Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тірі табиғат дүниесі

27 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Тақырыбы: Тірі табиғат дүниесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тірі ағзалардың маңызы мен түрлері және әр қайсысының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Тірі және өлі табиғат туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушыларды көрнекіліктер арқылы ойлау, есте сақтау, біліктіліктерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тірі табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: плакаттар, кестелер.

I. Ұйымдастыру
- Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
[b]ІІ. Жаңа білімді қалыптастыру
Бүкіл жер жүзінде тіршілік етіп, өмір сүретін барлық ағзалар (тіршілік иелері) жиынтығы ағзалық әлем деп аталады. Ағза жасушасының нәруыз, май, көмірсу және нуклеин қышқылынан құралатыны мәлім. Демек нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылы - ағзалық зат (органические вещества). Ағза жасушасының құрамында су және минералды тұздар да болады. Су және минералды тұздар - бейағзалық заттар (неорганические вещества).

Тірі табиғат дүниесі
Тірі табиғат дүниесі дегеніміз - биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: вирустар дүниесі, бытыранықтар дүниесі, саңырауқұлақтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі.

Вирустар дүниесі
Вирус латынша «у» деген сөз. Бұл жасушасыз тірлік құрылымындағы затия. Бұлардың көпшілігін тек электрондық микроскопия ғана көруге болады. Вирустар тек тірі жасушағаорнықса ғана көбейе алады. Жасушаға ене алмаған жағдайда вирустарда тіршілік нышаны байқалмайды. Вирустар тірі жасушадан тыс қалса, кәдімгі қосылыс тәрізді жеке бөлшек күйінде болады.

Бытыранықтар дүниесі
Бұған микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады. Бұл топтағы бактериялар күрделі бөліне алмайтын жеке-жеке түйіртпектерден құралатындықтан, бытыранықтар дүниесіне қамтылған. Бытыранық «бытыра» + «нық» сөздерінен құралған. (Орысша «дробянка», латынша «михи», яғни түйіртпектер. ) Ботаникада дәстүрлі түрде көк-жасыл балдырлар деп аталғанымен, микробиологиялық әдебиеттерде цианобактерия (грекше «цианос» көк және «бактерия» таяқша) атауы да сақталған.

Саңырауқұлақтар дүниесі
Ботаниктер саңырауқұлақтар мен қыналарды төменгі сатылары өсімдіктерге жатқызып келді. Бірақ бұлар өсімдіктерге жақын ағзалар болғанымен, олардың құрылысы ерекше. Сондықтан олар кейінгі кезде өсімдіктер дүниесінен алынып, саңырауқұлақтар дүниесіне топтастырылды. Саңырауқұлақтардың екі түрлі қасиеті бар. Бірінші қасиеті - өсімдіктерге тән. Саңырауқұлақтар орнынан қозғалып жүрмейді. Жасушасы тығыз қабықшамен қапталады. Витаминдер синтездей алады. Екінші қасиеті - жануарларға тән. Жасушасында пластидтер болмағандықтан, ағзалы зат түзбейді. Даяр ағзалық заттарменқоректенеді. Жасуша қабықшасы хитинді. Ағзалық заттарды қорға жинайды. Сондықтан бұлар өз алдына жеке дүниеге жіктеледі.

Қыналар бөлімі
Қыналар бұрын өсімдіктер қатарында деп саналған. Қазіргі кезде құрылысшы ерекше болғандықтан, саңырауқұлақтар дүниесіне жатқызылады. Ол - сирек кездесетін, құрам бөлігінде көк-жасыл балдырлар мен саңырауқұлақ үйлескен бірегей ағза. Өсімдіктер, жануарлар дүниелері жеке бөлімдерде қарастырылады. Тірі ағзаның негізгі қасиеттері: зат алмасу; қоректену; тынысалу; қажетсіз заттарды бөлу (зәршығару); тітіркенгіштік; қозғалу; көбею; өсу; даму және тіршілігін жою.

Тірі ағзалардың барлығына тән қасиет - жасушадан құралады. Жасушада ядроның болуы да, болмауы да мүмкін. Мысалы, вируста жасуша да, ядро да жоқ. Бытыранықта (бактерияда, көк-жасыл балдырла) жасуша бар, бірақ ядросы жоқ. Бұлардың тіршілік әрекеті өсімдікке де, жануарға да ұқсас емес. Сондықтан ғалымдар саңырауқұлақтар дүниесі тәрізді, бытыранықтар мен вирустарды өз алдына жеке дүние етіп топтастырды. Өсімдіктер мен жануарлардың құрылысында, тіршілік әрекетінде ұқсастық бар. Алайда ерекшеленетін айырмашылықтарды да байқауға болады. Жасыл өсімдіктер қоректенуге күн энергиясын пайдаланады. Ауалан - көмірқышқыл газ, топырақтан су және минералды заттарды сіңіреді. Бұлар - бейағзалық заттар. Олар осы заттардан қоректену арқылы ағзалық зат түзеді.

Ал жануарлардың қоректенуі бұдан өзгеше. Олар өсімдік дайындаған ағзалық заттарды қорегіне пайдаланады. Зат алмасу барысында ағзалық заттар бастапқы заттарға (бейағзалық заттарға) дейін ыдырайды. Жануарларда (көпшілігінде) жүйке, сезіну, тынысалу, қажетсіз заттарды бөлу, асқорыту және басқа жүйелердің арнаулы жеке мүшелері бар. Өсімдіктерде мұндай мүшелер жоқ.
Өсімдік: ашыққанға – қорек, қуат, тоңғанға – ық, ыстықтағанға – көлеңке, ауырғанға - ем, қорыққанға – пана болып, тұншыққанға - ауа беріп бүкіл тіршілікті асырап, сақтайды.

