Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғи құбылыстар

24 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы
Сайқын ауылы, М - С. Бабажанов атындағы ЖОББ мектебі
Тлепова Назгүл Бақтыгерейқызы

Жаратылыстану 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: §21. Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға табиғи құбылыстардың маңызын түсіндіре отырып, көптеген құбылыстарды мысалға ала отырып, ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;
Дамытушылық: Пәнге қызығушылығын, белсенділігін, ойлау қабілетін, әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту;
Тәрбиелік: Өзі тұрған жерінің табиғатын қорғауға, тазалығын сақтауға тәрбиелеу. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, ондағы табиғи құбылыстарды бағалауға, аңғаруға, аялауға баулу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелер, дыбыстық жазбалар, слайд, зертханалық құрал−жабдықтар.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақта қолданатын әдіс - тәсілдер: Топтық, жұптық жұмыстар, сұрақ – жауап.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу
2) Кезекші мәліметі
3) Оқушының назарын сабаққа аудару

Сыныпты суреттер суырту арқылы 4 топқа бөлемін:
І топ−Жарық құбылысы
ІІ топ−Жылу құбылысы
ІІІ топ−Дыбыстық құбылыстар
ІҮ топ−Электрлік және магниттік құбылыстар

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:§21. Физикалық және химиялық құбылыстар.
1. Физикалық құбылыс дегеніміз не?
2. Қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
3. Химиялық құбылыс деген не?
4. Мысал келтіріңдер.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау
Үй тапсырмасы бойынша кім осы құбылыстарға байланысты шағын эссе жазып келді (оқушыларға оқытылады).

ІV. Жаңа сабақ түсіндіру: §21. Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі
(Оқушыларға топ тақырыптарына сай мәтінді оқуға уақыт беремін)
Слайд көрсете отырып, дыбыстық жазбаларды пайдаланып, жаңа сабақ туралы түсінік беремін.
1. Метеорологиялық құбылыс – жауын-шашынның түсуі, желдің бағыты, жылдамдығы, температура және ауа қысымының өзгеруі.
2. Дыбыстық - аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі.
3. Электро - магниттік – теледидарды көру, шәйнекті тоққа қою.
4. Химиялық құбылыс – мұнай, газ, көмір.
5. Биологиялық құбылыс – тірі организмдердің өсуі, көбеюі және таралуы.
6. Жылу бөлу – күннің жылу бөлуі, жылуды өткізетін заттар.
7. Жарық – күн сәулесі, электр лампалар, шам немесе алау.

Оқушылар бізді қоршаған ортада табиғи сан алуан өзгерістер болып жатады. Табиғаттағы барлық болатын процестерді біз құбылыс деп атаймыз. Табиғи құбылыстар − физикалық, биологиялық, метерологиялық, жылу, жарық және тағы басқа болып бөлінеді. Күнделікті өмірде көптеген ұдайы физикалық құбылыстардың болып жатқандығын байқаймыз және сезінеміз. Адамдар жылу бөліну, жарық шығару, электрлік және магниттік құбылыстармен қатар өмір сүруде. Күннің және жұлдыздардың сәуле шашуы – жылу бөлу құбылысына жатады. Кейбір жануарлардың түнде жарық шығаруы - жарық шығару құбылысына мысал бола алады.

Дыбыстық құбылыстарға – құстардың сайрауы, жапырақтың сылдыры, аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі және т. б жатады. Дыбыссыз өмір сүру мүмкін емес сияқты. Ойлап көріңдерші дыбыссыз кинофильмдер, құстардың ән салмауы, адамның бір - бірімен сөйлеспеуі және т. б.
Электр тогы болмаса теледидарды көре, шайнекті қыздыра алмас едік, бұл процесті электро - магниттік құбылыс дейміз.
Мұнай, табиғи газ, көмір және өздерің қолданып жүрген бор – химиялық құбылыстың нәтижесінде пайда болады. Олар бір заттың екінші затқа түрленуінен болады. Тірі организмдердің өсуі, көбеюі және таралуы – биологиялық құбылыстарға жатады.
Жауын-шашынның түсуі, желдің бағыты, жылдамдығы, температураның және ауа қысымының өзгеруі – метеорологиялық құбылыстарға жатады.
Табиғаттағы барлық құбылыстар бір - бірімен байланысқа түседі. Нөсер жаңбырдан кейін қайтадан күн шығып, кемпірқосақты көруге болады. Күндіз белсенді тіршілік ететін жануарлар түнде ұйқыға кетсе, оның орнына түнде өмір сүретін жануарлар тіршілігін жалғастырады. Пайдаланғаннан кейінгі газдар, шаң - тозаңдар жаңбыр тамшыларымен араласып бұлтқа айналады да – қышқыл жаңбырлар пайда болады. Бұлар химиялық – метеорологиялық құбылыстардың әсерінен пайда болады.

