Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауа дегеніміз не?

19 желтоқсан 2020, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пәні: Дүниетану Мектеп: 144 орта мектеп
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 
Күні: Мұғалімнің аты - жөні: Кудайбергенова Эльмира
Сынып: 1 Қатысқандар саны: 
 Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбыАшық сабақ. Ауа райы дегеніміз не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)1. 2. 2. 1. Ауа райының адамға және оның іс - әрекетіне әсерін анықтау
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар: Ауа райының түрлерін біледі, құбылыстарды атай алады.
Көптеген оқушылар: 
Ауа райының табиғатқа, жануарға, өсімдікке қалай әсер ететінін түсіндіреді.
Кейбір оқушылар:
 Әр жыл мезгіліндегі ауа райы, табиғат құбылыстары туралы олардың қоршаған ортаға әсері туралы сипаттайды.
Бағалау критерийлеріАуа райының адамға тигізетін әсері туралы айтады.
Ауа райының қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді
 Жыл мезгіліне тән ауа райы құбылыстарын ажыратады, әңгімедейді.
Тілдік мақсаттарТүйінді сөз: Жыл мезгілдері, термометр, ауа райы, шартты белгілер
Талқылауға арналған сұрақтар:
Неше жыл мезгілдері бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Неліктен ауа райы құбылып тұрады?
 Ауа райын қалай бақылаймыз?
Құндылықтарды дарытуОқушыларға ауа райына сай киіну, 
Пәнаралық байланыстарДене шынықтыру
АКТ қолдану дағдыларыСлайд, суреттер, тапсырмалар
Бастапқы білімАуа райы құбылыстарын біледі.


Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс - әрекет Ресурстар 

Психологиялық ахуал
Үлкен шеңбер құру. Оқушыларға жыл мезгілдері бейнелеген жарты сурет беріледі. Берілген суреттің жартысын тауып, жұптасып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді. Жыл мезгілдері суреттері арқылы топқа бөлінеді.
Топқа бөлу
Көктем, жаз, күз, қыс
 Тақырыпты ашу үшін «Мозайка» әдісін қолданамын.
Әр топқа ауа райының құбылыстары бейнеленген қима суреттер таратылады. Суретті құрастырып, суретте қандай құбылыс бейнеленгенін атайды.

 
  • Бұл құраған суреттерің нені білдіреді? (табиғат құбылысын)
  • Әр жыл мезгілінің табиғат құбылыс болады. Ол туралы не айтар едіңдер?
  • Мысалы қар қай мезгілде болады?
  • Тұман ше?
  • Шық қай кезде түседі?
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы Ауа райы дегеніміз не?

 
  • Ауа райы дегенді қалай түсінеміз?
(Ауа, температура, бұлт, жауын - шашын, жел – мұның бәрі ауа райы деп аталады).

 
  • Ауа райы құбылыстарын қалай байқаймыз?
(Ауа райында болып жатқан құбылыстарға қарап немесе күннің ысып, суып кетуінен және де тағы басқа құбылыстардан байқауға болады.)

 
  • Ауа райын өлшейтін құрал қалай аталады?
(Термометр) 
Қима суреттер
Сабақтың ортасы Топтық жұмыс. «Ойлан тап» ойыны
Суреттің жартысын тап. Жыл мезгілдерін ретімен орналастыр.
І, ІІ топ
Киімдерді ауа райына сай сәйкестендір
Дескриптор:

 
  • Суреттің жартысын тауып, жыл мезгілдерін ретімен орналастырады,
  • Ауа райыны сай киімдерді сәйкестендіреді
Ауа райының шартты белгілері арқылы бір - бірін бағалайды.
 Ұжымдық жұмыс: «Ауа райын болжау» ойыны
Мұғалім – ауа райын болжайтын тілші
Оқушылар – ауа райын шартты белгілермен көрсететін операторлар.
Оқушыларға ауа райының шартты белгілері беріледі. Айтылған құбылыстарды шартты белгі арқылы көрсетеді.

 
  • Қызылорда қаласында күн ашық, ауа температурасы +40оС құрайды;
  • Нұр - Сұлтан қаласында қар жауады, ауа температурасы - 10оС суықтықты көрсетеді
  • Алматы қаласында аздаған жел тұрып, жауын жауады, ауа температурасы +20оС - ты құрайды;
  • Шымкент қаласында күн ала бұлтты, ауа температурасы - 5оС суықтықты көрсетеді
Термометрдің көрсеткіші бойынша бағалаймын
Сергіту сәті
Жаңбыр жауар себелеп,
 Тығылады көбелек.
 Біз қолшатыр астында.
 Би билейміз дөңгелеп.
ҚБ. Жеке жұмыс. 1 - тапсырма
Ауа райы қандай құрылғымен өлшенеді?
А) Ә)
Б) Г)
2 - тапсырма Семантикалық карта әдісі
Кестеде берілген тапсырманы (+) сәйкестендір
Дескриптор:
 - Ауа райын өлшейтін құрал термометрді табады;
- Жыл мезгілдеріне сай суреттерді (+) таңбасымен сәйкестендіреді.
Оқушылар өз - өздерін тексеріп бесжұлдыз арқылы бағалайды
Жұптық жұмыс. Пантомима әдісі 
Оқушы жұбына жылдың қай мезгілінде туылғанын іс – қимыл арқылы көрсетеді. Жұбы қандай мезгіл екенін табады.
Жұптағы оқушылар бір - бірін 100 теңге арқылы бағалайды.
 Әр жұпқа 100 теңге беріледі. Ақшаны біреуіне қалдыруға шешім шығару қажет. Себебін айтады.
Жыл мезгілдері бейнеленген суреттер
Шартты белгілер
карточка
Тапсырма
 Семантикалық карта
Сабақтың соңы Кері байланыс
Сабақты қорытындылау «Көшбасшы стратегиясы» 

 
  • Неше жыл мезгілі бар?
  • Ауа райы дегеніміз не?
  • Ауа райы қандай құрылғымен өлшенеді?
  • Ауа райын зерттейтін ғалымдарды қалай атайды?
  • Қар, мұз, бұршақ, қырау қандай мезгілдің құбылыстары?
  • Термометрдің 0 - ден жоғарғы көрсеткіштері нені білдіреді?
  • Жаз мезгілінің ойын түрлерін ата?
Жеңімпаз оқушыны кубок арқылы бағалау

1 753
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Әдеби шығарманың жанрын анықтау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3. 2. 4. 1. Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерешеліктерін анықтау Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар Өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіме - нің
Кестелік мәліметтердің графикалық көрінісі
Кестелік мәліметтердің графикалық көрінісі
Диаграмма түрлерін ажыратады, кесте мәліметтеріне сай диаграмма әр түрін тұрғызады және жеке параққа орналастырады.
Ауа райы
Ауа райы
Метеорология - атмосфералық құбылыстар мен ауа райы картасын жасаумен айналысатын ғылым. Ауа райы картасында шартты белгілермен және цифрлармен ауа райының белгілі бір кезеңдегі жай - күйі көрсетіледі. Картаға ауа массалары, атмосфера қысымы
Ауа райы
Ауа райы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ауа райы туралы білімдерін кеңейту; Ауаның температурасы мен жануарлар және өсімдіктердің тіршілігінің арасындағы байланысты анықтау;
Ауа райы. Климат
Ауа райы. Климат
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ажмухамбетова Тамара Иксановна
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі: Акманова Әлия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×