Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Акула Л. Толстой

22 қазан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Акула» Л. Толстой.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып, акула туралы білімдерін молайту.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтау және сезімін ояту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетімен жұмыс істеуге, жан - жақты болуға үйрету. Пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтық
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекілік: акуланың, балықтардың суреттері, парақшалар.

І. Сабақтың барысы:
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық атмосфера құру. Топтың ережесі жасалып, геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну.
Тренинг «Сиқырлы сандықша»
Сандықшаның ішінде адамға тән ең ізгі қасиеттер жазылған сиқырлы сөздер бар,
қай оқушы осы жақсы қасиеттерге ие десеңіздер, осы жақсы сөздерді бір – бірімізге сыйлап, жақсы көңіл - күймен сабағымызды бастайық!

ІІІ. Үй тапсырмасы:
1. Үш жігіт туралы ертегіден қандай қорытынды шығаруға және не үйренуге болады?
2. Ертегіде Өлместің тасын іздеп шаршаған бірінші және екінші жігіттің көрген қиындығына тоқталып, салыстыр:
3. Үшінші жігіттің әрекетін кітаптан тауып оқы.
4. Бұл ертегінің авторы кім?

ІV. Жаңа сабақ: «Ой қозғау»
Ребус шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау. Акула
Акула туралы мағлұмат:
Акула теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда да кездеседі. Денесінің ұзындығы 15см - ден 20м - ге дейін болады. Салмағы 14 тоннаға дейін тартады. Акула іштей ұрықтанады, кейбіреулері ұрпағын тірі туады. Акуланың көру қабілеті жақсы жетілмеген, ал иіс сезу қабілеті өте жақсы жетілген. Алайда бұл әдіс су астында жұмыс істейтін адамдар үшін қолайлы емес. Сондықтан ғалымдар акуладан қорғанатын әдіс ойластырған. Акуланың 350 түрі бар. Олар жыртқыш және 0, 5 км - ден қанның иісін сезеді
Акула тіршілігін зерттеуші ғалымдар сасып, бұзылған ет тасталған жерге оның жоламайтындығын анықтаған. Ал химиктер бүлінген етте сірке қышқылының болатындығын аңғарып, акуланың сол иістен қашатындығын білген. Осыған орай су астында жұмыс істейтін сүңгуірлер үшін акулалардан қорғауға сірке қышқылды мыс ертіндісін пайдалануға ұсынған. Ал неліктен біз бүгін акула туралы сөз қозғадық, қалай ойлайсыздар? (оқушылардың болжамдары)
Бүгін біз акула туралы бір оқиғамен танысамыз. Оқиғаны жазған орыстың ұлы жазушысы Лев Николаевич Толстой жазған. Жазушы әрі аудармашы Сейітжан Омаров осы Л. Н. Толстойдың әңгімесін аударған.

Сейітжан Омаров (22 маусым 1907, Ақмола облысы Атбасар ауданы. Керегетас ауылы, 1985, Алматы) – жазушы, аудармашы.
Қостанай қаласындағы халық ағарту институтын бітірген (1932). 1930 – 42 жылы мұғалім, аудандық, облыстық газеттерде редактор, жауапты хатшы, 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағындағы балалар мен жасөспірімдер әдебиеті кеңесінің төрағасы болды.
Лев Николаевич Толстой (1828 - 1910) – орыстың ұлы жазушысы. Тек жазушылықпен ғана айналысып қоймай, ұстаздық іске де атсалысқан. Ясная Полянада шаруалардың балалары үшін мектеп ашып, педагогикалық журнал шығарды. Әліппе оқулықтарын жазды. Оның әлемге әйгілі «Соғыс және бейбітшілік» романы, балаларға арнап жазған әңгімелері, кітаптары бар.