Жұптық жұмыс. Әр топқа екі парақ таратылады, оның бірінде «пайдасы», екіншісінде «зияны» деген жазу бар. Топтың ішінен жұптаса отырып, өз тақырыптарына сай пайдасы мен зиянын айтады.

Топтық жұмыс. Төрт топқа 4 орталық тапсырмалары беріледі.
І топ−«Оқу орны орталығы»− жарық туралы нақты түсінік береді;
ІІ топ−«Зертханалық орталық»− жылуға қатысты тәжірибе жасайды;
ІІІ топ−«Математикалық орталық»− дыбыстық құбылысқа қатысты сандық мәліметтер туралы айтады;
ІҮ топ−«Ғалымдар орталығы»− ғалымдар туралы мәлімет береді.

Сергіту сәті.
Жаңбыр жауды – тырс, тырс (екі аяқпен кезек−кезек жерді тебеді)
Боран соқты – гу, гу (денесімен екі жаққа теңселеді)
Жел тұрды - ыли, ыли (екі қолын екі жаққа сермейді) Найзағай ойнайды – тарс, тұрс (қолдарын шапалақтайды)

Тапсырмалар орындау.
Графикалық диктант
Сұрақтың жауаптары «жоқ», «иә» белгілерімен белгіленеді.
1) Табиғаттағы барлық болатын процестерді құбылыс деп атаймыз.− иә
2) Жаңбырдың жауғаны, қардың еруі, күннің күркіреуі − биологиялық құбылыс.− жоқ
3) Құстардың сайрауы, адамдардың бір - бірімен сөйлесуі −дыбыстық құбылысқа жатады.− иә
4) Электр тогы болмаса, теледидарды көре алмас едік, бұл − жарық шығару құбылысы. − жоқ
5) Тірі организмдердің өсуі, көбеюі − биологиялық құбылысқа жатады. − иә

«Сәйкестендіру тесті»
Мәні
а) Құстардың сайрауы, жапырақтың сылдыры, аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі. 1. Химиялық
ә) Ол болмаса теледидарды көре, шайнекті қыздыра алмас едік, бұл процесс. 2. Биологиялық
б) Мұнай, табиғи газ, көмір және өздерің қолданып жүрген бордың пайда болуы. 3. Электро - магнитті
в) Тірі организмдердің өсуі, көбеюі және таралуы. 4. Дыбыстық
Жауап: а)4, ә)3, б)1, в)2

«Географиялық сұрақтар»
1. Жасанды жарық көзі (Керосин шамы)
2. Жарықтың табиғи көзі (Күн)
3. Қандай құбылыстың әсерінен біз теледидар, радио тыңдаймыз (Электрлік)
4. Метеорологиялық құбылыс (Желдің жылжуы)
5. Сәуле шығару құбылысы (Жарық)
6. Қоршаған орта ненің әсерінен өзгеріп отырады ( Құбылыстың)
7. Жылуды жақсы өткізгіш (Металл)
8. Газдар қызған кезде (Ұлғаяды)

Ү. Сабақты бекіту.
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел) −метеорологиялық

Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай) −электрлік

Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр) −метеорологиялық

Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (Күн)− жарық

Өзгертсеңіз бір күйді,
Қызыл сынап жылжиды. (Термометр)−жылу

ҮІ. Рефлексия.
Тақтадағы суреттердің астына стикер жапсыру арқылы оқушылар өздерін бағалайды:
Күн - «өте жақсы білдім»
Бұлт -«жақсы білдім»
Найзағай - «орташа білдім»

VІІ. Үйге тапсырма. §22. Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі.
Оқу, конспектілеу, сұрақтарға жауап беру.

VІІІ. Бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
26 482
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денелер. Заттар. Құбылыстар
Денелер. Заттар. Құбылыстар
Адамды қоршаған нәрселер – денелер → табиғи денелер, жасанды денелер. Табиғи денелер → Ай, Күн, жұлдыз, бұлт, тас, аң, құс және адам
Бақылау жұмысы
Бақылау жұмысы
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылы, М-С.Бабажанов атындағы ЖОББ мектебі бастауыш сынып мұғалімі Абдрешова А. Ф.
Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі
Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі
Қызылорда облысы, Арал ауданы, № 61 орта мектебінің география пәні мұғалімі Тлеукабылова Жулдыз
Денелер, заттар, құбылыстар
Денелер, заттар, құбылыстар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Нәтижеге бағытталған білім-тұлғаның руханилығын байытудың негізі
Нәтижеге бағытталған білім-тұлғаның руханилығын байытудың негізі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің биология пәні мұғалімі Төреханова Жанна
Халық саны мен табиғи өсімі
Халық саны мен табиғи өсімі
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×