Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түлкі мен қоян ертегісі

29 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұйымдастырылған технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас. Денсаулық.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Түлкі мен қоян ертегісі
Мақсаты ертегінің мазмұның айтуға, дыбыстық талдау жасауға үйрету; ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту; балаларды батырлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі қима құралдары, түрлі түсті қарындаш, жануарлар суреті.
Сөздік жұмыс: айлакер
Билингвальды компонент: түлкі - лиса қоян – заяц қасқыр - волк

Мотивациялық қозғаушылық
- Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Балалар бүгінгі күнді жақсы көңіл күймен қарсы алайық, бүгінгі күн барлығымыз үшін сәтті болсын!
Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Ал қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме апайлар
- Жарайсыңдар балалар! Ал енді барлығымыз орынымызға жайғасайық. Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін табуға тырысып көріндер.
Жиып теріп болатын
Қамба астыққа толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?»
- Күз мезгілінде неше ай бар екен, балалар?

- Кәні кім атап береді, қандай айлар екен?
- Балалар, күз мезгіліне байланысты кім тақпақтар біледі?

Балалар, сендер ертегіні ұнатасыңдар ма?
- Қандай ертегілер білесіңдер?
Жарайсыңдар, балалар сендер көптеген ертегілер біледі екенсіңдер.
Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдап шешуін табуға тырысыңдар.
1. Өзі айлакер, өзі бір қу
Жүрген жері айқай да шу.
2. Көзі тостақ өзі қорқақ
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Балалар енді барлық назарларыңды маған аударыңдар.
- Ненің суретін көріп тұрсыңдар? Дұрыс түлкі және қоянның.
- Бір сөзбен бұл жануарларды қалай атауға болады?
Маған осы жануарларды кім сипаттап бере алады?
- Дұрыс айтасыңдар түлкі айлакер аң ал қоян қорқақ аң.
-«Айлакер» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

- Қазір осы қоян мен түлкі туралы орыс халқының «Түлкі мен қоян» ертегісімен танысамыз.
Ерте, ерте, ертеде түлкінің құйрығы жоқ еді. Қасқырмен тату тұрмаған соң үнемі қашып жүреді екен. Жүрген ізің жасыра алмай қиналыпты. Сол үшін қасқыр түлкінің артынан еріп, аңдып жүріп оның ініне түсіпті. Түлкі болса інінің екінші тесігінен шығып кетіпті Шығып кетпесе қасқыр түлкіні жеп қояр еді. Сөйтіп түлкі орманда қайғырып келе жатса ағаш түбінде отырған қоянды көреді. Ол кезде қояндардың құйрығы ұзын, жүгірулеріне кедергі келтіреді екен. Содан түлкі жүгіріп барып қоянды ұстап алыпты. Қоян корыққанынан түлкішек мені жібере салшы мен саған құйрығымды сыйлайын депті. Міне содан бері түлкінің құйрығы ұзын әдемі де, ал ал қоянның құйрығы қысқа екен.
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Ертегіде нелер туралы айтылған?
- Ертеде түлкінің құйрығы қандай болған екен?
- Түлкі қасқырмен тату тұрмаған соң не істеген?
- Бір күні не болыпты?
- Түлкі қалай құтылып кетіпті?
- Әлден соң ағаш арасына кірген түлкі нені көреді?
- Сол жерде қоян өзін ұстап алған түлкіге не депті?
- Иә, балалар содан бері түлкінің құйрығы ұзын болып қалыпты.
Балалардан ертегі мазмұның сұрайды

Билингвальды компонент:
түлкі - лиса, қоян заяц, қасқыр волк,
Сергіту сәті:
Дүйсенбіде доп ойнадық аулада, Сейсенбіде серуен құрдық далада. Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп, Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жұма күні жидек тердік қыратта,
Сенбі күні кино көрдік клубта. Жексенбіде үйде болып дем алдық, осылайша өте шықты бір апта.

- Енді ертегідегі «Түлкі» сөзі неше буыннан тұрады екен? «Түлкі»сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

- Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
- Ал дауыссыз дыбыстарды ше?
« Түлкі сөзі» қандай дыбыстан басталып тұр?
- Дауысты ма әлде дауыссыз ба?

«Буынды жалғастыр» дидактикалық ойыны:
түл -..., қо -..., кө -..., қас -..., жол -..., арыс -..., Ал енді келесі тапсырма алдарындағы қағаздағы үзік сызықтарды қосып қандай аң бейнеленгенің тауып алыңдар.

Түлкі мен қоян ертегісі. жүктеу
23 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/
Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/
Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау қабілеттерін дамыту, ертегіні сурет бойынша айтуға жаттықтыру.
Жабайы аңдар, «Тапқыр қоян» /ертегісі/
Жабайы аңдар, «Тапқыр қоян» /ертегісі/
Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір - бірімен байланысы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау
Түлкі мен қоян халық ертегісі
Түлкі мен қоян халық ертегісі
Ертегінің мазмұнын айтуға, дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ауызекі сөйлеулерін дамыту, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту. Балаларды батырлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу.
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Мақсаты: Жабайы жануарлармен таныстыру. Сөздік қорларын молайту. Қойылған сұрақтарды дұрыс түсініп, толық жауап беруге үйрету. Балаларға жаңа сөздерді қазақ тілінде дұрыс айта білуге үйрету.
Аңдар қысты қалай өткізеді
Аңдар қысты қалай өткізеді
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Ж. Оразова
Жабайы жануарлар
Жабайы жануарлар
Балалар біздің балабақшамызға қонақ апайлар келіпті кәне амандасайық!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×