Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика еліне саяхат

23 маусым 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің конспектісі
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру.
Тақырыбы: Математика еліне саяхат
Мақсаты: 1 - 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санауға, геометриялық пішіндерді ажыратып білуге баулу. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін санамақтар, мақал - мәтелдер, ауызша есептер шығару арқылы дамыту. Қамқорлыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
(Қазір көктем мезгілі.)
- Көктем айларын кім атап береді?
(Наурыз, сәуір, Мамыр)
- Көктем мезгілінің қай айы?
(Мамыр айы)
- Бүгін аптаның қай күні?
(Жұма күні)
- Бір аптада неше күн бар және аттарын кім атап береді?
(Жеті күн бар. Апта аттарын атап береді)

Іздену - ұйымдастырушы
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі ашық оқу іс - әрекеті қызықты болып өтпек, себебі үш топқа бөлініп, сайыс түрінде өтеді. Қазір мен сендерге үш түрлі пішін таратамын, сол пішіндерге байланысты топқа бөлініп отырасыңдар.
(Балалар қолдарындағы пішіндерге байланысты үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелектер болып үш топқа бөлініп отырады. )
- Балалар, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы «Сиқырлы сандар».
Қызықтыру сәті: Ертөстік келеді. Мұңай - ып, көңілі жабырқап тұрады.
Ертөстік: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
(Балалар амандасады).
Тәрбиеші: Балалар, бұл «Ертөстік» ертегісіндегі Ертөстік батыр емес пе, ол мұнда не мақсатпен келді екен, сұрайық?
Ертөстік: Балалар, мен сендерден көмек сұрағалы келдім, менің сегіз ағам бар, ал мен тоғызыншы, яғни ең кенжесімін. Осы ағаларымды Тау шатқалында мекен ететін Тасбол деген жауыз сиқыршы сиқырлап қойыпты, енді не істерімді білмей тұрмын, қайтсем ағаларымды құтқарамын, балалар?
Осы кезде слайдтан Тасболдың суреті көрінеді де, дыбыс шығады.
Тасбол: Мен сиқыршы Тасболмын, Ертөстік мен сенің ағаларыңды сиқырлы сандарға айналдырып жібердім. Енді сен жалғыз қалдың. Мен сені көріп тұрмын. Сен балалардан көмек сұрап жүр екенсің ғой? Тапсырмаңды одан сайын қиындатайын. Мен сендердің тапсырмаларыңды айтуды «Балбөбек» балабақшасының тәрбиеленушілеріне тапсырамын.
Тәрбиеші: Балалар енді не істедік, Ертөстіктің ағаларын Тасболдың сиқырынан құтқарамыз ба?
(Иә.)
Ертөстік: Балалар, сендер тапсырманы орындап болғанша, мен анамнан хабар алып келейін.
Ендеше слайдқа қарап тапсырманы тыңдайық. Кім сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы дұрыс орындаса, сол бала тобына жұлдызша алып береді, жұлдызша - ны көп жинаған топ жеңіске жетеді.
1 - тапсырма: 1 - 10 - ға дейін тура және кері санап және сол сандардың ішінен бір санды көрсете отырып, сол санға байланысты санамақ айту.
(Балалар 1 - 10 - ға дейін тура және кері санап шығады.
Балалар өздерінің білетін санамақтарын айтады.)
Ертөстіктің екі ағасын құтқарады.
Тәрбиеші: Балалар, слайдтан 2 - ші тапсырманы тыңдайық.
2 - тапсырма:
- Балалар, ауызша есептер шығара аласыңдар ма? Ендеше менімен «Ойлан тап»ойынын ойнаңдар.

