Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қ дыбысы мен әрпі

10 ақпан 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сауаттылық негіздері
Тақырыбы: Қ дыбысы мен әрпі
Мақсаты: «Қ» дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету. Тіл ұстарту жаттығуы арқылы тілдерін дамыту. Дидактикалық ойындар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Буындарды, қысқа сөздерді оқуға тілдерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Жұмыс дәптері, қолайна, әріп қималары.
Үш тілдік: Қар - снег – снау, қолғап – вережка - гаугиз, құлақшын - шапка - кап, қарбыз – арбуз - неллен.

Мотивациялық
қозғаушылық Балалармен сәлемдесу.
Ғажайып сәт:
Бүгін біздің ұйымдастырылған оқу қызметіміз ерекше болмақ. Өйткені мен балабақшаға келе жатқанымда жолдан мына сандықшаны тауып алдым. Ішінде не бар екенін көргім келіп тұр. Сандықшадан тапсырмалар шығады. Балалардан сұрау.

Жұмбақ жасыру:
1. Қос қолыма киемін
Жып – жылы боп жүремін
2. Қоймасын қыс ақтарып
Жерді басты ақ мамық
3. Маңдайы бар тілі жоқ
Құлағы бар үні жоқ
4. Сырты қатты
Іші тәтті

Ұйымдастырушылық
қатынас
Үш тілдік: Қар - снег
– снау, қолғап – вережка - гаугиз, құлақшын - шапка - кап, қарбыз – арбуз - неллен.
- Ал балалар жұмбақтың шешуі қай дыбыстан басталып тұр?
- Біз осыған дейін қандай әріптермен таныстық?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгілейміз?
- Ал дауыссыз дыбыстарды ше?
- Ендеше балалар бүгін біз «Қ» дыбысы мен әрпімен танысамыз.
- Дыбысты естиміз, ал әріпті көзбен көреміз. Мысалы: Қолымызды шапалақтасақ, үстел үстін ұрсақ дыбыстар естіледі. Ал әріптерді қолымызбен жазамыз, және көзімізбен көреміз.
- Экраннан «Қ» дыбысын әліппиден тыңдату.

Кәне бәріміз қолайнамызға қарап «Қ» деп айтайық.

«Қ» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін ашылып, тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Міне осыдан «Қ» дыбысы айтылады.
«Қ» дыбысы дауыссыз дыбыс. Ол көк түспен белгіленеді.
- Балалар «Қ» дыбысы қазақтың төл дыбысының бірі болып саналады, сондықтан «қ» дыбысын анық, таза айтуға тырысайық.

- Тіл ұстарту жаттығуы:
Қа - қа - қа –
Бақылдайды бақа
Қа - қа - қа
Атам берді соқа
Ақ - ақ - ақ
Басыңа қонсын бақ
Гүлденіп кетті бақ
Әжем маған жақ
Боларсың әр кез сақ
Секіреді лақ
Сылдырайды бұлақ.

Балалар міне «Қ» әрпінің баспа түрі және жазба түрі.

- Осы «Қ» әрпін ауада жазайық.

«Қ» әрпіне өткен әріптерді қосып сөз құрайық.
Мысалы: Ана, ата, аға, нар, от, Отан.
- Қара сөзіне дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу
- «Сөзден сөйлем құрау» ойыны.
Ойын шарты: үстел үстіндегі заттардың атын атап, сол сөзге сөйлем құрау.

Сергіту сәті:
Ұнды қолмен аламыз
Бетіне тұз саламыз
Жылы суды құйып ап
Араластырып қоямыз

- Дәптермен жұмыс:
№ 15 - ші тапсырма бойынша орындалады.
- Балалар қазір мен Қ. Мырза Әлидің «Құттықтау» өлеңін мәнерлеп оқимын.
Өлең жолдарында «Қ» дыбысы естілсе қолдарыңды шапалақтаңдар, ал «қ» дыбысы естілмесе аяқтарыңды томпылдатыңдар
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Қуанышы ананың
Қуанышы баланың
Бізді өсірген апатай
Еңбегіңде зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең..

- Дидактикалық ойын: «Жалпы атауын ата?»
- Қоян, қасқыр, түлкі.
- Қызыл, жасыл, сары, көк
- Қас, көз, қол.
- Май, шай, нан.
- Қызғалдақ, раушан, түймедақ.
- Қаз, үйрек, қарлығаш.
Қ дыбысы мен әрпі жүктеу
Қ дыбысы мен әрпі слайд жүктеу
4 929
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Л дыбысы мен әрпі
Л дыбысы мен әрпі
Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Й, й дыбысы және әрпі
Й, й дыбысы және әрпі
Й дыбысы мен әрпін таныстыру. Й дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, таза сөйлеуге үйрету.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
М дыбысы мен әрпі
М дыбысы мен әрпі
М дыбысымен таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан табуға үйрету. 2. Балаларға М дыбысы ба
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×