Акула Л. Толстойдың сюжеттік көрінісін видео арқылы тамашалау

1) “Әдебиет үйірмесі” әдісімен ( «Баяндамашылар», «Зерттеушілер», «Сұрақ қоюшылар» )
Өздері баяндап, зерттеп, сұрақ қойып топ бойынша дайындалады.
Топ мүшелері топ басшысын сайлап алады.
І топ - Баяндамашылар: оқулық бойынша мәтінді бөліп мазмұндау.
ІІ топ - Зерттеушілер: мәтін кейіпкерлерін зерттеп, мінездеме береді.
ІІІ топ - Сұрақ қоюшылар: өздеріне берілген абзац бойынша басқа топқа бірнеше сұрақтар дайындайды.

2) Сөздікпен жұмыс
Зәкір - якорь
Білте - зеңбіректі тұтандырғыш зат

3) Дәптермен жұмыс
- Суға шомылуға байланысты қандай қауіпсіздік шараларын қолдану керек?
( мұғалім толықтырады)

4) “Тауып оқы”әдісімен 3 топқа тапсырма беру.
1) Ауа райы туралы жазылған тұсты тауып оқы
2) Әкесінің қобалжыған сәттерін суреттейтін тұсты тап
3) Акуланың өлген сәтін бейнелейтін тұсты тауып оқы

5) Сергіту сәті “Теңіздегі балықтар“
(оқушылар жұптасып еркін жүзіп жүріп, тоқтаңыз дегенде балықтардың аттарын түгел айтып шығады. )

6)«Аквариумдегі балықтар» ойыны
Сұрақтармен жұмыс:
1. Балалар ашық теңізде неліктен жүзбекші болады.
2. Кенеттен палубадағыларды абыржытқан қандай оқиға болды?
3. Балалар акуладан қалайша аман құтылды?
4. Осы мәтінге тағы басқа ат қоюға болады ма?

7)«Зерттеу - ізденушілік» оқушылардың шығармашылық жұмысы
Жыртқыш акула туралы жинап келген ақпарат, мағлұматтар, суреттерін көрсетіп, оқушылар өз ой – пікірлерін жеткізеді.

V. Қорытынды:
ББҮ
Білемін: Акуланың жыртқыш жануар екендігін
Білгім келеді: Толстойдың басқа шығармаларымен танысқым келеді, С. Омаров ағамыз туралы көп мәліметтер білгім келеді т. б.
Үйрендім: Акула түрлерін, балықтар түрлерін, суға шомылу қауіпсіздік шараларын

VI. Үйге тапсырма
“ Акула“ мәтінін толық мазмұндау,
Л. Толстой мен С. Омаров авторлар шығармалары туралы іздену
Акула туралы басқа деректер әкелу
VII. Бағалау
VIII. Рефлексия
Желкенді кеме

Атырау облысы
Д. Байбосынов атындағы 13 ұлттық мектеп - гимназиясы
бастауыш сынып мұғалімі Есқайырова Нәзік Есқайырқызы
5 921
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Джанни Родари «Ғажайып жаңбыр», «Шоколадтан салынған жол»
Джанни Родари «Ғажайып жаңбыр», «Шоколадтан салынған жол»
Итальян жазушысы Джанни Родари туралы түсінік беру, әңгіменің негізгі ойын таба білуге үйрету, қиял - ғажайып оқиға желісі бойынша шығармашылық іс - әрекеттерге баулу.
Өрттің қаупі. Лев Толстой. "Өрттен құтқарушы иттер"
Өрттің қаупі. Лев Толстой. "Өрттен құтқарушы иттер"
Үйдегі қауіпсіздік ережесін еске түсіріп, айта алады.
Не? Қашан? Қайда?
Не? Қашан? Қайда?
Балаларға әр түрлі тапсырмалар бере отырып, олардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, белсенділігін, қиялын дамыту. Төтенше жағдай байланысты суреттерді қарастырып, қандай төтенше жағдай және қандай қауіпсіз ережелерін сақтау керектігін айтуға
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат
Факультативтің мақсаты: —Оқушылардың білімін жетілдіру, сабаққа, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Л. Н. Толстой. Акула
Л. Н. Толстой. Акула
Муәллим: Асипова Русиям
"Акула" Л. Толстой, аударған С. Омаров
"Акула" Л. Толстой, аударған С. Омаров
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қитуова Мария Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.