Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүйекті балықтар класы. Жалпы сипаттама

02 тамыз 2013, Жұма
Категориясы: Биология
Биология
Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Сүйекті балықтар класы. Жалпы сипаттама (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы, көбеюі, түрлері және кәсіптік маңызы туралы жалпы түсінік беру.
Тәрбиелілігі: Сүйекті балықтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайында т8с3н3к бере отырып, балықтарды сақтауға, қорғауға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Сүйекті балықтардың таралу аймақтарымен таныстырып, ой - өрістерін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: ойын, сұрақ - жауап, үлестірме материалдармен жұмыс, кесте, тірек – сызбалармен жұмыс, тест
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, үлестірме қағаздар, бейне слайдтар, балық суреттері
Сабақтың басқа пәндермен байланысы: география, зоология, ихтиология, информатика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу.
Б) оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.
В) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру.
ІІ. Мақсат қою кезеңі
Балықтарға жалпы сипаттама
Сүйекті балықтардың ерекшелігі
Сүйекті балықтардың класс тармақтары мен отрядтары

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Сүйекті (костные) балықтардың қазіргі кезде 20 000 - нан астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ ірі қабыршықтармен қапталған. Қабыршықтарында ағаш дініндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Сүйекті балықтарда торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзегі бар. Сүйекті балықтарда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтар миының құрылысы шеміршекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі кіші. Алдыңғы миы шағын, екі миы сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу.
Интерактивті тақтадан «Балықтар әлемі» туралы видеоролик көрсетіледі.

ІҮ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
І. Балықтың ішкі құрылысы жайындағы сурет – тапсырманы интерактивті тақтадан орындайды. Онда ішкі құрылысындағы мүшелері бағыттауыштармен ғана беріледі, оқушы атауларын өздері жазады.

ІІ. Тірек – сызбаларды орындайды.

Жүзбеқанаттар

(Арқа қанат, құйрық қанат, жұп көкірек, жұп құрсақ, аналь қанаты)

ІІІ. Сүйекті балықтардың класс тармағы

Сәулеқанаттылар
Қалаққанаттылар
Қостыныстылар
Саусаққанаттылар

ІҮ. Сәйкестендіру тесті
Патша балық ----------------------- бекіре
Өрістегіш ---------------------------- бахтах
Бір рет уылдырық шашады ---- мөңке
Марқакөл балығы ---------------- латимерия
Торсылдақ -------------------------- теңіз алабұғасы
Қосжынысты балық -------------- сүйекті балықтар
Саусақққанатты балық ---------- жеңсік албырт

Ү. Балықтарға байланысты айтылған халықтық ұғымдарды, мақал - мәтелдерді талдап түсіндіру.
1. «Бекіренің бал татыған еті»
2. «Бекіренің бес кеспесі»
3. «Бекіренің басы тасқа тимей, қайтпайды»
4. «Балдырлы көлде балық көп»
5. «Балық басынан шіриді»

Ү. Бекіту кезеңі
«Шығармашылық жұмыс»
Оқушыларға балықтардың көбеюі, бекіре балығының кәсіптік мәні, Қызыл кітапқа енген балықтар туралы тапсырмалар берілген болатын. Енді тақтаға сол оқушыларды шығады.

«Балық аулайық!» ойыны.
Артында сұрақтар жасырылған әртүрлі балықтардың суретін таңдау арқылы жауап береді. Дұрыс жауап берілсе, балық ауланады.
• Құрамында «Д» витамині мол май алынатын балықтарды ата
• Қызыл уылдырықты балық
• Ауыздары иттің аузына ұқсайтын жыртқыш балықтар
• Уылдырығын қыста шашатын балық
• Аузында өткір тістері бар жыртқыш балық
• Балық патшасы
• Екі көзі де денесінің бір ақ жағында орналасқан балық

«Кім жылдам?» ойыны
Оқушылар ауланған балықты қайтадан суға жібереді.
Торсылдақ қандай қызмет атқарады?
Сүйекті балықтардың қандай класс тармақтары бар?
Сүйекті балықтарда алғаш рет не пайда болған?
Сүйекті балықтардың қанша түрі бар?
Майшабақ тәріздестер отрядына жататын балықтардың түрлерін ата
«Кім көп біледі?» ойыны.
Бір оқушы тақтаға шығып, сынып оқушыларына қарап тұрады. Мұғалім тақтаға бір сөз іледі, ал оқушылар сол сөзге анықтама береді. Тақта алдында тұрған оқушы оның қандай сөз екенін табады.

Сүйекті балық ----- Латимерия
Торсылдақ --------- Сетінектер (треска)
Шоғал --------------- Қызыл кітап
Уылдырық --------- Жеңсік албырт
Бекіре --------------- Табан

Әріптері адасқан сөздерден балықтардың аттарын құра
Хабхат
Батан
Кеңөм
Азанс
Ісбрек
Нартош

Сүйекті балықтарға тән белгілердің тұсындағы сандарды қояды
Сүйекті балықтар

1. қорытпа, шоқыр, пілмай, латимерия,
2. Жұпбалық, тұтасбас, акула
3. терісі ірі қабыршақтармен қапталған
4. терісі плакоидты қабыршақтармен қапталған
5. желбезегінің сыртында сүйекті қақпағы бар
6. желбезек саңылауы тікелей сыртқа ашылады
7. тоқ ішегі мен аш ішегінің шекарасында ұсақ тұйық өскіндері бар.
8. тұмсығы алға созылыңқы
9 торсылдағы болады
10 клоакасы бар
11 аналь тесігі бар
12 іштей ұрықтанады
13 сырттай ұрықтанады
14 уылдырығының саны көп
15 уылдырығының саны аз

Тест жұмысы
1. Балықтардың қимыл үйлесімділігіне байланысты миының қай бөлімі жақсы дамыған?
A. Алдыңғы ми.
B. Аралық ми.
C. Ортаңғы ми.
D. Мишық.
E. Жұлын.
2. Алабұғаның қай жүзу қанаттары бас сүйегімен жалғанып жатады?
A. Құйрық қанаттары.
B. Құрсақ қанаттары.
C. Көкірек қанаттары.
D. Арқа қанаттары.
Е. Аналь жүзбе қанаты.
3. Балықтың омыртқаларының үстіндегі доғасынан түзілген омыртқа жотасының каналында не орналасқан?
A. Хорда.
B. Жұлын.
C. Арқа ортасы.
D. Құрсақ ортасы.
E. Қуыс көктамыр.
4. Қандай балықтарда желбезек қақпағы болмайды?
A. Сүйекті балықтарда.
B. Шеміршекті балықтарда.
C. Саусаққанатты балықтарда.
D. Қостыныстыларда.
E. Бекірелерде.
5. Қандай балықтарда торсылдақ болмайды?
A. Алабұғада.
B. Шортанда.
C. Акулада.
D. Трескада.
E. Жайын балықта.
6. Алабұғаның зәр шығару мүшесіне не жатады?
A. Мальпиги түтіктері.
B. Бүйрек.
C. Жүрек.
D. Ішек.
E. Өкпе.
7. Алабұғаның желбезек жапырақшалары қай жерінде орналасқан?
A. Желбезек қақпақшаларында.
B. Желбезек доғасында
C. Дене қуысында.
D. Жүзу қанаттарында.
E. Бас сүйегінде.
8. Қандай сезім мүшесі балықтарға тән?
A. Есту мүшесі.
B. Көзі.
C. Бүйір сызығы.
D. Дәм сезу.
E. Иіс сезу.
9. Алабұғаның желбезек қақпақшасы қандай қызмет атқарады?
A. Тірек қызметін.
B. Зәр шығару.
C. Дәм сезу.
D. Нәзік желбезектерді сырт жағынан қорғап, жауып тұрады.
E. Кез - келген газдарды өткізеді.
10. Алабұғаның ас қорыту жүйесінің қай бөліміне бауыр мен ұйқы безінің жолдары ашылады?
A. Өңеш.
B. Қарын.
C. Ащы ішек.
D. Клоака.
E. Артқы ішек.
11. Балықтың жүрегі неше камералы?
A. Үш камералы.
B. Екі камералы.
C. Төрт камералы.
D Бір камералы..
E. Көп камералы.
12. Балықтан бөлінетін қою ақ сұйықтық – шоғал, ол не?
A. Жұмыртқа жасушасының өнімі.
B. Аталық бездің ұрығы.
C. Уылдырықтар.
D. Нәжістер.
E. Шабақтары.
13. Балықтың қабырғалары омыртқаның қай бөлігіне жалғасады?
A. Тұлға бөлігінде омыртқалардың екі бүйірінде.
B. Омыртқаның құйрық бөлігіне.
C. Үстіңгі доғаға.
D. Астыңғы доғаға.
E. Көкірекке.
14. Шеміршекті балықтарға қайсысы жатады?
A. Бекіре.
B. Акула.
C. Алабұға.
D. Латимерия.
E. Сом.
15. Алабұғаның денесінің қаңқа бөлігі не деп аталды?
A. Бассүйек.
B. Омыртқа жотасы.
C. Жүзбеқанаты
D. Жұлын.
E. Құйрық жүзбеқанаты.
16. Латимерия алабұғадан қай мүшелерінің құрылысы арқылы ерекшеленді?
A. Көздерімен.
B. Жұптасып орналасқан жүзу қанаттарымен.
C. Желбезек қақпақшасымен.
D. Жақтарымен
E. Дара жүзбеқанаттарымен.

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі
Сүйекті балықтар денесі қабыршақпен қапталған, қабыршақтары және қаңқасы сүйектен түзілген, желбезек қақпалары бар омыртқа жоталы жануарлар. Сүйекті балықтар алғаш суда өмір сүрген омыртқа жоталы жануарлар.

ҮІІ. Бағалау кезеңі ( жетон арқылы )
Әр оқушының жетонын есептеп орташа балл шығарады.

ҮІІ. Үй тапсырмасын беру кезеңі
§52. Сүйекті балықтар класы. Жалпы сипаттама
«Бекіре» тақырыбында реферат жазып келу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
34 300
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Биология пәнінен тест жинақтары. Балықтар класы
Сүйекті балықтардың қабыршақтарының сызықтарына қарап нені айыруға болады? - Балықтың жасын
Cүйекті балықтар класы
Cүйекті балықтар класы
Сүйекті балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, теңіздерде және тұщы суларда тіршілік етеді. Тіршілік жағдайларына қарай балықтардың сыртқы пішіні де алуан түрлі болып келеді. Барлық балықтардың 99% (20 мың түр) осы сүйекті балықтар Құйрық қанаты
Сүйекті балықтар класы
Сүйекті балықтар класы
Атырау қаласы, Балықшы поселкесі, Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Ахмедьярова Курмангул
Сүйекті балықтар класына жалпы сипаттама
Сүйекті балықтар класына жалпы сипаттама
Қызыорда олысы, Қазалы ауданы Ақсуат ауылы №100 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Тілеген Қаракөз
Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама
Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған мектебінің биология пән мұғалімі Құдасбаева Гүлназия
Балықтар жоғары класы
Балықтар жоғары класы
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің география, биология пәндерінің мұғалімі Алданазарова Камила Алданазаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×