Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлем

21 желтоқсан 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: сөйлем, сөйлемнің 3 түрі, сөйлемнен кейін келетін тыныс белгілері туралы жалпы түсінік беру. Сауатты дұрыс оқуға, жазуға жаттықтыру арқылы тілін дамыту. Әдемі, көркем жазуға тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдісі: сұрақ – жауап, талдау, ойын, проблемалық жағдай туғызу.
Көрнекілігі: таблица, шырша, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа назар аударту. Оқу құралдарын алғызу.
2. Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
3. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:

Сөзжұмбақ шешу.
1. Қыстың алғашқы айы
2. Тілден ұшып, құлаққа қонады.
3. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіне.
4. Таудан биік, баудан аласа.
5. Көзге көрінбейді, қолға ілінбейді
Кейде сипап өтер, кейде желпіп кетер.
6 Суға батпайды,
Отқа жанбайды.
- Ерекше торкөзден қандай сөз шығып тұр?
- Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз «Сөйлем» деп аталады.
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілері қойылады?
Ойын. «Затты пайдаланып сөйлем құра». Сурет бөлшектерін құрастыру. Салынған сурет бойынша сөйлем құрап ілу.
Оқулықпен жұмыс. 219 – жаттығу. Сөздерді салыстырып оқы
1. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
2. Ережені сөйлемдер арқылы дәлелдеңдер
221 - жаттығу.. Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрап жазу.
Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.
Ақан, сырғанады, шанамен.
Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.
Төмен, шана, қарай, сырғанай жөнелді.
1. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр.
2. Ақан шанамен сырғанады.
3. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды.
4. Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.
Енді сөйлем деген сөздің өзінен ғана бірнеше сөздер құрау.
а) мес, ес, сөл, ем, сөйле, өс, өсем, ел, сел.
ә) мысалдар келтіріп хабарлы сөйлемді лепті сөйлемге, сұраулы сөйлемге айналдыр
Сергіту сәті.
222 – жаттығу. Сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқыту.
Сұрау, нүкте, леп белгілері. Осы тыныс белгілерін көргенде ойыңа не келеді?
223 – жаттығу. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құрату.
Суретшілер сөзіне дыбыстық талдау.

Бекіту
- Енді біз, балалар, «Сөйлем» туралы оқыған, білгенімізді бекітіп, ұғынғанымызды тиянақтап айтамыз.
Сөйлем

Аяқталған ойды білдіреді
Сөзден құралады
Хабарлы
Лепті
Сұраулы
Тест тапсырмалары / көршілеріне тексерту /
Үй тапсырмасы:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 565
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыстырма сөздің тыныс белгілері
Қыстырма сөздің тыныс белгілері
Қыстырма сөздің тыныс белгілерін дұрыс өз орнына қойып, сауатты жазуын қалыптастыру.
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем туралы түсініктерін нығайту. Сөйлем түрлері жайлы білімдерін толықтыру. Сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
Сөйлем түрлері
Сөйлем түрлері
Сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай алу. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоя алу.
Сөйлем
Сөйлем
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы, №4 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жанесенова Айнұр
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
№ 65 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Салтанат Карыбаевна
Сөйлем
Сөйлем
Сапарова Қаламқас Қадірқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×