Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұқым және жеміс

08 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 2 сынып
Тақырыбы: Тұқым және жеміс
Мақсаты:Тұқым және жеміс тұралы түсінік беру.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға тұқым және жеміс арасындағы ерекше байланысты білуге үйрету. Өсімдіктердің өсіп өнуіне, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін, ынтасын, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Табиғатты қорғауға, еңбексүйгіштікке, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, жемістер

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағдай туғызу.
2.Ауа райын бақылап, белгілеу. Дәптерлеріне жазу.
3.Үй жұмысын тексеру. «Өз біліміңді тексер»-тест .
Барлық балалар орындайды, орындап болғаннан кейін жұптасып отырған баламен ауысып, тексереді. Тексеру интерактивті тақтада арқылы. Жасыл түспен дұрыс жауапты белгілейді. Жұмыстарды тапсыру
Үйге жапырақтардың суреттерін сал деген тапсырма берілген.
- Сонымен жапырақтар неге сарғаяды?
- Жапырақ деген не? (Өсімдік мүшесі)
- Ал өсімдіктер туралы не білеміз? (3 топ ағаш, шөп, бұта)
- Өсімдіктің тірі ағза екенін дәлелдеңдер.
Слайд көрсету арқылы өткен тақырыптарды қайталау?
- Өсімдік мүшелерін ата

- Тамыр қандай қызмет атқарады? Қандай түрлері болады(Жақсы жетілген өсімдіктің негізгі тамыры кіндік тамыр деп аталады.)
- Сабақ қандай қызмет атқарады?
Жұмбақ айту:
Ешкім де жемейді,
Тәтті екен демейді.
Сарғайып піседі,
Үзіліп түседі. (Жапырақ)
Гүлдердің түрлерін көрсету.
Сергіту сәті
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін дәмдісін,
Әжемізге сыйлайық.
4.Жаңа тақырып
Жұмбақтар айту.
Алыстан көрсем ақ тас
Жақыннан көрсем - дәмді ас.(Күріш)
Көк лағым көгенде жатып семіреді. (Қарбыз)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкеледі әжем бір күн. (Сәбіз)
Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар. (Бидай)
Бақшамызда жалғыз аяқты
Сарыбас өсіп тұр.
Күн қай жаққа жылжыса
Сарыбас сол жаққа бұрылады. (Күнбағыс)
Қауын, қарбыз дей алмайсың,
Піскенімен жей алмайсың.
Жарғанымен, қап-қатты,
Ал асқанда, тәп-тәтті. (Асқабақ)
Осы жұмбақтардың шешуіне қарап, бүгінгі тақырыпты кім айтады?
Жеміс пен тұқым
5. Практикалық жұмыс . Зерттеу лабораториясы. Жұппен жұмыс.
- Алдарында жемістер соларды зерттеп, байқағандарыңды жазыңдар.
Әр жұп өз жұмыстарын қорғайды.
Слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
Флипчартта: құрғақ жемістерді бір себетке, ал шырынды жемістерді екінші себетке салу.
Әр жемісті тұқымымен сызық арқылы қос.
- Жеміс ол не?
- Ол өсімдік мүшесі.
Өсімдік мүшесі Жеміс пен шырын. Оқулықты оқу.
Оқып болғаннан кейін бекіту.
- Не ұқтыңдар?
- Қандай жемістер болады?
- Тұқым мен жеміс өсімдіктердің қандай мүшесі?
- Шырынды жемістерге мысал келтір.Олардың тұқымы туралы айт
- Құрғақ жемістердің тұқымы туралы айт. Оларға мысал келтір.
- Өсімдіктер тұқымы таралуы жайлы әңгімеле.
5.Қорытындылау. Бағалау.
6.Үй тапсырмасы:Өз бақшаларында қандай жемістер өсіресіңдер. Немесе ауылда ата-апаларын қандай жемістер өсіреді жазып келу. Оның түрі, сипаттау, пайдасы.
12 738
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұқым және жеміс
Тұқым және жеміс
Оқушының дүниетанымын, қызығушылығын, ой - өрісін, есте сақтауын, ақыл – ойын, шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қорғауға, экологияны жақсартуға тәрбиелеу.
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым. Оқушыларды қоршаған ортаны ластамауға өсімдіктерді қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Тұқым және жеміс
Тұқым және жеміс
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Далабаева Гүлжихан
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алиева Динара Қасанқызы
Тұқым және жеміс
Тұқым және жеміс
Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс.
Тұқым. Қосжарнақты және даражарнақты тұқымдардың құрылысы
Тұқым. Қосжарнақты және даражарнақты тұқымдардың құрылысы
Тақырыбы: Тұқым. Қосжарнақты және даражарнақты тұқымдардың құрылысы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×