Білімділер поралы

Қасым Аманжолов «Көктем»

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Кетебай ауылы,
Ә. Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Изтурганова Жадыра Жолдасқызы

Тақырыбы: Қасым Аманжолов «Көктем»
Сабақтың мақсаты: Өздігінен реттелетін оқу түрлері: эмоциялық, танымдық, әлеуметтік, ынталандырушылық қабілеттерін дамыту үшін топтық жұмысты жандандыру. Ақын Қасым Аманжолов туралы мағлұмат ала отырып «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсініп, өлеңдегі негізгі ойды ашып, қорытынды жасай білуге үйрету. Оқушылардың көріп, қабылдауы арқылы зейінін, елестету және аудио - визуалды қабылдауы дамиды.

Міндеті: Топтық жұмыстағы ынтымақтастықты кеңейту.
Табыс критерилері. Оқушылар көктемнің жыл мезгілі екенін біледі. Көктем мезгілінде болатын табиғат өзгерістері, адам тіршілігі мен еңбегін әңгімелей біледі.

Күтілетін нәтиже: Өлеңді мәнерлеп оқи алады және түсінігін айта алады. Көктем айларын біледі. Көктем мезгілі туралы бір шумақ өлең құрастыра біледі. Берілген тапсырманы сеніммен орындайды. Құрдастарымен тақырыпқа қатысты мәселені шешіп, сұрақ қояды және жауап береді. Өз міндеттері мен мақсатын жоспарлап, топ ішінде талқылайды.

Негізгі идеялар: Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып өздігінен реттелетін оқуды жалғастыру.
Ресурстар, құралдар, көрнекіліктер: Қима суреттер, АКТ, постер, маркер, смайлик, бейнеролик.

Кіріспе 2 минут Білу: Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын құру
- Қол ұстасып тұрыңдар, көршілеріңе күлімсіреңдер және бір - біріңе табыс тілеңдер.
Оқушылар қол ұстасып тұрып, бір - біріне табыс тілейді.
3 минут Тану: Топқа бөліну.
Оқушыларға әр түрлі суреттер үлестіріледі, соған қатысты 4 топқа бөлінеді.
«Күн», «Гүл», «Жапырақтар», «Құстар».
Оқушылар топқа бөлінеді.
8 минут Түсіну: Үй тапсырмасын сұрау
Джигсо әдісі арқылы пысықтау. Оқушыларға гүл ұсынып «Гүлдер» өлеңін бір қатардан айттыру.
Оқушылар гүлді алып өлеңнің бір қатарын жатқа айтады. Соңғы қатарын келесі оқушы жалғастырады.
Таныстырылым 5 минут Ой тастау және қолдану:
Жаңа сабақ:
Балалар біздің топ аттарымыз күн, гүл, жапырақтар, құстар деп аталып тұр.
Енді осы сөздер қайсы жыл мезгіліне байланысты айтылады?.
- Көктем мезгілі туралы не білеміз?
- Көктем мезгілі неше кезеңнен тұрады?
- Ерте көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Орта көктемде ше?
- Жәй көктемде қандай өзгерістер болады?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Көктем туралы өз ойымызды дұрыс жүйеге келтірейік. Проектордан көктем мезгіліне байланысты бейнеролик көрсету.

Негізгі бөлім 8 мин Талдау:
Автор туралы түсінік беру «Пікірлер ағашы» ойыны. Оқушылар автор туралы білетінін қағазға жазып, ағашқа жабыстырады.
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқыту, өздеріне талдату.
«Сөзбен сурет салу» ойыны.
Өлең мазмұнына сәйкес сурет салдыру. Оқушылар өлең мазмұнына сәйкес сурет салып, тақырып қойып, топ болып қорғайды.
Әр шумақта нені суреттеуге болады?.
15 минут Жинақтау:
Шығармашылық тапсырма:
Топтық жұмыс
1 - топ Табиғатқа хат
2 - топ Көктем туралы эссе
3 - топ «Көктем» 5 жолды өлең
4 - топ Мақал - мәтелдер
Топтың ішінен топ белсенділері қорғайды. Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін қорытындылайды.
Үйге тапсырма 2 минут Өлеңді жаттау. Қасым Аманжоловтың шығармаларымен танысу.

Оқушының кері байланысы 2 минут
Оқушы бүгінгі сабақта не ұнады, не ұнамады кері байланыс жазады.

Презентациясын жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 132
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 132
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика