Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы

11 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Биология
6 сынып (презенатциясымен)
Сабақ тақырыбы: Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі
Сабақ міндеті:
Білімділігі: Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы туралы түсінік беруді қамтамасыз ету
Дамытушылығы: Оқулықпен, берілген тапсырмалармен, сызбанұсқалармен жұмыс істей білу біліктігін дамытуға көмектесу
Тәрбиелілігі: Жануарлардың жоғары сатысымен, олардың ағзасында өтіп жатқан түрлі физиологиялық құбылыстармен таныстыра отырып, оларға ерекше ықыласпен қарауға шақыру

Омыртқалы жануарларға жатады: балық, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер.
Олардың қанайналым жүйесін қарастырмастан бұрын, вена, артерия, капилляр(тамырлар түрлері), жүрек бөліктері мен салқынқанды, жылықанды не екенің түсіндіру керек.
Көмірқышқыл газына байыққан қан вена қаны деп аталады, ал осы қанды өткізетін тамырды вена тамыры немесе көктамыр дейді.
Оттегіне бай қанды артерия қаны деп, ал осы қанды өткізетін тамырды артерия немесе салатамыр дейді.
Салатамыр мен көктамырды байланыстыратын ұсақ тамырлар капилярлар немесе қылтамырлар деп аталады.

Жануарлар салқынқанды және жылықанды деп бөлінеді. Дене температурасы тұрақсыз ауа райына тәуелді болатын жануарлар салқынқанды деп аталынады. Ал дене температурасы тұрақты, қоршаған ортаның температурасына тәуелді емес жануарлар жылықанды болады.

Салқынқанды жануарлар: балық, қосмекенділер, жорғалаушылар.
Жылықанды жануарлар: құстар, сүтқоректілер.
Жүрек бөлімдері (қуыстар): қарынша, құлақша.
Балық: жүрегі екі қуысты, бір қарынша және бір құлақша.
Қосмекенді: Жүрегі үш қуысты, екі құлақша бір қарынша.
Жорғалаушы: екі құлақша, бір қарынша (қарыншада жартылай перде бар)
Құстар мен сүтқоректілерде: екі қарынша екі құлақша (төрт бөлімді)

Қанайналым шеңбері: үлкен және кіші қанайналым шеңберлері.
Қанды жүректен бүкіл денеге тарататын артерия қантамырлары мен денеден жүрекке оралатын вена қан тамырын үлкен қанайналым шеңбері деп атайды. Қанның өкпе мен теріге баратын, одан жүрекке қайта келетін тармағы - кіші қан айналым шеңбері деп атайды.
1 тапсырма. Сурет сыры.
Енді суреттер бойынша жануарлардың жүректерін салыстырып. иелерін табамыз.
2. Кім білімпаз?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 113
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қанайналым мүшелері – жануарлардағы тасымал
Қанайналым мүшелері – жануарлардағы тасымал
Қанайналым жүйесіне кіретін мүшелерді біледі. Ашық және тұйық қанайналым жүйесін ажыратады.
Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелуі. Жүрек жұмысының  автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының рефлексті реттелуі
Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының рефлексті реттелуі
Жүрек жұмысы, қантамырлар және олардың құрылысын, қызметтерін, үлкен және кіші қан айналым шеңберлерін еске түсіре отырып, жүрек жұмысының автоматизмі туралы түсініктер беру.
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы
Балық омыртқалы жануарларға жатады. Балықтың жүрегі екі қуысты; ол дененің құрсақ жағында орналасқан. Қан жүрек қарыншасынан желбезектерге қарай шығатын ірі қантамыры – құрсақ қолқасына өтеді.
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Еркіндік жалпы орта білім беру мектебі Биология пәнінің мұғалімі: Жансейтов К.Ж.
Көпжасушалы жануарлардың қозғалуы. Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы
Көпжасушалы жануарлардың қозғалуы. Тірек-қимыл жүйесінің құрылысы
Атырау қаласы, Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші Өнер Академиясының биология пәнінің мұғалімі Альмира Рахимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×