Жануарлардың көпшілігі еркін қозғала алады, ал өсімдіктерде бұл құбылыс сирек байқалады. Бір жасушалы балдырлар және бактериялардың да қозғалатыны мәлім. Сондай-ақ желдің әсерінен кейбір өсімдіктер мен өсімдік тұқымдары алыс аумақтарға таралады. Қалай болғанмен де Бұлардың қозғалып жүретін арнаулы мүшесі - аяғы жоқ. Дегенмен өсімдіктер мен жануарлар - өзара ұқсастықтары және айырмашылықтары бар тірі ағзаның екі тобы. Олар - табиғаттың біртұтас құрамдас бөлігі.

Қозғалып жүретін мүшелері жоқ жәндіктер де, жануарлар да бар. Оған құрттарды, жыландарды мысал етуге болады. Ал теңіз түбінде мекендейтін маржан тапжылмай бекінген орнынан қозғалып жүрмей-ақ өмір сүреді. Актиниялар теңіз түбінде «табанын» бүгіп-жазып, баяу қозғалады. Медузалар мен каракатиналар реактивті қозғалыс жасап, аяқсыз-ақ шапшаң жүзеді.

Жануарлардың жабыны, дене бөліктері, сезім мүшелері, басқа да дене құрылымдары біріне-бірі ұқсас емес. Сазанның (жезей) денесін сүйектенген қабыршақ қаптайды. Жорғалаушылар денесі қабыршақпен қайталанатын мүйіз текті заттан құралады. Қоңыздарда да жабын бар. Жабын ерекше ағзалық зат - хитиннен түзіледі. Аңдардың терісінде - жүн, құстардың денесінде қауырсын болады.
Жануарлардың ішкі құрылысында, сондай-ақ мінез-қылығында болатым ерекшеліктер қаншама десеңші?! Табиғатта жануарлардың басы артық немесе қажетсіз түрі жоқ. Тіршілік ететін жануарлардың барлығы табиғат қалауына сай келеді.

Табиғат ағзалық заттардан (яғни тірі ағзалы заттардан тұратын әлемнен) және бейағзалық заттардан (яғни ағзасыз өлі заттардан, су және минералды заттардан тұратын әлемнен) құралады.
Ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы - тірі табиғат дүниесі. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, яғни тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі.

Олар: вирустар, бытыранықтар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және жануарлар дүниесі.
Тірі ағзаның негізгі қасиеттері: зат алмасу; қоректену; тыныс алу; қажетсіз заттарды бөлу (зәр шығару); тітіркенгіштік; қозғалу; көбею; өсу; даму және тіршілігін жою.

Ағзалық тірлік әлемін жіктеу
Жер бетіндегі тірі ағзалар: жасушасыз тірлік құрылымдары (анциттер), ядросыздар (прокариоттар) және ядролылар (эукариоттар) болып үш топқа бөлінеді.

Жасушасыз тірлік құрылымына вирустар жатады. Бұларда жасуша жоқ және тірі ағза жасушасынан тысқары өмір сүре алмайды. Жасушасы болмаған соң, ядросы да жоқ.
Ядросыздарға бактериялар және көк-жасыл балдырлар бөлімін топтастыратын бытыранықтар дүниесі жатады. Оларда жарғақшамен (мембранамен) қоршалған органоидтары болмайды. Оқшауланған ядросы болмағандықтан, ядросыз ағзалар жынысты, жыныссыз жолдармен көбеймейді. Тек қарапайым жолмен, жасушалары екіге бөліну арқылы көбейеді.

Ядролыларға жататын ағзалардың жасушаларындағы ядроның сыртында екі қабат жарғақшасы бар. Ядросында ядрошығы, хромосома жіпшелері және цитоплазмасында жарғақшамен қоршалған органоидтары болады. Ядролыларға саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар жатады.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
«Суреттер сөйлейді». Суреттердегі тірі ағзаларды атап, өзіне тән белгілермен ерекшеліктерін айтып, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

ІV. Қорытынды
V. Үй тапсырмасы:
І бөлім. §1. Тірі табиғат дүниесі.
Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру. Кесте толтыру.
VІ. Бағалау
30 747
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
өсімдіктердің негізгі сипаттамалары мен олардың тіршілік формаларын анықтау;
Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
Оқушыларға тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі, бейімделушіліктің түрлері, тірі ағзалар үшін бейімделушіліктің маңызы туралы түсіндіру.
Күнделікті сабақ жоспары. Биосфера туралы ұғым. Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және таралу заңдылықтары.
Күнделікті сабақ жоспары. Биосфера туралы ұғым. Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және таралу заңдылықтары.
Биосфера тіршілік ортасы екендігін дәлелдей отырып, табиғаттағы тіршіліктің бір - бірімен байланыстылығын анықтау. Дүниетану пәні бойынша табиғат туралы байланысты еске түсіру. Неліктен әр жерде әр түрлі тірі ағзалар таралған, оның басты себептерін
Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы
Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы
Жасуша – тірі ағзалардың бөліну қабілеттілігін сақтап, заттар мен энергия алмасуын қамтамасыз ететін ең кішкене бірлік өлшемі.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның дамуының алғашқы кезеңдері
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның дамуының алғашқы кезеңдері
Атырау қаласы, №36 орта мектептің биология пәні мұғалімі Рахимова Альмира Мелисқызы
Табиғи қоршаған орта
Табиғи қоршаған орта
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы. Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп. География пәні мұғалімі Нұрмұханова Қарылғаш Бақтиярқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×