Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр

23 ақпан 2019, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр.
Сабақтың мақсаты:
Өсімдік мүшелері қандай қызмет атқаратынын және тамыр туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері: Оқушыларды өсімдіктің жер астындағы мүшесі – тамырдың қызметімен, оның түрлерімен таныстыру, өсімдіктің топырақтағы бөлігі, оның қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру; Табиғаттағы барлық жануарлар мен өсімдіктерге орынсыз зиян келтірмеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, «өсімдік мүшелері» кестесі

Сабақтың барысы.
№1слайд
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз,
Иіліп сәлем береміз.
Біз әдепті баламыз.
- Қазір қай мезгіл?
- Қандай мерекені атап өтеміз?
Шыршаны безендіреміз
№2слайд үй тапсырмасы

ІІ. Үй тапсырмасы
- Өсімдікке не қажет?
- Өсімдік нешеге бөлінеді?
- Ағаш, бұта, шөпке нелер жатады?
Өсімдіктер - бұта, ағаш, шөп
Ағаш → қайың, тал, қарағай, емен шырша
Бұта → тобылғы, жыңғыл итмұрын, қараған
Шөптекті өсімдіктер → селеу, жусан, жоңышқа, бақбақ, шоғайна бидайық, бетеге
- Неге тірі ағза деп аталады?
- Тірі ағзаға нелер жатады?
- Тыныс алады, жарықты, жылуды, суды қажет етеді.

Сергіту сәті
ІІІ. Жаңа сабақ
Сонымен бірге өсімдіктің тірі – ағза екенін айта отырып, еліміздің, қаламыздың көркеюіне, ауаның таза болуына Елбасымыз ерекше көңіл бөліп отырғанын айту. Қазіргі табиғаттың, экологияның нашарлап, орман алқаптарында өсімдіктердің азаюына байланысты мемлекеттік “Жасыл ел ” бағдарламасының орны ерекше. Елбасымыздың бағдарламасы бойынша қаланы көркейту, жыл сайын ағаштар отырғызу жұмыстары алға қойған мақсаттардың бірі болып отыр.
- Қандай мақал - мәтел білесіңдер? /ойыншық/

Семей қаласының шетіндегі шыршалар туралы айта кету.
№5слайд
Жұмбақ жасыру
Көз алмай күнге алыс, қарайды........(күнбағыс)
- Күнбағыс туралы сурау
- Не алынады? шекілдеуік
- Не жасалады? май

Топтастыру. (өсімдік мүшелерін суреттер арқылы топтау).
Өсімдік мүшелері

Жеміс
Гүл
Жапырақ
Сабақ
Тамыр
Тұқым
- Не арқылы өседі?
- Тамыр деген не?
- Қайда өседі?
- Қандай топырақта өседі?
№6 слайд Тамыр туралы

1. Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі.
2. Өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді. 3. Тамыр арқылы өсімдік қорек алады.

7. Тәжірибе

№7 слайд тамыр түрлері

5. Тамыр жүйесі – бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, шашақ) жиынтығы. Кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білеуленген жуан негізгі тамыры бар, оның жан - жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер: сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ т. б.
Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды. Төмен қарай бағытталып, топыраққа тереңдей береді.
Жанама тамыр негізгі тамырдың жан - жағынан таралады. Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады..
Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан - жаққа жайыла өседі, көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, жүгері, күріш, тары, пияз, т. б.)
• Оқулықпен жұмыс
• Дәптермен жұмыс

№8слайд шөл жер өсімдіктері
• Дарынды оқушымен жұмыс
Құмды жер, шөлді жер. Өсімдіктердің тамырлары өте ұзын келеді. Шөлді жерлерде өсетін тікен қурай, жантақ сияқты. Жантақ өсімдігі 10 - 20 м тереңдікте созылады. (суретпен жұмыс істеу)
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр жүктеу
3 226
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдік - тірі ағза
Өсімдік - тірі ағза
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мырзағалиева Салтанат Дәмірқызы
Жапырақ
Жапырақ
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы, № 43 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алипбекова Д. Ж.
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі
Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Муханбетжанова Әлия Орынғалиқызы
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×