Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыдыс - аяқтар

04 ақпан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ыдыс - аяқтар
Мақсаты: Ыдыс-аяқтар туралы түсінік қалыптастыру. Оларды ажырата білуге үйрету
Білімділік: Ыдыс-аяқтар туралы білімдерін кеңейту
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту
Тәрбиелілік: Оларды ажырата білуге үйрету
Әдіс - тәсіл: Ішіне сыртына, сөз ұйқас, трек - сызба, үрлеу әдісі,
Ұйым түрі: топпен

Ізденуші - ұйымдастырушылық
Балалар шеңберге тұрады.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, біз үлкен шеңбер құрып тұрмыз. Ал мына үстел үстіндегі шеңберге назар аударайықшы?
Сыртында үлкен шеңбер, ал ішінде кішкене шеңбер орналасқан. Сыртындағы шеңбердегі ойыншықтар мен ыдыстарды орналасқан. Сендерге тапсырма ортасына жұмбақты шеше отырып жұмбақ жауабын ортадағы шеңберге орналастырыңдар?
1. Басы домалақ, сабы сызық. (ожау)
2. Өзімен біз шәй ішеміз, ұзын түтігі бар. (шәйнек)
3. Шәйнекпен оған шәй құямыз, өзі домалақ пішінді. (кесе)
4. Сорпа, ас ішкенде керек зат? (тарелка)
5. Басы өткір, сабы сызық? (пышақ)

Тәрбиеші: Балалар ортадағы шеңберді бір сөзбен ыдыс-аяқтар. д. а.
Бүгінгі сабағымыз ыдыс аяқтар туралы болады.
Тосын сый сәті:
Ортаға қонжық кіреді. (Музыка ойналады)
Қонжық: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен кішкентай қонжықпын. Маған әкеме - анама және маған ыдыстар керек. Оны қайдан алу керектігін білмеймін, көмектесіңдерші балалар?
Балалар: Иә, көмектесеміз
Тәрбиеші: Ыдыстарды сатып алу үшін қайда бару керекпіз, балалар?
Балалар: Дүкенге
Тәрбиеші: Онда балалар сиқырлы жолмен дүкенге барайық. Сиқырлы жолмен өту үшін, сиқырлы сөздер айту керек. Қане барлығымыз бірге
1. Ке - ке - кесе
2. Ық - ық - қасық
3. Ан - ан - ақман
4. Ау - ау - ожау
Тәрбиеші: Мә, балалар сатушы қайда? Қане барлығымыз сатушы келу үшін көзімізді жұмып, солға қарай 1, 2, 3, 4 айналамыз.
Сатушы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біздің дүкенге қош келдіңдер! Мен осы дүкеннің сатушысымын. Не сатып алуға келдіңдер?
Қонжық: Балалар маған ыдыстар сатып әпереді.
Балалар: Ыдыс сатып алуға келдік
Сатушы: Ыдысты сатып алу үшін ақшаларың бар ма?
Ыдыс - аяқтар жүктеу
3 012
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыдыс – аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар
Ыдыс – аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар
Ыдыс – аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Мысықай - пысықай, сен Мақта қыздың сүтін тағы да төгіп алдың ба?
Ыдыс-аяқ атаулары
Ыдыс-аяқ атаулары
оқушылардың қазақ тілге деген құрметтерін арттырып, сөздік қорларын дамыта отырып, ізденушілік қабілеттерін дамыту.
Ыдыс - аяқтар
Ыдыс - аяқтар
Кесе, шыны, пияла Оларсыз шай құя ма? Қасықсыз тамақ жемейді, Бәрінің атын не дейді? (Ыдыс - аяқ)
«Көмекшілер» Н. Калинина
«Көмекшілер» Н. Калинина
Тәрбиешінің сұрақтары бойынша, балаларға таныс шығарманың мазмұнын айтып беріге дағдыландыру. Көмекшілер деген сөзге түсінік беру. Сөздік қорларын толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ыдыс - аяқ
Ыдыс - аяқ
Ыдыс - аяқтар туралы түсініктерін толықтыру. Асхана құралдары, оның ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын түсіндіру (түсті, мөлшері, көлемі, материалы, металдан жасалатындығы, жасалуы т.) оларға бағдар жасауға үйрету. Оларды сақтау ережелерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×