Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақ пен жүзім шаруашылығы

21 желтоқсан 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Бақ пен жүзім шаруашылығы (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға бақта өсетін өсімдіктер туралы түсінік беру, олардың адамға қажеттілігін, пайдалылығын анықтай отырып, оқушыларға бақ және жүзім шаруашылық зиянкестер туралы мағлұмат беру.
2. Өз ойларын тиянақтап айтуға дағдыландыру, танымдық белсенділіктерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасауға, ізденуге үйрету.
3. Өсімдіктерді сүюге, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Типі: аралас
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, түртіп алу, Венн диаграммасы
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, буклет дәрумендер туралы

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру.
- үйге берілген тапсырманы кім айтады?
- «Ақ алтынды аймақта».
- Балалар, үй тапсырмасы бойынша тақырыптың сөздік қор жасаймыз. Яғни, 5 минут уақыт ішінде берілген тапсырма бойынша сөздер жазу.
(Көршілеріңмен бір – біріңді тексеріңдер.)

3. Үй тапсырмасын қорытындылау (матрица бойынша + қою)
1. Бау – бақшалы, мақталы өңір қай жер?
- Оңтүстік Қазақстан
2. Күзде пісіп, қауашағы жарылған мақта қанда болады?
- аппақ қардай үлпілдеп тұрады.
3. Мақтаны қалай жинайды?
- мақта теретін арнаулы машиналармен.
4. Мақта өсіруде жүргізілетін еңбек түрлері?
- түптеу, суару, арамшөбін отау, піскенде жинау.
5. Жаңа жиналған мақта ішінде не болады?
- тұқым
6. Мақта тұқымын не деп атайды?
- Мақта тұқымын «шит» деп атайды.
7. Тұқымнан тазартылмаған мақтаны қалай атайды?
- шитті мақта
8. Таза мақта алу үшін не істейміз?
- тұқымнан айырамыз. Мақтаның тұқымы да пайдалы. Одан мақта майы және шаруашылыққа керекті көптеген заттар өндіріледі.
9. Мақтадан не аламыз?
10. Мақтаны неге «ақ алтынға» теңейді?
Ауылшаруашылығы

Балық, ара, өсімдік, құс, мал
өсімдік

Егін, бақ, мақта, жүзім, бақша

3. Жаңа сабақ
«Бақ пен жүзім шаруашылығы»
Дәптерімізді ашып, күннің жадын және бүгінгі тақырыпты жазып қоямыз.
1. Мұғалімнің түсіндіруі, яғни бақ, бақша өсімдіктері және жылыжай кешені туралы.
- Енді, бәріміз оқулығымыздың 131 - бетін ашамыз.
1. Үш оқушыға оқытамын.
2. Мәтіннен түсінбеген сөздерін жазу.
Алқап –
Тыңайтқыш –
3. Мәтіннен негізгі 7 тірек сөзді таңдап алайық.
1. Бақ 2. Бағбан 3. Зиянкестер 4. Бұта 5. Дәрумен 6. Бақша 7. Жылыжай
- Балалар, оқып еске сақтаймыз, ретінен шатаспайық.
- Алғаш баған 5 баланы бағалаймыз (1 минут беріледі)
1. Балалар, мәтінде бақ туралы не айтылған?
2. Бағбан дегеніміз не?
3. Зиянкестер туралы не білдік? Олардан қалай қорғаймыз?
4. Бұта жайында не айтасың?
5. Дәрумен
6. Бақша өсімдіктері туралы айт.
7. Жылыжай туралы не білдік?
Бір – біріне сұрақтар қою. 1-қатар 2 - қатарға, 2 – қатар 3 - қатарға, 3 - қатар 1 - қатарға.

4. Жақсы, балалар. Енді кезекте «бұлт, күн» атты қисын сұрақтар берілген. Яғни бұл сұрақтарға тек «иә», «жоқ» деп жауап береміз. Дұрыс болса күн, бұрыс болса бұлт шығады.
Венн диаграммасы Бақ және Бақшаны салыстыру.

5. Кубизм «Бақ»
1. Суретте: Бақ пен жүзім солтүстік Қазақстанда кеңінен таралған. Бақта алма, алмұрт, алхоры, шие т. б. жеміс ағаштары өседі. Жүзім арнайы алқаптарда өсіріледі: Баққа күтім жасайтын адамды бағбан дейміз.
2. Салыстыр: Жемістер өсетін ағаш діңдері мықты болады. Ал жидек бұтада өседі. Бұта ағашқа қарағанда иілгіш келеді.
Кейбір жемістер қышқыл немесе ащы болады. Мысалы: лимон. Ал, біреулері тәтті, шырынды болады.
3. Қолданылуы: Жеміс – жидектерді, көкөністерді пісіріп те, кептіріп те немесе шырын түрінде де қолдануға болады.
4. Ойыңмен байланыстыр: Бақ туралы сөз болғанда көз алдыма жап – жасыл бақ, көктем езгілінде гүлден тұрғаны елестейді.
Ал, маған жүзім алқаптары елестейді, олардың түп – түзу болып өсіп, жемістері төгіліп тұрғандығы.
Ал, өсімдік туралы айтқанда олардың айналаға таза ауа беретіндіктері, ауаны оттегімен байытады.
5. Зертте: Жемістің ішінде тұқым болады. Тұқым екіге бөлінеді, құрғақ және шырынды. Құрғақ тұқымға дәнді дақылдар, ал шырындығы жемістер мен көкөністер жатады.
Қарсы шығу немесе қолдану: Мен жемістерге ешқашан қарсы шықпаймын. Өйткені, олар адамдарға қажет, олар дәруменге бай.
- Олай болса, «Дәрумендер айтысы» көрінісін қарайық.
8. Қорытынды бөлім.
- Мінеки, балалар, өздерің көріп отырғандай «Бақ пен жүзім шаруашылығы» адамға қажет екен және оларды тұтынуымыз қажет. Өйткені, олар дәруменге бай.
Оларды әрдайым қорғап, көбейтуге өз үлесімізді қосайық.
9. Үйге тапсырма: «Бақ пен жүзім шаруашылығы»
Оқу, мазмұнын айту.
10. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 601
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еліміздің егіншілік және мал шаруашылығы
Еліміздің егіншілік және мал шаруашылығы
Бастауыш сынып мұғалімі Тасанова Жанар Байжановна
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту
Атырау қаласы, Б. Нысанбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Бисенбаева Гульфазия
Жеміс-жидек отырғызу
Жеміс-жидек отырғызу
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің өзін өзі тану мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Өсімдіктер экологиясы
Өсімдіктер экологиясы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 жалпы білім беретін аралас мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биология пәні мұғалімі Ерденбекова Сымбат Айтмукашиевна
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзилова Айжан Абилгазиевна
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы Егіншілік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×