Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Буын

12 тамыз 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тіл дамыту
Тақырыбы: Буын
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, буын түрлерін меңгерту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, ізгілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақ. Ой қозғау сәті.
Білемін Білгім келеді Үйрендім

Ереже қорыту: Оқушыларға осы кестеге сәйкес мұғалімнің көмегімен анықтаманы өздеріне шығартқызу
1. Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз: а - ға, ба - ла, қа - ла т. б. Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а - дам, а - та.
2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т. б.
Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і - өр - ті, оқ+ы - о - ғы, еп+і - е - бі, ек+ін - е - гін т. б.
3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т. б.
Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
Кеспе әріптерден буын құрау
Кеспе буындардан сөз құрау
Буын түрін ажырату.

ІҮ. Қорытындылау.
Ү. Мадақтау
Буын. жүктеу
77
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Буын түрлері
Буын түрлері
Буын туралы түсінік беру, буынның түрлерімен таныстыру және жасалу жолдарын үйрету.
Буын. Буынның түрлері
Буын. Буынның түрлері
Буын дегеніміз сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынана жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын
Буын және оның түрлері
Буын және оның түрлері
Ашық буын – жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды. Тұйық буын – дауыстыдан дауыссызға аяқталған буынды атаймыз. Бітеу буын – дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін)
Буын түрлері
Буын түрлері
Маңғыстау обылысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанова Ләззат Боранбайқызы
Буын түрлері
Буын түрлері
Ақтөбе қаласы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асқарова Гүлмира Амангелдіқызы
Буын түрлері
Буын түрлері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.