Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кенелерден қорғану шаралары

24 наурыз 2018, Сенбі
Категориясы: Биология
Тақырып: Кенелерден қорғану шаралары
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» картасы, БжС технологиясы, «Стандарттық мазмұн»- 9
Мақсаты: оқушылардың өз бетінше ізденіс – шығармашылық жұмыс арқылы 63% оқу материалын меңгеруі. Өз еңбегінің нәтижесіне қарай балалардың тұрақты жағына мотивациясын қалыптастыру. Жылдамдықты, сапаны және оқу техникасының көлемін көтеру.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Пәндік нәтиже: қойылған мақсатқа жету.

Ұйымдастыру кезеңі
Мотивация
Сыныпты белсендіру, көшбасшыға сөз беру.
Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін

Оқушылардың субьектілік тәжірибесін өзектендіру.
Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама - қарсы сұрақ қою.
1. Кене қандай тип, қандай класс өкілі?
2. Қазақстанда қанша түрі бар? (236)
3. Мекені
4. денесі неден тұрады??
5. Немен тыныс алады?
6. Ұрықтануы қалай?
7. Көбею жолы?
8. Даму сатысы?
9. Тіршілік әрекеті?
10. Адамда кездесетін ауру түрлері?
11. Малда кездесетін кене түрлері?
12. кенені зерттейтін ғылым? акаралогия
13. Сезім мүшелері?
14. Паразит қанша түрі бар? 20000
15. дене тұрқы қанша? 0, 05 - 13
16. қанға тойған кене тұрқы қанша? 30мм
17. Дернәсілі неше аяқты? 6
18. Ересек кене аяғы қанша? 8
19. Төрт аяқты кене?
20. кененің ауыз құрылысы?
21. Нимфа деген не?
22. Екі иелі деген не?
25. бір иелі деген не?

Қабылдауды ұйымдастыру
Бірінші сыни нүкте. Жаңа тақырып бойынша мұғалім қысқаша кіріспе жасайды, оқушылардың назарын осы тақырыпта өтілетін білім көлеміне аудару
Сабақтың алдында мұғалім тірек сөздерді кіргізеді. (7, 14, 21)
Тірек сөздер:
1. иксодид
2. вирус
3. орталық жүйке
4. қансигек
5. пироплазмоз
6. нәзікбас
7. биотоп
Мұғалім тақырыптағы сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тірек сөздер жабылады. Жаттауға берілген уақыт (30секунд) аяқталғаннан кейін тірек сөздер жабылады, оқушылар жаттауға берілген уақытта(30секунд) сөздерді жатқа жазады. Жазып болғаннан кейін тірек сөздер ашылады, оқушылар дәптерлерімен алмасады, бір бірінің жазылған сөздерінің санын санайды, мұғалімге хабарлайды, ол нәтижені ООМ белгілейді.
Одан кейін мұғалім плюс алған оқушыларды іріктеп бақылайды, егер мәлімет дұрыс берілмей, нәтиже сәйкес болмаса, екі оқушы да минус алады, нәтиже дұрыс берілмегені үшін.

Ұғынуды ұйымдастыру
Берілген уақытта оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып бітіруі тиіс. Мұғалім оқыған материалы бойынша білімді тексеру мақсатында оқушылардан сұралатынын ескереді.
Кенелерден қорғану шаралары. Кенелердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.
Кенелер - ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіретін паразитті көптеген жұқпалы ауруларды таратушы жәндік. Солардың бір тобы – иксодид кенелері.
Иксодид - елімізде кездесетін кенелердің ішіндегі ең ірісі. Толық жетілген ересек аналық кенелердің тұрқы не бары – 3мм. Бұлардың бәрі – жұмыртқаға ұқсас сопақша болады. Түстері ақшыл қоңыр немесе қара түсті. Тұмсықтары қан соруға өте жақсы бейімделген. Дене жабындысының қан сору кезінде созылып, үлкейетін қасиеті бар. Дене сыртын сірқабықпен (кутикула) жауып тұрады. Иксодид кенелерінің ішінде көктемгі энцефалит ауруының вирусын тарататын қауіпті түрлері бар. Кененің бұл түрінің аш кездегі дене тұрқы – 4 мм, ал қан сорған кезде 11 мм - ге дейін ұлғаяды. Сопақша арқасындағы қара қоңыр қалқаншасы жылтырап тұрады, ал аяғында өткір тісшелер болады.
Қазақстанда Атырау облысы аймағы кене энцефалиті ауруы бойынша қолайлы аймақ болып саналады. Біздің аймақта бұл аурудың табиғи ошағы жоқ. Кене энцефалиті таулы, орманды аймақтарда кездеседі. Кене энцефалиті – адамның орталық жүйке жүйесінің зақымдайтын вирустық ауру. Вирус кененің сілекейінде болғандықтан вирус тістеген кезде берілуі мүмкін. Тіпті кененің тістегеннен кейін алып тастаған жағдайда да кене энцефалитімен ауырудың қауіп - қатері өте жоғары. Вирус барлық кенеде болмайды. Кене энцефалитін тек кене шаққанда емес, сонымен қатар піспеген ешкі немесе қой сүтінен де жұқтыруға болады.

Мұғалім: Серекпаева А. Х.

Кенелерден қорғану шаралары. жүктеу
2 753
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда - зияны
Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.
Көшпелілердің әдет-ғұрпы мен діни түсініктері
Көшпелілердің әдет-ғұрпы мен діни түсініктері
Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыда ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық
ЖҚТБ ауыруынан қорғану жолы
ЖҚТБ ауыруынан қорғану жолы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Б. Аманшин атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Измуханова Улжан Жумабайқызы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Денелер, заттар, құбылыстар
Денелер, заттар, құбылыстар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Кене энцефалиті
Кене энцефалиті
Кене энцефалиті – жедел вирусты ауру, бұл вирус адамның миын және жұлынын зақымдап, сал ауруына душар етеді. Қоздырушы тоговирус тобына жатады, өлшемі 45-40нм, құрамы антиген В, РНК бар. Көктем, жаз айларында табиғатта кездесетін кенелердің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×