1. Апам менің базардан
Төрт алма сатып әкелді
Үшеуін ағам жеп қойды
Сонда қалды нешеуі? (1)
2. Сымда тұрған екі құсқа
Ұшып келді біреуі
Сонда болды нешеуі? (3)
3. Оң жақ талда екі алма
Сол жақ талда бес алма
Қосып көрші барлығын
Болып шықты неше алма? (7)
4. Алты қонжық көңілді
Шықты орманға асығып
Біреуі шаршап - шалдығып
Қалды достарынан ажырап
Келді орманға алдымен
Нешеуі екенін кім табады? (5)
5. Үстел үстінде үш бәліш
Оған апам қосты тағы төрт бәліш.
Болып шықты сонда
Барлығы неше бәліш? (7)
6. Оң жағымда үш ұлу
Сол жағымда алты ұлу
Қосып едік екеуін
Болып шықты неше ұлу? (9)
3 - тапсырма. Сандарға байланысты мақал - мәтелдер айтып, жұмбақтар шеше аласыңдар ма?
Мақал - мәтелдер.

Жұмбақтар:
1. Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
2. Төрт бұрышты қатты
Дәмі сондай тәтті. (Қант)
3. Оң жағымда бес сарбаз.
Сол жағымда бес сарбаз. (Он саусақ)
4. Төрт аяқты төрт таяқты.
Үстінде мен жатамын
Тәтті ұйқыға батамын. (Кереует)
Тәрбиеші: Қане, балалар, енді бір серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Барлығымыз слайдқа қарап балалардың қимылын қайталап билейік.
(Балалар «Қызыл өрік» әніне билейді.)
4 - тапсырма. «Пішіндерден үй құрастыра - мыз»
Пішіндерді пайдалана отырып, жапсыру арқылы Ертөстіктің ағаларына үй құрастырып беріңіздер.
Тәрбиеші: Балалар, Ертөстіктің ағаларына
пішіндерді пайдалана отырып, үй құрасты - рып береміз бе?
Ендеше, балалар, үстел үстіндегі заттармен жұмыс жасаймыз. Алдымен мен түсіндіріп көрсетейін.
Тәрбиеші балаларға пішіндерді пайдалана отырып, қалай жапсыру арқылы құрастыруға болатынын көрсетіп береді.
(Тәрбиешінің айтуымен балалар ақ қағаздың сол жақ бетінің жоғарғы жағына күнді, оң жақ бетінің жоғарғы жағына бұлтты, төменге үй мен шыршаны жапсырып шығады.)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар Тасбол - дың төртінші тапсырмасын да орындап, Ертөстіктің сегіз ағасын да құтқардыңдар.
Сол кезде Ертөстік те келеді.
Ертөстік:
- Балалар сендерге көп - көп рахмет! Менің ағаларым үйге оралды, анам сендерге алғыс айтып, тәтті кәмпиттер беріп жіберді,- деп Ертөстік балалармен қоштасып, шығып кетеді.
(Балалар Ертөстікпен қоштасады.)
Қорытынды.
Рефлексивті – коррекциялаушы
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді?
- Ертөстік бізден қандай көмек сұрады?
- Біз Тасболдың қандай тапсырмаларын орындадық?
(Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.)
- Жарайсыңдар, балалар, сендер сиқыршы Тасболдың тапсырмаларын дұрыс орындап, Ертөстіктің ағаларын сиқырдан құтқарып, өз білімдеріңді көрсеттіңдер.

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: 1 - 10 - ға дейін тура және кері санап, ауызша есептер шығара білді.
Нені игереді: Оң, сол жақ, жоғары, төмен, көмектесу деген түсініктерді игереді.
Нені білу керек: Сұрақтарға толық жауап беріп, санамақ, мақал - мәтелдер білу керек
1 700
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Жібек құрты қалай көбелекке айналды
Жібек құрты қалай көбелекке айналды
Кеңістікті бағдарлай білуге. Сандарды тура және кері санау. Геометриялық пішіндерді атап айтып беруге. Түрі - түсі, көлемі жайлы білімдерін кеңейту.
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Балалардың алған түсініктерін бекіту. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сиқырлы сандар
Сиқырлы сандар
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы, "Балбөбек" балабақшасының І санатты ересектер тобының тәрбиешісі Шукирбаева Гулжан Аманкосовна
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Қызықты математика
Қызықты математика
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі жанындағы шағын «Балауса» балалар орталығы тәрбиешісі: Байтемірова. М
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×