Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нұрпейіс Байғанин "Амангелді батырым"

19 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Амангелді батырым.
Мақсаты: Амангелді Имановтың ерлігі, өмірі жайлы мәлімет беру.
Сабақ мазмұнына байланысты міндет:
1. А. Имановтың өмірі, ерлігі жайлы мағлұмат алады.
2. Елін сүйе біледі, батылдықты, батырлықты сезінеді.
3. Көркем сөздерді нақты анықтай алады.
СТО – ға байланысты міндет: негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қолданылатын стратегиялар: Ой қозғау, әдебиет үйірмесі, сауаттылықты ашатын хаттар, Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы.

Көрнекілігі: суреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру.
Махамбет пен Жақия әңгімесі бойынша түсінігін сұрау.
1. Жақияның алғашқы соғысы
2. Махамбеттің ақылы
3. Батырдың ерлігі.

І. Қызығушылықты ояту:
«Ой қозғау» Сөзжұмбақ шешу.
1. Қаракерей
2. Исатайдың серігі.
3. Жақияның әкесі
4. Исатайтың тұлпары
5. Қанжығалы
6. Ағыбай батыр заманындағы хан.
7. Қабанбай, Бөгенбай батыр заманындағы хан.
8. Қорғансыз, есеңгіреген халықтың түскен күйі.
9. Исатай, Махамбет батырлар заманындағы хан.

ІІ. Мағынаны тану.
Нұрпейіс Байғанин 1860 - 1945 - халық ақыны, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Ақтөбе облысының Темір ауданында (қазіргі Байғанин ауданы) туған.
17 жасынан бастап Нұрпейіс маман ақын болып қалыптасады. Белгілі ақындармен айтысқа түсіп, үнемі жеңіске жетіп жүреді. Көп кешікпей оның есімі тек туған жерінде ғана емес, Оңтүстік Орал, Сырдарияның бойында, Түркменстанда белгілі бола бастайды.
Нұрпейіс Байғаниннің жырлауында «Құбығұл», «Төрехан», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қыз - жібек», «Айман - Шолпан» нұсқалары туған.

Бүгінгі сабақта Н. Байғаниннің «Амангелді батырым» өлеңімен танысамыз.
Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873 - 1919) - қазақ халқының батыры. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3 - ауылында кедей шаруа отбасында туған. 7 жасында әкесі, одан 5 жыл кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады. Ауқатты адамдарға жалға тұрып жүріп, еңбекші халықтың тартқан қайғы - қасіретін, ауыр тұрмысын көреді. Халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі, Иман батыр Дулатұлының немересі.
1938 жыл: «Ленфильм» киностудиясында Қазақтың тұңғыш көркем фильмі — «Амангелді» түсірілді.

Оқулықпен жұмыс. 1. «Амангелді батырым» өлеңін оқу, түсіндіру.
2. Мәнерлеп оқу. 3. Іштерінен оқу.

Сергіту сәті. Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
Әдебиет үйірмесі.
1. Іздеуші топ. Сөздердің мағынасын ашу. Қалың ел, езілген ел.
2. Бейнелеуші топ. Ақын батырдың ерлігін қалай суреттейді?
3. Сөз тапқыш. Батырлық, ерлік жайында мақал айту.

Сауаттылықты ашатын хаттар.
1. Кейіпкерге хат жазу.
2. Кейіпкер атынан хат жазу.
3. Кейіпкерді сипаттап жазу.
Әр топ өз жазғандарын автор орындығына отырып оқиды.

ІІІ. Ой толғау.
Блум таксономиясы, сұрақтар стратегиясы.

1. Жіңішке сұрақтар:
1. Амангелді кім? Халық батыры.
2. Ол қай жылы дүниеге келген? 1873 жылы
3. Қандай көтерілістің ұйымдастырушысы? Ұлт – азаттық көтерілістің.
4. Ол көтеріліс қашан болды? 1916 жылы.
5. Амангелдінің әкесі кім? Үдербай.

2. Жалпақ сұрақтар:
1. Өлеңде автор халықтың жағдайын қалай сипаттайды?
2. Амангелді батырды қалай суреттейді?
3. Дұшпандар қалай бейнеленген?
4. Амангелді батырдың жауға қалай шапқандығын қысқаша әңгімеле.
5. А. Имановтың өмірі жайлы не білесің?

Үйге тапсырма: «Амангелді батырым» өлеңін жаттау. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Бағалау.
13 190
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Амангелді батырым Н. Байғанин
Амангелді батырым Н. Байғанин
Өлеңді түсініп оқып, негізгі идеяны анықтау. Амангелді батыр жайлы мағлұмат алу. Топта өлеңді талқылап, өз бетімен меңгеруге, бір - біріне түсіндіруге, өзін - өзі реттеуге ықпал ету. Шағын топтарда үйлесімділікпен әрекеттесуге баулу.
Махамбет пен Жақия
Махамбет пен Жақия
Халқымыздың тарихынан тағылым беру. Патриоттық сезімін ояту. Батырлар туралы білетіндерін жетілдіру, кеңейту.
"Амангелді батырым" Нұрпейіс Байғанин
"Амангелді батырым" Нұрпейіс Байғанин
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жауыр Гүлбаршын Тынышбайқызы
Махамбет Өтемісұлының өмірі, ерлігі
Махамбет Өтемісұлының өмірі, ерлігі
[right]Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағазина Гүлсім Шаймерденқызы
Н. Байғанин Амангелді батырым
Н. Байғанин Амангелді батырым
Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Н. Байғанин «Амангелді батырым»
С.Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
С.Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташетова Гулбаршын Бактияровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×