Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жануарлардың қандай түрлері болады?

19 қаңтар 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың қандай түрлері болады?
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажыра білу.
Көбі: Жануарлар түрлерін анықтап, төлдерін ажырату.
Кейбірі: Жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолдана алады.
Ресурстар
1. Үлестірмелі парақтар: жабайы жануарлар мен үй жануарларының суреттері;
жануарлардың баспаналары туралы, олардан алынатын өнімдер туралы, дене мүшелері туралы үлестірмелі суреттер.
2. Постерлер, маркерлер, желімдер, кеспе әріптер, гүлдер, кеспе көбелектер.
3. Үй жануарларынан алынатын өнімдер.
4. Интернет - ресурстар.

Сабақтың басы Ынтымақтас - тық атмосфе - раны қалыптастыру
Шаттық шеңбері
Сылдыр - сылдыр шапалақ,
Міне, менің қолым
Міне, менің жүрегім,
Сіздерді жақсы көремін.

- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
- Здравствуйте гости!
- Hello guests!
Балаларды 3 топқа бөлу І
топ «Қошақандар»
ІІ топ «Құлыншақтар»
ІІІ топ «Ботақандар»
Балалар өздеріне ұнаған суреттерін алу арқылы 3 топқа бөлініп, орындарына отырады.

Сабақтың барысы
Өткен сабаққа шолу жасау
Жұмбақ
1. Сұрақтар:
А) Табиғат дегеніміз не?
Ә) Табиғат қаншаға бөлінеді?
Б) Жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылықтары қандай?
• Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
• Өзі айлакер, өзі бір қу.
Жүрген жері айқай да шу. (Түлкі)

Сабақтың тақырыбын хабарлау
Жануарлардың қандай түрлері болады?
Әлемде жануарлардың орасан көп түрлері бар.
Сұрақтар қою.
Қазақстанда тіршілік ететін қандай жануарларды білесіңдер?
Оқушыларды оқулықтарыңдағы суреттерге қарату.
- Оқулықта бейнеленген жануарлардың қайсысын білесіңдер?
Бұл жануарлардың қайсысы біздің өлкеде тіршілік етеді?
Оларды топтарға бөліңдерші.
Қандай топтар шықты?
Неліктен?
Жануарларға жеке - жеке түсінік беру.

Арқар – жұптұяты сүтқоректі. Денесінің ұзындығы 1 м - ден 2 м - ге, биіктігі 1 м - ге дейін жетеді. Тау бөктерінде, жартасты тау етегінде, шатқалдарда тіршілік етеді.
Тауық – үй құстарының бір түрі. Олардың сыртқы келбеті әртүрлі болып келеді: ақ тауық, ала тауық, шұбар тауық және т. б.
Сиыр – үй жануарларына жатады. Мүйізді ірі қара — тұяқты, жануар.
Құлан – сырттай есекке ұқсайтын түз жануары. Жазықта және шөл жерлерде, тау бөктерінде тіршілік етеді.
Құндыз – сүтқоректі, ірі кеміргіш. Денесінің ұзындығы 1 м - ге дейін жетеді. Жүзе алады, алдыңғы аяқтарымен жерді қаза алады. Ағаштың қабығы мен сүрегін қорек етеді.
Түлкі – жыртқыш аң. Әлемде оның 30 - дан астам түрлері бар. Түлкі өте сақ, айлакер аң. Ол қасқыр, ит, бүркіт сияқты жануарларды оп - оңай алдап кете алады. Түлкінің қулығы жайлы көптеген аңыз, ертегілер бар.
Жылқы – ірі, өте әдемі, жүйрік жануар. Қазақтың тұрмысында жылқының маңызы ерекше болған. Алыс жолға жүргенде көлік болған.
Аю – ірі жыртқыш аң. Оның дене тұрқы 3 м - дей, салмағы 400 – 700 кг - дай. Суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді.
Қасқыр – жыртқыш, қайсар, аса сақ жануар.

Жамбыл облысы,
Тараз қаласы, №23 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Касымова Айкын Берикбаевна
Жануарлардың қандай түрлері болады? жүктеу
4 253
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адамдар жануарлардан не алады?
Адамдар жануарлардан не алады?
Жабайы және үй жануарларын ажырату, үй жануарларынан және үй құстарынан алынатын өнімдерді білу, анықтау;
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Жабайы және үй жануарларының ерекше белгілерін анықтап білуге үйрету; жануарлар туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету.
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Адамдар жануарлардан не алады?
Адамдар жануарлардан не алады?
Барлық оқушылар: жабайы жануарларды үй жануарларынан ажыратуды үйрету; Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсіндіру.
Wild and domestic animals
Wild and domestic animals
Үй жануарларымен жабайы аңдарды ажырата білуге үйрету. Жануарларды, түстерді және 1 - 5 сандарын қайталау. Эстетикалық тәрбие беру. Үйренген сөздерді қолдана білу дағдыларын және тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×