,- деп біраз тұрды да: - ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, хазіреттің рұқсатың, фатиқасын алып қайттым,- деді.

Дәріс – сабақ
тамам болмаса да - аяқталмаса да, бітпесе де
хазірет – дін жолындағы мәртебелі адам
фатиқасын алып - ризашылығын алып.
Ғибрәтлану - үлгі
2. Оқушылардың мәтінді мәнерлеп оқуы.
3. Мәтінді үш бөлікке бөліп, оқып әр топ талдайды.
1. Абай қайдан келді деп ойлайсың?
2. Әкесі Құнанбай кімді күтіп отырған тәрізді?
3. Ол баласы Абайды қалай қарсы алды?
4. Мәтінді үш бөлімге бөліп, ат қою.
4. Жаңа тақырыпты қорытындылау «Абай жолы» романы бейне фильмінен үзінді (Абайдың балаларының ішінен ерекше Абайды атауы, Абайдың әкесімен әңгімесі).

IV Сергіту сәті:
5. Ойын «Жалғасын тап» топ аралық сайыс (Абай өлендерің біреуі бастайды келесі топ жалғастырады)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол, Бес
Адам болам десеңіз.
Тілеуін өмірін алдында
бес асыл іс көнсеңіз.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан

V Өткенді қорытындылау жинақтау
1. Сабырсыз, арсыз, еріншек өлеңін талдау, мәнін ашу (топ арасында жұмыс)
Зерек тобы
Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар, жалқаумыз,
Сорлы қазақ сол үшін
Алты бақан, алауыз.
Талап тобы
Өзін - өзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді,
Ол – арсыздық белгісі.
Ұятсынбай, ойланбай,
Қой дегенге тіл алмай,
Іс қылмай ма ол кісі?
Зерде тобы
Бір - ақ секіріп шығам деп,
Бір - ақ қарғып түсем деп,
Мертігеді, жатады.
Ұрлықпен мал табам деп,
Егессе ауыл шабам деп,
Сүйтіп құдай айтады.

VI Сабақты қорытындылау
1. Оқушылардың класмит арқылы ойларын жинақтап қорғауы
Абай

Ұлы ақын
Аудармашы
асыл сөздің зергері
композитор
философ
10 тамыз 1845 жылы туылған
А. А. Леонтьев
Семей облысының
Шыңғыс тау бөктерінде
Е. П. Михаэлис

Ахмет Риза медресесі
1905 ж қаза болды
Зере - әжесі
Құнанбай - әкесі
Ұлжан - анасы
2. Елбасы Қазақстан халқына жолдауы «Нұрлы жол – болашақтың бастауы» туралы ойлары мен қорытындылау.
VII Бағалау Әр топ спикерлері топтағы оқушылардың жауаптарын бағалау қорытындысын ортаға салады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 412
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Абай қара сөздері. Он жетінші қара сөз
Данышпан Абайдың тағылымдық тәлімі мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың отыз бірінші қара сөзі
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қара сөз»
Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы қара сөз»
Жалпы білім беретін № 36 мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж. К. Урымбасарова
Билік сөздер туындысы
Билік сөздер туындысы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің бастауыш класс мұғалімі: Абилова Луна Аққазиқызы
Абай жаққан бір сәуле
Абай жаққан бір сәуле
Көкпекті ауданы, Бастаушы ауылы, Абай атындағы орта мектебі КММ Байкубинова Р. К.
Морфологиядан өткенді қайталау
Морфологиядан өткенді қайталау
Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Тоганакова Рабига Сулейменовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×