Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар - қанатты достар

04 мам 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы,
Сайқын ауылы, М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ
Химия - биология пәндерінің мұғалімі:
Елеусинова Нұргүл Қанатбайқызы

Сыныптан тыс шара.
«Құстар - қанатты достар» (7 - сынып оқушылары арасында өткізілген биологиялық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың құстар туралы білімдерін жетілдіру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Тыйым сөздер үйрету арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу. Құстарға қамқорлықпен қарауға баули отырып экологиялық тәрбие беру.
Оқушыларды құс суреті арқылы топтарға бөлу. «Торғайлар» және «Қарлығаштар»
Қызығушылықты ояту. Құстар туралы бейнекөрсетілім көрсету. «Аққу»

Табиғат қандай сұлу, қандай көркем,
Мамырда жасанады гүлдеп ертең
Сылдырлап бұлақ ағып сай - саладан,
Ағаштар жапырақ жайып, қыр көгерген.

Келді көктем қоңыр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен.

Жоспары: 2. «Құстар туралы қызықты деректер» бейнекөрсетілім
3. Биологиялық жұмбақтар
4. «Саятшылық» бейнекөрсетілім
5. Жұмбақ - сурет «15 құс»
6. «Әлемдегі ең әдемі құстар» бейнекөрсетілім
7. Жұмбақ - сурет «Құс ұялары»
8. Құстарға байланысты ырым - тыйым сөздер.
9. Жұмбақ - сурет «Құс аяқтары»

I. Топпен жұмыс. Құстар жөнінде викторина сұрақтары.

1. Құстардың негізгі мекені не? ( ұя)
2. Қай ай құстың атымен аталады? ( көкек)
3. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланған? (бүркіт)
4. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)
5. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)
6. Құстың жүрегі минутына қанша рет соғады? (960)
7. Киелі құсты ата. (аққу)
8. Құстарды қандай екі топқа бөлеміз? (жабайы және үй құстары)
9. Оңтүстіктен ең бірінші ұшып келетін құс? (қараторғай)
10. Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың? (әтеш)
11. Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс? (колибри)
12. Қай құс жемін ұшып жүріп аулайды? (қарлығаш)
13. Қандай құсты орман дәрігері дейді? (тоқылдақ )
14. Көктемде алғаш ұшып келетін құс. (ұзақ)
15. Өте сақ, ұзын сирақты, ұзын мойынды құс. (тырна)

II.«Құстар туралы қызықты деректер» бейнекөрсетілім

III. Топпен жұмыс. «Биологиялық жұмбақтар»

1. Көлдің көркі, сәні екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған. ( Аққу )
2. Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ - тоқ соғады. (Толқылдақ )
3. Мысық құлақты,
бүркіт тұяқты. (үкі)

4. Көктемде ұшып келеді,
жаздай концерт береді. (бұлбұл)

5. Көк шалғынды аралайды
Көк орамға қонады
Қанаттарын қағады
Көлден рақат табады. ( Аққу )
6. Тал басында ағаш үй,
Терезесі тамаша үй
Соны мекен етеді
Қыста алысқа кетеді. ( Қараторғай )

7. Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім.
(Жапалақ)
8. Күндіз көзі көрмейді
Түнде аңдиды тышқанды
Аштан босқа өлмейді
Аңдығанын ұстайды.
(Бүркіт )

IV. «Саятшылық» бейнекөрсетілім
V. Жұмбақ-сурет «15 құс» Құстардың суреттері беріледі, ажыратып, аттарын атау керек.
VI. «Әлемдегі ең әдемі құстар» бейнекөрсетілім
VII. «Құс ұялары» Құстардың ұяларының суреттері беріледі, ажыратып беру керек.

Аққуды атуға болмайды,
Досыңды сатуға болмайды.

Құстың ұясын бұзба,
Қарғысқа қаларсың.
Құсқа тас лақтырма.
Құстардың жұмыртқасын жарма.
Әрбір тур сайын топтағы оқушылардың ұпай сандары есептеліп отырады, ұпайы көп топ жеңіске жетеді. Барлық қатысқан оқушыларға алғыс айтылып, марапатталады.

Қорытындылау.

Толық нұсқасын жүктеу
2 321
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Құстар
Құстар
Өлі табиғат өзгерісіне байланысты құстар тіршілігінің өзгеруі, құстардың келуі, ұя салуы туралы оқып білу.
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балабақша тәрбиешісі Жолдаева Жанаргул
Құстар – қанатты достар
Құстар – қанатты достар
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Ғ. Молдашев атындағы ОЖББМ Бастауыш сынып мұғалімі. Мустанова Айжан Темирболатовна
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Ембі қаласы, №2 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Шакибаева Алия Сагидуллақызы
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №7 «Еркетай» МДҰ тәрбиешісі Курманбаева Гульнур Тастановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.